Баптау терезесі -белгілі бір сайманға немес есепке жататын жеңіл командалар мен параметрлері бар терезе.
Алға
Векторлық графика - математикалық түсініктеме негізде құрылған және оның көмегімен сызықты салудың бағыты мен ұзындығының жағдайы берілетін сурет.
Алға
Қалып-күй қатары - қосымшадағы объектінің қасиеті, мысалы, типі, түсі, өлшемі, бояу аймағы бар терезенің төменгі жақ бөлігіндегі аймақ. Қалып-күй қатарында тышқанның ағымдағы орны көрсетіледі.
Қарапайым мәтін -үлкен блоктармен пішімдеуге және өңдеуге болатын мәтін түрі.
Қасиеттер панелі - белсенді аспапқа немесе объектке қатысты командалары бар ауыспалы панель. Мысалы, мәтін енгізу сайманы белсенді болғанда, қасиеттер панелінде мәтін құру және өңдеу қасиеттер панелі көрінеді.
Құжаттар новигаторы -беттер арасында ауысуды және бетті қосуды көрсететін басқару элементтері бар қосымша терезесінің төменгі жақ бөлігі.
Алға
Маска - терезе тектес сол арқылы жасырылатын объектілер бөліктері көрінеді.
Мәзір - белгілі саймандар тобы немесе мәзірдің басқа да элементтері ашылатын батырма.
Мәзір қатары - ашылатын мәзірі бар аймақ.
Алға
Навигатор - төменгі сол бұрыштағы оны басқанда кіші терезе ашылатын, оның көмегімен сурет бойынша қозғалыс жасайтын батырма.
Алға
Объект - сурет элементі, мысалы бейне, фигура, сызық, қисық, символ, мәтін немесе қабат.
Алға
Растрлық бейне - нүктелер торынан тұратын бейне.
Алға
Сурет - CorelDRAW бағдарламасында құрылатын сурет, мысалы иллюстрациялар, логотиптер, плакаттар және жарнамалық проспекттер.
Сурет салу терезесі - сурет салу аймағының сыртындағы қосымшаны басқару элементтері мен айналдыру жолағымен шектелген аймақ.
Сызғыштар - суреттегі объекттердің жағдайы және өлшемін анықтау үшін
Сурет салу беті - сурет салу аймағындағы тіктөртбұрышты аймақ, жұмыс аймағының бұл бөлігін баспаға беруге болады.