Маркетингті басқару процесінің құрамына кіретіндер:
нарық мүмкіншіліктерін талдау;
арнайы нарықтарды таңдау;
маркетинг кешенін дайындау;
маркетингілік шараларды жүзеге асыру.
Маркетинг қызметінің алғашқы формасы (баға саясаты мен жарнама) ақшалай-тауарлық қатынастың қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезінде пайда болды. Тауарлар жарнамасы туралы мәліметті Шумердің, ежелгі Мысырдың, ежелгі Месопотамия мемлекеттерінің тарихи құжаттарынан кездестіруге болады.
Мәселен, 1650 жылы «Минуи» сауда фирмасының бір қызметкері Токиода әмбебап дүкенге ұқсас дүкен ашады. Бұл дүкенде алғаш рет әр түрлі тауарлардың сұранысы мен ұсынысы, өтімді тауарлардың өндірісіне тапсырыс туралы ақпараттарды топтастыру, сатып алушының тауарды қайтып беруіне әрі өз ақшасын қайтарып алуына мүмкіндік беретін кепілдікті мерзімді болуы, жарнама секілді бірқатар маркетингтің негізгі принциптері пайдаланылады.
Нарық мүмкіншіліктерін ашу және бағалау процесі көптеген жаңа ойлар туғызады. Фирманың мақсаты осы жақсы идеялардың тәуірлерінен өз мақсаттары мен қорларына сәйкестерінің тәуірін тандап алу болады. "Элен Кертис" бірқатар нарықтық мүмкіншіліктерді бағалап, солардың ішіндегі сүйкімдісі - "бас ауруын жазатын дәрілер" нарқы деп шешкен болсын.
Маркетинг кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде өнеркәсіпте 50-ші жылдары кеңінен тарағаны мәлім. Банк саласына ол 60-шы жылдары банк қызметін еңбек жемісін сақтайтын әрі белгілі бір қызмет көрсетулерге деген қажеттіліктерді қанағаттандыратын сала ретінде әйгілеген жарнама компаниясынан кейін ене бастады.
1970-ші жылдары маркетингтің маңыздылығын бағалаған банктер өздерін және өз қызметтерін жарнамалай бастады. Бұл уақытты жекелеген банк қызметінің маркетингісі пайда болды.
Кейінгі 80-ші жылдар банк маркетингісінің коммерциялық банктерді басқарудың тұтас жүйесі ретінде ресімделуімен сипатталады. Бүгінгі таңда банктер маркетингтің әдістері мен тәсілдерін пайдаланып жүр.