Тақырыбы:Бірлескен және топтық жұмыс Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі
Тақырыбы: Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі
« Ынтымақтастық » және « бірлескен оқу » дегеніміз не? Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, атап көрсетілетін,адамдардың жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ пен жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген Бірлескен оқудың мәні Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы білім алады. Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай :
1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады. 2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді. 3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.
Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады : Әлеуметтік • Тәжірибемен және идеялармен алмасу ; • Мәселені бірлесіп шешудің амалын табу; • Барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу Танымдық • Жұмыстың баламалы амалдары туралы идеяларды ұсыну және пікір алмасу ; • Маңызды дағдыларды және түсініктерді дамыту Эмоционалдық • Топтың жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйену ; • Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету.
Топтағы бірлескен жұмыс жүргізу себептері Жеке қажеттіліктер Тапсырманы орындау Команданы құру * Т апсырманы анықтау ; * Жоспар құру ; * Жұмысты және ресурстарды бөлісу ; * Жұмыстың сапасын және қарқынын бақылау ; * Жоспарға сәйкес орындалуын тексеру ; * Жоспар түзету. * Стандартты орнату ; * Тәртіп сақтау ; * Командалық рухты дамыту ; * Ынталандыру мақсаттылық дамыту ; * Рөлдерді бөлісу, топ ішіндегі қарым – қатынасты дамыту *Жеке проблемаларға назар аудару ; *Топ мүшелерінің пікірін бағалау ; *Топ мүшелерін оқыту және оларға көмектесу ; *Топ мүшелерінің қабілеттерін тану және ашу.
Топтарда қалай жұмыс істеуге болады ? Топтық жұмыстан барынша көп басымдылық алу үшін, мұғалімдер мен оқушылар барлығынан хабардар болуы қажет және бақылау мен қарым-қатынас жасау барысында жеке тұлғалық дағдыларын дамытып, өз ойларын білдіріп және басқаларға қолдау көрсету өте маңызды Қарым-қатынас : жазбаша және ауызша әңгімелесу, тыңдау, ым мен қимылды пайдалану Өзін-өзі таныту : үстемдік танытпай, топтағы жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі сенімді болу Басқаларды қолдау : топтың қызметіне үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді қатысу үшін шиеленіскен жағдайларды шешу Басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу. Топтың басқа мүшелеріне қарым-қатынас барысында ықылас таныту. Топтық жұмыс барысында дамыйтын дағдылар.
Топта жұмыс істеу ережелері Топты құру Топтық жоспарлау Жоспарды жүзеге асыру Қызметті жүзеге асыру Топ жұмысын бағалау • Топтың құрамына кім кіреді ? • Сіздің жеке артықшылығыңыз неде ? • Оларды қаншалықты ұтымды пайдалануға болады ? •Топ қалай бірлесіп жұмыс атқарады ? •Не істеу қажет ? • Сізге жұмысты орындауға қанша уақыт қажет ? • Жұмыс топ ішінде қалай бөлінеді ? • Жұмыс істеу барысында топ ішіндегі қарым - қатынас қалай жүзеге асырылатын болады ? •Топ мүшелері бір - біріне қалай көмектеседі ? • Бір-бірінің жұмысын қалай талқылар едіңіз ? • Жұмыстың барысы қалай бақыланады • Соңғы өнім қандай нысанда жасалады ? • Жобаны орындау барысын түрлі дағдылар түрлі тапсырмаларға сәйкес келе ме ? • Сізге жұмыстың қай түрі үшін баға беріледі ? • Топтық ынтымақтастықтың болғандығының ж еткілікті дәлелі бар ма ? • Сіздер команда ретінде қаншалықты ұтымды жұмыс істедіңіздер ? • Сіздер бір-бірлеріңізге Қаншалықты көмек көрсеттіңіздер ? • Топта жұмыстың қ андай негізгі аспектілері Ұтымды орындалды ? •Не орындалмады ? • Одан қандай сабақ алуға болады ?
Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет ? Шағын топтар : •4-6 оқушыдан тұратын топ топтық жұмыстың көптеген түрлерінде және топта бір оқушының үстемділігін әлсірету үшін тиімді. •Топ мүшелерінің кейбіреулері үшін аз жұмыс істеуге көп мүмкіндік береді. • Тыныш, салмақты оқушылар жұмысқа аз қатысқысы келуі мүмкін. Жұптарда : • Жұп болып жұмыс істеу жоғары деңгейлі тапсырмаларды берлесе орындауда ( мысалы, шешім қабылдауда, мәселелерді шешуде ) және құрбы-құрдастарын оқыту үшін тиімді. Үлкен топтар : •7-10 оқушыдан құралған үлкен топтар мәселені талқылау барысында көптеген көз - қарастарды қарастыру мақсатында тиімді болуы мүмкін. •Топ мүшелері көп болған сайын ондағы жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау, рөлдер мен арадағы қарым-қатынас және сөз сөйлеу қиындайды.
Тиімді топтық қарым-қатынас дегеніміз не? Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар : • кезекпен сөйлеу ; • белсенді тыңдау ; • сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау ; • ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау ; • өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу ; • ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау ; • көмектесу және көмек сұрау ; • түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну ; • идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау ; • топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу ; • талқылаудың қорытындысын шығару ; • дәйекті айғақтар келтіру.