Абылай:Дұрыс айтасың Айдана,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Айдана: Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз! Айбатыр:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді, Бар асылын бізге жиып , мол береді. Қанатымен су себелеп асыл жан, Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді. Диана:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты, Жирендік , ажыраттық жамандықты. Жалғастырар ақ жолың сенің салған, Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты. Артем: Жарық күннен жылы жүзің елестер, Құлағымда өзің берген кеңестер. Жанарымда алыс тартқан қара жол, Көз жұмсам да көре тұғын белестер. Ғажайып:Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай , Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай? Мейірлене қарап қойып біздерге, Күн астынан сабақ беріп тұрғандай Амиль: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,, Басталған ақ батаңнан жас талабым. Ұғындым ұлылықтың, даналықтың, Ұстаздың ұлағатынан басталарын. Ерсұлтан: Мұғалім ұстазысың балалардың, Болашақ ғалымдардың , даналардың . Өмірде сенің алар орыныңа , Бірі де жеткізе алмас бағалардың. Әділет: Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған, Шықпаушы едік бір елі айналаңнан. Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе? Жан дүниесін баланың жаулап алған. .