Тақырыбы: Бастауыш мектепте шет тілі сабағын ұйымдастыру. Сұрақтар


Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға қойылатын талаптар



бет5/7
Дата06.01.2022
өлшемі27,54 Kb.
#13034
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

1. Оқушылардың танымдық ойлау және қиялдау қабілеттерінің белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету шараларын анықтау:

- оқушылардың оқылатын объектілері мен құбылыстарды саналы қабылдау және оларды ұғыну жолдарын жоспарлау;

- сендіру, көндіру тәсілдерін қолдану;

- оқушылардың материалды қабылдауын және олардың зейінін тұрақты ұстау шарттарын жоспарлау;

- оқушылардың жадында алдында игерген білімдерін, біліктіліктерін және дағдыларын өзектілендіру үшін жаңа материалды қабылдау қажет (әңгіме, жеке сұрау, қайталау бойынша жаттығулар сияқты) жұмыстың әртүрлі формаларын қолдану;

 Жаңа білімдерді және біліктіліктерді қалыптастыру үрдісінде, ойлау және қиялдау әрекеттерін ұйымдастыру:

- оқушылар білімдері мен біліктіліктерінің қалыптасу деңгейін (ұғымдарды нақты елестетіп түсіну, бейнелерді жалпылау, «жаңалық ашу», қорытындыларды тұжырымдау деңгейінде) анықтау;

- оқушылардың ойлау және қиялдау әрекеттерін, жаңа бейнелерді елестету және түсіну деңгейлерін ұйымдастырғанда ұғымдарды қалыптастырудың психологиялық заңдылықтарына сүйену;

- оқушылардың өздігінен ойлау қабілетін жүзеге асыратын және белсенділігін қамтамасыз ететін жұмыстың түрі мен тәсілін жоспарлау (проблемалы жағдайларды жасау, іздеу немесе танымдық жұмыстарды жүргізу, тапсырмаларды күрделендіру);

- түсіну деңгейін арттыру (сипаттамалықтан бастап салыстырмалыға, түсіндірмеліктен – жалпыламалыққа, бағалауға, мәселелікке) және әңгімелесу, сөйлесу, ойқорыту, пайымдау қабілеттерін қалыптастыру;

- оқушылардың шығармашылық жұмыстарының әрүрлі

- формаларын қолдану (жұмыстың мақсатын, оны өңдеуді түсіндіру);
Оқушылардың жастық ерекшеліктерін ескеру:

- сабақты оқушылардың жеке дербестік және жас

- ерекшеліктеріне сәйкес жоспарлау;

- сабақты нашар және жақсы оқитын оқушыларды ескере отырып жүргізу; сараланған әдістерді қолдану.



Жұмыстың нәтижесін бекіту:

- тапсырмалар арқылы дағдыларды қалыптастыру;

- алдында игерілген дағдылары мен біліктіліктерін жұмыстың жаңа жағдайында қолдануға үйрету, ойланбай ауыстырудан ескерту;

Оқушылардың ұйымшылдығы, жинақылығы:

- оқушылардың оқуға деген көзқарасы, олардың өзін-өзі ұйымдастыру және ақыл-ой дамуының деңгейі;

- оқушылардың оқуды қабылдау қабілетінің деңгейі бойынша топтастыру мүмкіндігі, сабақта жұмыстың жеке, топтық және жаппай формаларын анықтағанда, осы жағдайларды ескеру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет