Тақырыбы: Бастауыш мектепте шет тілі сабағын ұйымдастыру. Сұрақтар



бет1/7
Дата06.01.2022
өлшемі27,54 Kb.
#13034
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тақырып - 30


Тақырыбы: Бастауыш мектепте шет тілі сабағын ұйымдастыру.

Сұрақтар:

1.Бастауыш сыныпта шет тілі сабағын ұйымдастырудың өзектілігі

2. Сабаққа қойылатын талаптар (Күнтізбелік-тақырыптық жоспарға қойылатын талаптар)
1.Бастауыш сыныпта шет тілі сабағын ұйымдастырудың өзектілігі

XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.Ұрпағы білімді халықтың болашағы жарқын дегендей,жас ұрпаққа саналы,мән - мағыналы,өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы.

Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым – қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің қазіргі кездегі міндетіміз.Ағылшын тілін тереңдетіп,жан-жақты оқытуды қоғам қажет етіп отыр.Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып,әлемдік өркениеттің жаму жолына түсүі, ағылшын тілін жетік меңгеруді талап етеді.

Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым – қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлесуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазіргі ағылшын тілін білу – уақыт талабы.

Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәденитаралық қарым- қатынастардың аса  маңызды құралы болып табылады.Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде  ағылшын тілі сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.

Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту-басты мәселе. Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі. Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін пәнге деген ынтасын әуестігін арттыру керек.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:


  • Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

  • Сабақты түрлендіріп өткізу;

  • Сабақта оқушылар өздері жасаған постер, суреттер, схемаларды пайдалану;

  • Техникалық құралдарды тиімді пайдалану;

  • Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету;

Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім-біліктілік танымдық, коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор.

Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:



  • Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;

  • Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;

  • Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет