Тақырыбы: Болашақ мұғалімдердің кәсіби әрекетке психологиялық даярлығын дамыту жолдары Семей, 2016 жыл Мазмұны



бет7/12
Дата06.01.2022
өлшемі74,36 Kb.
#11834
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
0001ad18-37f62c81

Тәрбие жұмысы  –  жеке тұлғаның жан-жақты даму міндетін шешу мақсатында тәрбие ортасын ұйымдастыру мен тәрбиеленушілердің әр түрлі іс-әрекетін басқаруға бағытталған педагогикалық әрекет. Ал оқыту – ол оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға бағытталған тәрбие әрекетінің түрі.

Білім беру мазмұнының проблемасымен айналысатын ғалымдар (В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б.) оқытудың білім мен іскерлік компонеттерінен басқа, адамның оқыту процесінде игеретін шығармашылық әрекет тәжірибесін және қоршаған ортаға деген эмоционалды-бағалы қатынасын жатқызады. Оқыту мен тәрбие жұмысының бірлігінсіз білім беру элементтерін жүзеге асыру мүмкін емес. Біртұтас педагогикалық процесс – ол «тәрбиелеп отырып оқыту» мен «оқыта отырып тәрбиелеу» бірігетін процесс (А.Дистервег).

Оқыту прцесінде ерекше орын алатын оқыту әрекеті мен тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын салыстырып өтейік. Кез келген ұйымдастыру формасы сияқты, оқыту да уақытты, нақты мақсатты, оған жету варианттарын қажет етеді. Оқытудың тиімділігінің маңызды критерийі оқу мақсатына жету болып табылады.

Ал тәрбие жұмысы кез келген ұйымдастыру формасы ретінде нақты мақсатқа жетуді талап етпейді. Тәрбие жұмысында мақсатқа бағытталған нақты міндеттерді алдын-ала көруге болады. Тәрбие міндеттерін шешу тиімділігінің маңызды критерийі эмоция, мінез-құлық, іс-әрекетте көрінетін тәрбиеленушілер санасының өзгеруі.

Оқыту логикасын нақты түрде бағдарламалауға болады, ал тәрбие жұмысында жоспарлауға қоғамға, еңбекке, адамдарға, ғылымға, табиғатқа, заттарға, қоршаған орта құбылыстарына, өз-өзіне қатынасы кіреді. Оқу мақсаты іс-әрекетпен анықталады, яғни оқушының танымдық әрекетін тудырып, бағыттау. Оқыту процесіндегі оқушылар іс-әрекетінің тиімділігінің критерийі – білім мен іскерлікті игеру, танымдық және практикалық міндеттерді шешу тәсілдерін меңгеру, дамудың алға жылжу деңгейі болып табылады. Оқушылар әрекетінің нәтижелері оңай көрініп, сапалық және сандық көрсеткіштермен реттеліне алады.

Тәрбие жұмысында мұны көрсету өте қиын. Дамушы жеке тұлғада педагогтың іс-әрекет нәтижесін көрсету өте қиын. Тәрбие жұмысында уақытымен кері байланысты бекіту мүмкін емес.

Кәсіби іс-әрекеттің негізгі түрлері кез келген мамандықтың педагогының іс-әрекетінде, яғни оның оқыту және тәрбие жұмысында көрінеді. Мысалы, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде өндірістік оқыту мастері іс-әрекетінде екі міндетті шешеді: қазіргі технология талаптарын және еңбекті ұйымдастыра отырып білім, дағды, іскерліктермен қаруландыру, білікті жұмысшыны дайындап шығару. Сондықтан болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мақсаты біртұтас педагогикалық процесті басқаруға даярлауды қалыптастыру болып табылады.

Педагогикалық іс- әрекеттің заңдылықтарын педагогика білімі құрайды. Бірақ, «педагогикалық іс-әрекет заңдылықтары» ұғымын ғалымдар әр түрлі қарастырады. В.В.Краевский педагогикалық іс-әрекетті қоғамдық қызметтің ерекше бір түрі ретінде қарастырады, ал оның заңдылықтары жеке субъектілердің мақсатына қарамастан пайда болатын қажетті байланыстардың мәнін ашады.

Педагогикалық іс-әрекеттің заңдылықтарын анықтауда, бұл тәсіл, айқындалған заңдылықтардың түсіндірілмелі-теориялық қызметін жүзеге асырады. Педагогикалық іс-әрекет заңдылықтары бойынша білім конструктивті-техникалық (нормативті) қызметін атқарады. Бұл жағдайда педагогикалық қызмет және педагогикалық қызметті басқарудағы ұстанымдар мен талаптар заңдылықтардың мазмұны болып табылады. 

Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінде педагогикалық іс- әрекетті қалыптастыруды басқарудың дидактикалық заңдылықтарының жиынтығы арқылы түйін анықталады.

- кәсіби-педагогикалық іс-әрекет нақты педагогикалық мәселелерді шеше алуда жүзеге асқанымен, мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің қалыптасуы бүтін ретінде жүзеге асады;

- кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің функциональды үлгісі оны нақты мақсат қойғанда дара педагогикалық қабілет құрылымына айналатын пайымдалған құрылым ретінде қарастыруға мүмкіндік береді; 

- ортақ пен дара арасындағы сәйкестік ұстанымы нақты педагогикалық іс-әрекетті ерекшелік арқылы ортақтың ішіндегі дара ретінде қарастыруға мүмкіндік береді; 

- педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетін қалыптастыру сәйкестік ұстанымын жүзеге асыруға құрылған бір-бірімен байланысты эвристика және алгоритм жүйесімен басқарылады. Сана қызметін алгоритм тұрғысынан алғанда мәселені шешудің ұтымды жолын қарастыруда жаңа эвристиканы туындатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет