Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден, Мың алғысмына отты жүректерден! Ән: «Ұстаз ана» Орындайтын: А. Ибраһим, Ақерке, Әділжан, Алтын, Райымбек Айдана: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік. Абылай: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз. Айдана: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды. Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа ! Е.Ибраһим: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз. Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз. Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде, Қайталап атымызды сұрасқанбыз. Алихан: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік, Ақылға келе алмадық ерте көніп. Бойымыз бірте- бірте үйренісіп. Мектептің ережесін үйрендік кеп. Әділжан: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым, «А»әрпін алғаш сеннен бастадым. Ұстазым естен кетпес мәңгілікке, Мейіріммен жауырынымнан қаққаның. Ильдар:Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз, Бір мектептің ұлы менен қызымыз. Бірдей өстік оқуда да еңбекте, Күліп – ойнап біріміз бен біріміз. Диляра:Бастауышым- бал бұлағым , Алдым сеннен балдың дәмін. Әріп танып, білім алып Рахметімді жаудырамын. Әбілхайыр :Өтті сенде қызық шағым, Бастауышым- бал бұлағым. Қоштасар күн жетті міне, Қимастықпен қол бұлғаймын. Диана:Анашымдай сыр шерткен, Ақыл- білім үйреткен. Ана тілін оқыдық , Ерекше зор құрметпен. Ана тілін сүйеміз, Құрметпен бас иеміз. Ана тілмен қоштасамыз, Әдебиетпен достасамыз. Алтын: Ойланып есеп шығартып, Төрт таңбаны білдірген. Ғылымдардың патшасы, Математика данасы Амиль: Қазақ тілі пәнінен, Білім алды балалар. Сөйлемді, сөз таптарын, Етістіктің шақтарын, Жалғаулар мен жұрнақтар. Ережесін жаттадым. 5-шіге барған соң, Мира апай бағалар. Ерсұлтан: Ой жіберсең бәріне , Дүниетану пәніне. Өмір сырын үйретер, Пәннің жақсы бірі де. Жер байлығы көп екен, Игеруді қалайды. Осының бәрін білдірген , Дүниетану сабағы.
Әділет:Үйренеміз жалықпай, Ағылшын тілін шарықтай. Тіл сындырып,ән айтып, Шаттанамыз қалықтай, Балжанапай тәлімі Сәулелісін шашқан жарықтай. ӘН: «Бастауыш- балбұлағым» Абылай: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. Айдана :Ыстық- ау кім- кімге де әке деген, Суыққа шалындырмай, мәпелеген. Өмірдің соқпағымен өрге тартып, Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау. Абылай:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген, Аумайсың жарығы мол ашық күннен. Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін. Ақылды балаларың оны білген. Абылай:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін! Айдана: Иә, дұрыс айтасың Абылай. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе? Е. Ибраһим:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың, Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың. Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың, Мәпелеген баласын,аман болсын анашым! Райымбек:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын, Болармын күні ертең- ақ мақтанышың. Білім алып, тер төгем , еңбек етем, Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! Би: ВАльс Айдана: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де, Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін, Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз! Ұстаз тілегі: Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне, Сенімдердің айналыңдар серперіне. Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін, Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе. Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен, Аластайтын жаныңды күз көңілден. Мен сендерге мәңгілік тілекшімін, Тілек тілеп тұратын іздеріңнен. Мектеп директорының құттықтау сөзі Марапаттау рәсімі Концерттік нөмірлер: 1. Ұлдар хоры: Ән Б.Бисенова «Тұлпарым» 2. Би: «Сарыжайлау» 3. Көрніс «Кітаптар мұңы» 4. Күй : « Кеңес» Күзембаев М. 5. Би: «Қаражорға» 6. Қыздар хоры: Ән:Б. Бисенова «Әже» Қорытынды сөз Ән: Б.Бисенова. «Ең соңғы қоңырау»