15. Тақырыбы: Спорт түрлерінің физиологиялық сипаттамасы. 1. Жеңіл атлетиканың физиологиялық негізі, жеңіл атлетикалық жүгіру. Талдағыштар жүйесінің, қимыл аппаратының қуат жұмсалуының сипаттамасы. Тыныс алу және қан айналу, қанның құрамы, жылу түзілуі. Жүгіру кезінде жекелей ұшу кезеңімен кезектесіп отырады. (секіру сериялары). 100 м қашықтыққа жүгіру жоғары, 800-1500 м-ге субмаксималді және 42 және 194 м (марафон) қашықтыққа жүгіру бірқалыпты қуат аймағында орындалады. Тегіс жолмен жүгіргенде орталық жүйке жүйесінде ерекше жүктемелер байқалмайды. Максималді және субмаксималді қуат аймағында анаэробты, ал үлкен және бірқалыпты қуат аймағында аэробты процестер басым болады.
Энергияның жұмсалуы және тыныс алу. 100 м-ге жүгіргенде өкпенің желдеткіші 14-19 тыныс, қалыпты тереңдікте 8 л, оттегінің мұқтаждығы 7-13 л болады. Орта қашықтыққа (800-1500м) жүгіргенде өкпенің желдеткіші 150 л\мин-ке, оттегіні пайдалану 4-5 л\мин-ке жетуі мүмкін.
Тыныштық күйде ұзақ және аса ұзақ қашықтыққа жүгірушілерде қан айналым брадикардиясы байқалады. Жүгірген кезде жүректің соғу жиілігі бі минөтте 170-190 соғ\мин, жылдамдатқанда және сөреге келгенде 200-220 соғ\мин болады. Систолалық қысым 180-220 мм-ге, соғу көлемі 180-200мм-ге, қанның минөттік көлемі 35-40 л-ге дейін артады. Ал дистолдық қысым төмендейді.
Қанда сүт қышқылының көбеюі (200-250 мг\ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру) және лейкоцитоз байқалып, сілтілі қышқыл ph орта төмендейді. Ұзақ және аса ұзақ қашықтыққа жүгіргенде қанның құрамында глюкоза азайып, тердің көп бөлінуі байқалады. Тердің бөлінуіне байланысты дене салмағы 4-5 кг-ға дейін азаяды. Ұзақ қашықтыққа жүгіргенде дененің температурасы көтеріліп, қызу 40 С градусқа жетуі мүмкін.
2. Гимнастика түрлерінің физиологиялық сипаттамасы. Жұмыс сипаты, қимыл құрылымы. Талдағыштар жүйесінің қимыл аппаратының қуат жұмсалуының сипаттамасы. Қалпына келтіру бойынша іс-шаралар. Балмен бағаланатын барлық жаттығулар үшін күш, шапшыңдық және төзімділік қажет болғанмен қимыл үйлестігі басты рөл атқарады. Қалыптасқан элементтерді барлық уақытта қайта құруға тура келеді. Қарқыны бойынша бұл жаттығулар жоғары және соған тете қуатқа жатады.
1) спорттық гимнастика адамның физикалық жан-жақты дамуына мүмкіндік жасайды. Гимнастарда оттегінің барынша қажеттілігі – 4,0 л\мин, оттегіні пайдалануы – 2 л\мин.
2) көркемдік гимнастика жоғары жазықтықта қимыл анықтығын (шеңбер және доппен жаттығулар) сонымен қатар икемділікті талап етеді. Бұл кезде жүректің соғу жиілігі 180-200 соғ\ мин болады.
Спорттың жеке түрлерінде қуат, тәсіл және энергияны жұмсалу үзіліссіз өзгеріп отырады. Бокс – штанга және күрес сияқты барлық салмақ категориясы бойынша өткізіледі. Осыған орай боксшылар мен күресшілер кезең сайын өз салмақтарын кемітеді, кейде бұл өте қысқа уақыт аралығында істелінеді. Бұл көңіл-күйдің нашарлауына және жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне соқтырады.
3. Шаңғы табудың физиологиялық сипаттамасы. Талдағыштар жүйесінің, қимыл аппаратының, қуат жұмсалуының сипаттамасы, жылу өндірілуі. Шаңғы тебу – қозғалыс сипаты бойынша адымдап жүру сияқты. Қозғалыс циклдігі салыстырмалы. 5 және 10км қашықтыққа үлкен, ал 15,30,50 одан да ұзаққа жүгіру бірқалыпты қуат аймағындағы жұмысқа жатады. Шаңғы тебу жалпы және шапшаң төзімділікпен бірге күшті де талап етеді. Бұлшық еттер аэробты және анаэробты жұмыстарға бейімделуі керек. Орталық жүйке жйүесі қозғалыс үйлестілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуі керек. Қозғалыс көру және тепе-теңдік сезім мүшелерінің аса үлкен маңызы бар. Тыныс алу қозғалыс ырғақтылығына бейімделеді. Тыныстың минөттік көлемі 120-150 л\мин болса, оттегіні пайдалану 4-5 л\мин. Оттегінің барынша қажеттілігі әйелдерде 60-75 мл\мин кг болса, ерлерде 75-80 мл\мин кг болады. Тегіс жерде оттегіні пайдалану оның барынша қажеттілігінің 80 –ін, жоғары көтерілгенде 90-95 –ін, төмен түскенде 60-ін құрайды. Шаңғышыларда жүгірушілерге қарағанда оттегінің мұқтаждығы көбірек болады. Себебі көптеген бұлшық ет топтары жұмыс істейді. Оттегінің қарызы, 8-12 л. Қанның құрамындағы сүт қышқылының мөлшері, эритроциттер, лейкоциттер және гемоглобиндер көбейеді. Алмасу өседі. Энергияның жұмсалуы 4000 ккал-ға жетеді. Қозғалыс кезінде жүректің соғу жиілігі 170-180 соғ\мин.
Коньки тебу субмаксималді (500-3000 м қашықтық) және үлкен (5000-10000 м қашықтық) қуат аймағында орындалады. Орталық жүйке жүйесі қозғалыс үйлестігін жақсы қамтамасыз етеді. Бұлшық еттер динамикалық және статикалық тәртіпте жұмыс істейді. Коньки спорты да қозғалыс, тепе-теңдік және көру сезім мүшелеріне жоғары талап қойылады. Тыныстық минөттік көлемі 180 л\мин, оттегіні пайдалану 5 л\мин, жүректің соғу жиілігі 180-200 соғ\мин. Оттегінің қажеттілігі 75-80 мл\мин\кг.
4. Спорттың ойындарының физиологиялық сипаттамасы. Футболдың, волейболдың, баскетболды, теннистің физиологиялық сипаттамасы. Спорт ойындарын физиологиялық сипаттау құбылмалы қуатты жұмысқа жатады. Ойынның арасында барынша жоғары, соған тете және үлкен қуат байқалуы мүмкін. Спорттың бұл түрі үшін шапшаңдықтың, секірудің, жалпы төзімділікпен мәре жылдамдығының үлкен маңызы бар. Ойындардағы негізгі қимылдарды алдын ала түзуге болмайды, әріберіден кейін тәсілдің өзі ойын кезінде өзгеруі ықтимал. Осы кезде ойындар спорттың жекелей түрлеріне жақындайды. Қимыл белсенділігі мен тәсілді қайта құру – ақпаратты тез істеп шығару, жүйке процестерінің ширақтылығын талап етеді. Бұл – сезім мүшелерінің қимыл реакцияларын жақсартып, олардың жасырын уақытын қысқартады. Қимылдық әдеттер әртүрлі болуы керек. Олардың элементтерінен жағдайға сәйкес қимыл актілері қалыптасады. Барлық спорт ойындары аралас типті қимылдық күш қимылымен сипатталады. Спорт ойындары күштің, шапшаңдық, икемділіктің және арнайы төзімділіктің дамуына мүмкіндік жасайды. Көру, есту, кіре - беріс және қозғалыс сезім мүшелеріне жоғары талап қойылады. Сондай-ық құбылмалы қуат пен үзіліс мүмкіндіктері де қалыпқа келу процестеріне үлкен талап қояды. Бірқатар ойындарда жұмыстың үлкен қарқындылығына байланысты ойыншыларды алмастыруға бір минөттік үзіліс беріледі. Бұл кезде жүректің соғу жиілігі қалай өзгерсе, тыныс жүйесі де солай өзгереді. Оттегіні пайдалану 4,0-4,5 л\мин, оттегінің қарызы 7-8 л, қан айналымының минөттік көлемі 20-25 л\мин болады. Тердің бөлінуі байқалады.
5. Коньки тебу спортының физиологиялық сипаттамасы. Талдағыштар жүйесінің, қимыл аппаратының, қуат жұмсалуының сипаттамасы. Конькимен мәнерлеп сырғанау, конькиде жылдам жүгіру, көркемдік гимнастика, акробатика және хореография элементтері сай келеді. Бұларға да қимыл үйлестігі, қозғалыс, көру және тепе-теңдік сезім мүшелерінің жақсы жұмысы қажет. Міндетті бағдарламаны орындағанда энергияны жұмсау мен вегетативті ығысулар аса байқалмайды. Еркін бағдарламаны орындағанда (4,5 мин) вегетативті ығысулар мен энергия жұмсау жоғары болып, олар шегіне жақын көрсеткіштерге жетеді. Соңынан оттегінің қажеттілігі туады.
6. Велосипед тебу спортының физиологиялық сипаттамасы. Талдағыштар жүйесінің, қимыл аппаратының, қуат жұмсалуының сипаттамасы. Велосипед тебу кезінде аяқ бұлшық еттері динамикалық, қол бұлшық еттері статикалық жұмыс атқарады. Еңкейіп отырудың өзі тез шаршатады. Жұмыс 4 қуат аймағында атқарылады. Тас жолда велосипед тебу үлкен және бірқалыпты қуат аймағындағы жұмысқа жатады. Тыныс жиілігі педальдің айналу жылдамдығына байланысты. Қозағылыс, тепе – теңдік, көру сезім мүшелеріне және жүрекке ауырлық өте көп түседі. Жүректің соғу жиілігі жұмысқа байланысты болып, 170-200 соғ\мин-ке жетуі мүмкін. Тыныш күйде бұл көрсеткіш төмендейді. Қанның құрамында эритроциттер мен гемоглобиндер көбейеді. Тердің көп бөлінуі байқалады 1,8 кг-ға дейін салмақ жоғалтады.
Ауырлық көтеру өзіндік – күш қозғалыстарына жатады. Бұлшық еттің зорлануы – көлденең ені мен штанганың салмағына тура пропорциялы.
Қозғалыс үйлестігі туралы негізгі ақпарат қозғалыс сезім мүшелерінен келеді. Диск пен балғаны лақтырғанда тепе-теңдік сезім мүшесінің күйі жақсы сақталады.
Бокс – құбылмалы қуаттағы жылдам орындалатын күштің динамикалық жұмысын көрсетеді. Раундтар арасында үзілістерде қалыпқа келу өтпей тұрып, оттегінің жетіспеу жағдайында жұмыс қайта басталады. Ол күштің дамуына, сергектікке және арнайы төзімділікке мүмкіндік туғызады. Көру және қозғалыс анализаторларына жоғары талап қойылады. Бұл уақытта өкпенің желдеткіші 80-100л\мин, оттегіні пайдалану 4 л\ми, жүректің соғу жиілігі 180-200 соғ\мин-ке дейін жетеді. Нокаут пен нокдаун сананың бұзылуына байланысты.
Күрес – бұл өзіндік күшпен кезектесетін динамикалық жылдам жұмыс. Бұл күшті, шапшаңдықты, икемділікті және арнайы төзімділікті дамытатын спорттың бір түрі болып саналады. Проприорецепторлардың сезімталдығы жоғары. Айқас кезінде тыныс ырғағы тұрақты болмай, күшенгенде тежеледі. Оттегінің барынша қажеттілігі 4,6 л\мин. Жүректің соғу жиілігі 170-200 со\мин-ке жетеді.
Сайысу қимыл үйлестігінің күрделілігімен сипатталады. Бұлшық ет жылдам динамикалық жұмысты орындайды, бірақ денені ұстап тұру статикалық күш салуды қажет етеді. Сайыс кезінде бетіне киген қорғаныс пердесі тыныс алуды едәуір тежейді. Оттегінің барынша қажеттілігі – 4,2 л\мин. Жүректің соғу жиілігі жаттығу кезінде 120-150 соғ\мин болса, жарыс кездерінде 190-195 соғ\мин-ке жетеді. Киім жылу алмасуын қиындатады.