Күнделікті серуен кезінде балалар ауа райына жүргізетін бақылауларын жалғастыра береді, ауа райы мен адамдардың киімі арасындағы байланысты анықтайды.
1.6. Ересек топ балаларын табиғатпен таныстыру
Өлі және тірі табиғаттағы көктемгі құыбылыстарға жүйелі бақылау жүргізу. Табиғат күнтізбесінде кейбір құбылыстарды белгілеу. Балаларды табиғатта өзгерістердің болуы мен олардың өзара байланыстылығындағы реттілікті анықтауға бағыттау. Жинақталған түсініктерді қорытындылау.
Балаларды адамдардың егістіктерде, бақтарда, парктерде өсімдіктер өсіру және оларды күту жөніндегі егіске даярлауын, тұқым себуге әзірлеуін ұйымдастырады.