Тақырыбы: Білім беру жүйесі



бет1/3
Дата11.06.2023
өлшемі101,75 Kb.
#100477
  1   2   3
Байланысты:
bіlіm-beru-zhүyesі


Тақырыбы:Білім беру жүйесі
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті
Дайындаған:Балқашбай Д.Б
Тексерген:Мамбеталина А.А.
  • Білімнің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір мектеп реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалмен жүреді.
  • Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" — деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді.
  • И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім , іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, әмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі".
  • Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек.

Білім  мазмұны сатылары:
Бірінші саты - бастауыш мектеп. Бұл сатыдағы білім мазмұны дүниені тұтас қабылдауды қамтамасыз ететін білім салаларымен интегративтік курстармен анықталады.
Екінші саты - негізгі мектеп. Бұл мектепке арналған білім мазмұны орта (толық) жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде оқытуды жалғастыруға негіз болып, өздігінен білім алуға жағдай жасайды. Білімнің екінші сатысына бес жыл (5-9 сыныптар) бөлінген. Осы сатыда бастауыш сатыдағы білімдерін жалғастырып отырған 5-6 сынып оқушыларынаберілетін білім мазмұны бастауыш мектептегі білім мазмұнымен тығыз байланысты болады.
Жоғары сатыда( 10-11) негізгі мектептің барлық пәндері бойынша жалпы білімдік дайындық аяқталады. Енді оқушының бір білімдік бағытты саналы түрде таңдауына жағдай жасалып, базистік жоспардағы міндетті емес бөліктер оқушының жекелеген білім салаларын тереңдетіп оқуы үшін және зерттеу-ізденіс сипатындағы жұмыстарды жүргізуі үшін қолданылады.
Білім мазмұнының түрлері:
• күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;
• көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;
• болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;
• белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;
• ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;
• әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.
Білім беру мазмұнының және жеке тұлғаның негізгі мәдениетінің барлық бөліктері бір-бірімен байланысты. Білімсіз іскерлік болмайды, шығармашылық іс-әрекет белгілі бір білім және іскерліктерге сүйеніп атқарылады, мотивсіз, сезім, ерік-жігерсіз оқыту дұрыс жүрмейді
Білім құрылымы төрт бөліктен тұрады:
білім жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі элемент, болмысты тану,
табиғат,
қоғам және ой заңдарын ашу нәтижесі,
әлеуметтік-тарихи тәжірибе процесінде адамдардың жыйнаған тәжірибесі
Нормативтік құжаттар :
Президент жолдаулары;
Білім беру бағдарламасы;
Нормативтік құқықтық құжаттары;
Педагогикалық заңдылықтар мен түсіндірме сөздіктер;
Білім беру стандарты: 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет