1.3 Құрал-саймандар панелі
Corel Draw жоғарыда сипатталған құрал–саймандардан ғана емес, сонымен қатар әртүрлі құрал-саймандар панелінде орналасқан басқада құралдар бар. Стандартты құрал-саймандар панелі және қасиеттер панелі негізгі болып табылады. Олар әдетте стационарлы түрде көрсетілген және экранда әрқашан бейнеленіп тұрады. Стандартты панель көмегімен құжатпен жұмыс жасау жалпы амалдарын орындайды, ал қасиеттер панелінің көмегімен объектілерді жұмыс құралының параметрін беру арқылы өңдеу үрдісінде (процес) қолданылатын [16].
Стандартты панель Стандартты құрал-саймандар панелі құжатта орындалатын танымал амалдарды (құру, ашу, сақтау, баспаға шығару және т.б.) орындайды. Панелдегі көптеген басқару элементтері программадағы негізгі мәзір командаларын көшіреді. Бірақ аналогті командасы жоқ элементтеріде бар [4].
6–суретте стандартты панелдің экранда бейнеленген түрі көрсетілген.
Осы панелдің басқару элементтерінің мағынасын түсіндірейік:
- New (жаңа(новый)) батырмасы, жаңа құжатты қалыптастыру үшін арналған (File (Файл) мәзірінің командасының амалын көшіреді);
- Open (Ашу(открыть)) батырмасы, таңдалынған файлда сақталынған немесе қалыптасқан жаңа құжатты берілген шаблон базасында ашу үшін қолданылады (File (Файл) мәзірінің командасының амалын көшіреді);
- Save (Сақтау(сохранить)) батырмасы, белсенді құжатты бұрынғы параметрімен өзінің файлында сақтауға мүмкіндік береді (File (Файл) мәзірінің командасының амалын көшіреді);
- Print (Баспаға шығару(Печать)) батырмасы, құжатты баспаға шығару үшін қолданылады;
- Cut (қиып алу(вырезать)) батырмасының көмегімен құжаттағы таңдалынған объектіні (ерекшеленген мәтіндік ақпаратты) өшіруге және бір уақытта Windows ауыстыру буферіне орналастырады;
- Copy (Көшіру) батырмасының көмегімен ерекшеленген объектіні және мәтіндік ақпаратты көшіру үшін қолданылады;
- Undo (Болдырмау(Отменить)) батырмасы орындалған амалдардың тізімін алып тастау үшін қолданылады. Соңғы амалды алып тастау үшін солға майысқан бағыт белгісін шерту арқылы орындалады. Батырманың оң жағындағы, қара үшбұрыш белгісін шертсеңіз, сіз алдында орындаған амаладардың тізімі шығады, ол орындалған рет бойынша кері ретте орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |