Тақырыбы: «Дені сау ұрпақ -ертеңгі елдің жалғасы»



Дата22.09.2023
өлшемі15,08 Kb.
#109741
Байланысты:
«Дені сау ұрпақ -ертеңгі елдің жалғасы»


Тақырыбы: «Дені сау ұрпақ -ертеңгі елдің жалғасы»

Қазіргі уақытта қоғамның негізгі өзекті мәселесі болып: адамның салауатты өмір салтын қалыптастыруы, өз кезегінде, адамның өзін жақсы сезінуін ғана емес, сонымен қатар ұлттың да сауығуына септігін тигізуі жатады. Қазақстан Республикасында Салауатты өмір салтын құру саясаты Қазақстан 2030 концептуалды дамуының басым бағыты болып табылады. Жастар арасында салауатты өмір салтына, СПИД –ін алдын алу, нашақорлық, шылым шегу, олармен күресті белсенді жүргізу, жастар арасында насихаттауды ұйымдастыру, спорт түрлерінің дамуға көңіл бөлінеді. 
Мақсаты:
білімділік: оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, олардың зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыру, шылым шегу, нашақорлық, СПИД тәрізді аурулар туралы ой қозғау, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру;
дамытушылық: оқушылардың жеке басының гигеналық тазалығын сақтауын қалыптастыру, зиянды заттың ағзаға тигізетін әсерін, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту;
тәрбиелік: оқушыларды өз денсаулықтарын сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу
Қолданылған көрнекіліктер: интерактивті тақта, плакатар, сөзжұмбақтар, төсбелгі, газет көрмесі, бүктемелер жинағы, денсаулық жайлы нақыл сөздер мен мақал – мәтел;
Д- Дұрыс дем алу
Е- Ерінбеу керек
Н- Ниеттену
С- Спортпен айналысу
А- Ағзаны шынықтыру
У- Уақытты дұрыс ұйымдастыру
Л- Лайықты өмірсүру
Ы- Ынта – ықылас алға жетелейді
Қ- Қозғалыс ағзаны шынықтырады
Барысы
1- жүргізуші
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата — аналар! Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбындағы «Сиқырлы қазан » сайысына хош келдіңіздер!
2- жүргізуші
Армысыздар,
Болашақтың бастауы
Балғын шақта балалар!
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер!- дей отырып, сахна ортасына сайысқа қатысатын үш топты қошеметпен шақырайық.
Сайысқа қатысушы топпен таныстырайық.
1) «Салауат» тобы
2) «Тазалық» тобы
3) «Денсаулық » тобы.
1- жүргізуші
Төрелігін айтатын
Әділ баға беретін,
Әділқазы алқасын
Шақырайық ортаға
(Әділқазылар алқасы шақырылады.)
2- жүргізуші
Денің сау, ғұмыр жасың болар ұзақ,
Ауруға төрт нәрсемен құрсақ тұзақ.
Жылы сөз, жеңіл тамақ, жылы әуен,
Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ.
Сайысымыздың шартымен таныстырайық.
1) «Сәлем берем халқыма » (Топ атымен таныстыру)
2) «Кім көп біледі?» ( мақал мәтел жалғасын табу)
3) «Кім тапқыр?» (жұмбақ шешу)
4) «Ол кім? Ол не?» (танымдық ойын)
5) «Көрініс»
6) «Өз өнерін көрсету»
7) «Жағдаятты талқылау»
8) «Жұмбақ кейіпкер» өкінішіне жауап адамгершілік тұрғыдан жауабы
1- жүргізуші
Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын,
Қосатұғын күрең атын, боз атын,
Басталады бүгінгі сайысымыз,
Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатын. Біздің I бөліміміз «Сәлем берем халқыма » деп аталады, яғни әр топ өз топтарымен таныстыра
(Топ атымен таныстырады.)
I топ Ұраны: Біз салауатты өмір сүреміз!
1- оқушы:
Төсбелгі:
Салауаттылық сергекте,
Таза жүру өмірде,
Адамзаттық келбетке,
Дақ түсірмеу тегінде.
Салауатты салтты ұғып,
Таңда жолдың дұрысын,
Спортпенен жаттығып,
Жаз денеңнің құрысын.
(Газет қорғалады)
Бардығы: «Салауат»
2- оқушы:
Іс- әрекет, жақсы әдет,
Игеріңдер әрбірің,
Оған мінез қосылса,
Гүлденеді тағдырың.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу,
Сақтанып өз - өзіңе ие болғын,
Салауатты ақылмен істе жұмыс
Барлығы: « Біз салауатты өмір сүреміз!»
II топ «Тазалық»
Ұраны: «Тәні саудың жаны сау»
3- оқушы
Төсбелгі аспан бейнелі, көк түсті, ортасында медициналық көмек көрсету белгісі, яғни адам әрқашанда өз денсаулығын сақтап отыру қажет. Ақ халат киген жандар бейнесі.
(Газет қорғалады.)
Барлығы: «Тазалық»
4- оқушы
Тазалықты табиғаттан ала берген секілді,
Тазалықты, даналықты дала берген секілді,
Тазалықты, еркелікті желден алған секілді,
Тазалықты көгілдір көлден алған секілді.
III топ «Денсаулық»
Ұраны: «Бар байлығым - денсаулық,
Бар өмірім - денсаулық»
5- оқушы
Төсбелгі жасыл түсті көк шөп, табиғат бейнесі. Өмірде бірінші орында ақыл иесі адам болғандықтан адам бейнесін алдық. Адам- тіршілікті игеруші және құрушы. Сондықтан адам денсаулығын асқтау керек.
(Газет қорғалады)
Барлығы:
Денсаулық.
Денсаулық- ол шыныққан
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық — ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі
Денсаулық- ол келуің
Көңіл күйдің жадырай
Денсаулық- ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
2- жүргізуші II бөліміміз «Кім көп біледі?» деп аталады.
Ұлылардың ұрпағымыз кешегі,
Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі.
«Кім көп біледі?» сайысына қатысып,
Жалғасы мен жауабын кім шешеді.
Бұл бөлімде мақал – мәтел жалғасын табау керек.
(Үш топ мақал – мәтел жалғасын табады)
Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәң­гілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздік­тің арқасында қол жеткіздік. Тә­уелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Мемлекет тәуелсіздігі кезеңінде Қазақстан демократиялық мемлекет негіздерін құру үшін кең ауқымды сая­си, экономикалық және әлеуметтік рефор­маларды жүзеге асыруда ай­тарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді. Бұл ретте мемлекет саясатының бас­ты артықшылығы – денсаулық сақ­тауды дамыту.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет