3. Бұлшық ет қызметіне, қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделу және ағзаның қызметтік қорлары. 1.Қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларға бейімделу туралы түсінік. Ұзақ бейімделудің түрлері. Бейімделудің жеке түрлері. Ұзақ бейімделу және құрылымды жүйелі іздің қалыптасуы. Бейімделу дегеніміз – ішкі және сыртқы факторларға ағза реакциясының қалыптасуы немесе жауап беруі.
Стандартты ұзақ жұмыстың орындалуы кезінде жүрек-тамыр жүйесі әрекетінің өлшемдерінде біртіндемелі өзгерістер жүреді. Оның ішіндегі негізгілері мыналар: 1\ Жүректің соғу жиілігінің қанның минөттік көлемінің өзгеруінсіз біртіндеп және үздіксіз жоғарылауы; 2\ Жүректің соғу көлемінің үздіксіз кемуі; 3\ Қан қысымының прогрессивті құлдырауы. Бұдан басқа, біртіндеп оттегінің қолданылуы және оттегі бойынша салыстырмалы – көктамырлық айырмашылық ұлғаяды. Жұмыстың алғашқы минөттерінде айналымдағы қанның көлемі 5-10%-ке кемиді, бірақ ұзақ жұмыстың басқа уақытында ол өзгермейді. Бұдан шығатын, ұзақ уақыт жұмыс бойғы негізгі өзгерістер айналымдағы қан көлемінің кемуіне қатыссыз жүреді.
Ортаның жоғары температурасы жағдайында ұзақ жеңіл жұмыс жүрек соғу жиілігінің жоғарылауына және жүректің соғу минөттік көлемінің екі-үш л мин-қа біртіндеп ұлғаюымен жүреді. Тыныштық күйде адамның ыстық ортада болуы тері қан – ағымын 7,8 л мин\ке дейін барынша жоғарылата алады. Тері тамырлы аймағының соншалықты үлкен сыйымдылығын ескерсек, ортаның жоғары температурасы жағдайында тері аймағының сәйкес вазоконстрикциясы жүретіндігі анық.
Бейімделу кезеңі тұсында жүректің соғу жиілігіндегі және тері температурасы арасындағы өзгерістер тығыз байланыста болады: дене температурасының күннен-күнге біртіндеп төмендеуі жүректің соғу жиілігінің төмендеуімен және жүректің соғу көлемінің ұлғаюымен жүреді.
Қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайында жұмыс кезіндегі жүрек-тамыр жүйесі әрекетіндегі біршама айқын өзгерістер жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерден келетін рефлекторлы әсерлердің және термореттегішті рефлекторлы әсерлердің жинағын көрсетеді. Бұдан басқа, қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайындағы жұмыс кезінде салатамырлық қысымның төмендеуі барорефлекстердің қосымша әсерлерін тудыру мүмкін.
2. Ағзаның қызметтік қорлары және олардың жіктелуі. Дене жүктемелеріне жедел және ұзақ уақыт бейімделуі және ағзаның қызметтік қорларының іске қосылуы. Ағза резервтері – ағзаның жетілуімен өсіп, қартайған кезде төмендейді. Олар спорттық жаттығу процесінде артады.
Адам денсаулығын нығайту үшін, қызметтің барлық түрінің өнімділігін арттырып, соның ішінде спорттық нәтижелердің деңгейін көтеру үшін, ағзаның потенциалды мүмкіншілігін білу қажет. Физикалық жаттығулар физиологиясының маңызды міндеті ағза физиологиясын терең үйреніп, адам игілігіне пайдалану болып табылады.
Физиологиялық резервтерді қосу ішкі секреция бездері қызметінің шартсыз және шартты рефлекстер механизмдерінің белсегділігімен өтеді. Спорттық жаттығу процесінде нейрогуморальді механизмдер жүйесінің физиологиялық резервтерінің қосылуы қалыптасады. Бұл кезде олардың жұмылдырылуы баяу өтеді. Физиологиялық резервтердің механизмін жедел жұмылдырғанда, олардың қосылуы сезім – билеу болып саналады. Төзімділіктің көп механизмдерінің көмегімен артуы мүмкін. Оны құрайтын физиологиялық резервтер: 1\ гомеостатикалық жүйе қуатының шегі; 2\ ағзадағы энергетикалық заттардың қоры және оны пайдалану мүмкіндіктері; 3\ ағзаның аэробты және анаэробты қуаттылығының өрісі; 4\ ішкі секреция бездері қызметі деңгейінің өрісі.
Физиологиялық резервтер жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді. Алғашқысы физикалық сапа қызметінің барлық түрлері арқылы өтеді. Екіншісі – арнайы дағдылану арқылы \спорттың түріне байланысты\ өтетін төзімділік пен шапшаңдық және күш.
3. Бейімделудің негізгі қызметті тиімділігі, үнемдеп іске қосу, қорлардың мүмкіндіктерін жоғарылату, қалпына келтіру, тұрақтылық, қызметтердің сенімділігі. Бейімделу өзгерістерінің қайтымдылығы. Бейімделу кезеңі тұсында жүректің соғу жиілігіндегі және тері температурасы арасындағы өзгерістер тығыз байланыста болады: дене температурасының күннен-күнге біртіндеп төмендеуі жүректің соғу жиілігінің төмендеуімен және жүректің соғу көлемінің ұлғаюымен жүреді.
Қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайында жұмыс кезіндегі жүрек-тамыр жүйесі әрекетіндегі біршама айқын өзгерістер жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерден келетін рефлекторлы әсерлердің және термореттегішті рефлекторлы әсерлердің жинағын көрсетеді. Бұдан басқа, қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайындағы жұмыс кезінде салатамырлық қысымның төмендеуі барорефлекстердің қосымша әсерлерін тудыру мүмкін.
4. Дене жүктемелерінде жедел және ұзақ уақыт бейімделудің сапасы және тиімділігін физиологиялық бағалаудың ұстанымдары. Ұзақ уақыт жұмыс кезіндегі жүрек – тамыр жүйелері өлшемдерінің өзгерістері өз орнығуы бойынша орталық немесе шеткі шығу тегін ала алады. Жүрек бұлшық еттерінің шаршауы механикалы соғу ұзақтығының ұлғаюымен, ұзақ уақыт жұмыс соңына қарай соғу жиілігінің өсуіне қарамай, жүректің көлемінің ұлғаюымен айқындалады.
Субмаксималді орындау кезінде жылу бөлуді ұлғайту үшін күшті тері қан ағынымен қажет ететің жылу өнімінің күшеюі жүреді. Сондықтан, жұмыстың бас кезінде байқала алатын тері вазоконстрикциясы, оның жалғасуы дененің температурасы жоғарылауымен жойылады және вазодилатациямен алмасады. Бұндай жағдайда басқа белсенді емес аймақтардың вазоконстрикциясы негізінде біртіндеп күшейетін тері вазодилатациясы жалпы шеткі тері кедергісінің прогрессивті кемуіне әкеп соғады.
Сонымен ұзақ уақыт бойы ауыр жұмыс кезіндегі жүрек – тамыр жүйесі әрекетіндегі өзгерістер, бірінші ретте дене температурасының жоғарылауы арқасында жүретін жылу реттегішті өзгерістермен байланысқан. Әсіресе, ауыр жұмыс ауаның жоғары температурасы кезінде жүргізілетін болса, жүрек-тамыр жүйесіне жоғары талаптар қойылады. Бұл жағдайда осы жүйе бір уақытта бұлшық ет әрекетінің жоғары метаболиттік және күшейтілген жылу беру сұраныстарын қанағаттандыру қажет. Бұл екі мәселе – бұлшық ет және тері екі үлкен тамырлы аймақтарда, олардың қанның минөттік көлеміне деген таласын тудыра отырып, біруақыттық вазлодилатациясын талап етеді.