Тақырыбы: Дәстүрлі емес сабақтар


Мұғалімнің сабаққа дайындығы



бет3/3
Дата10.01.2023
өлшемі58,5 Kb.
#60812
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
10.01.2023 Педагогика

Мұғалімнің сабаққа дайындығы
Мұғалім ең алдымен өз пәнінің оқу жоспары бағдарламасымен танысып, әр жылға күнтізбелік жұмыс жоспарын жасайды, әр сабақтың тақырыптық жоспарын, конспектісін дайындайды. Онда ол пәнаралық байланысты, әр сабақтың мақсат-міндеттерін, өздік жұмыстардың көлемін, оқыту әдістерін, көрнекі, техникалық құралдарды анықтайды.
Сабаққа дайындық мазмұны:
1. Сабақты жоспарлау, жұмыс бағдарламасын жасау.
2. Жеке сабақтарды жоспарлау.
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау.
4. Сабақтың типі мен құрылысын белгілеу.
5. Сабақ мазмұнын анықтау.
6. Білім беру әдістерін белгілеу.
7. Сабаққа керекті оқу құралдарымен көрнекі және техникалық құралдарды дайындау.
8. Сабақ кезеңдерінің әрқайсысына жұмыс түрлерін, оны орындауға уақыт бөлу.
9. Бекіту жаттығуларын дайындау.
10. Оқушылардың білімін тексеру және бағалау әдістерін анықтау.
11. Үй тапсырмасын түсіндіру.
12. Сабақтың жоспар конспектісін жасау.
Сабақ жоспарында жазылатындар:
1. Күні.
2. Айы, жылы.
3. Сыныбы.
4. Тақырыбы.
5. Мақсаты.
6. Сабақ типі, құрылысы.
7. Оқыту әдіс-тәсілдері.
8. Көрнекі құралдар.
9. Өздік жұмыстар.
10. Тексеріп, бағаланатын оқушылардың аты-жөні.
11. Қойылатын сұрақтар.
12. Үй тапсырмасы.
Мұғалім оқу жадығатын жан-жақты білу үшін негізгі және косымша оқу құралдарын, ғылыми-педагогикалық әдістемелік, тарихи, көркем әдебиеттерді, арнаулы басылымдарды оқып, қажеттілерін сұрыптап алады, сенімді мысалдарды, қызықты тың мәліметтерді таңдап алуы керек,оқу жадығатын анықтап, сабақ жоспарын конспектісін жазады.
Негізгісі – жаңа тақырыптың мазмұны. Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын нақты білуі керек.
Жоспарлау - сабаққа әзірліктің соңғы кезеңі. Оның нәтижесі сабақ жоспары. Жас мұғалім сабақ жоспарын, конспектісін толық жазу керек.
Сабаққа әзірленгенде мұғалім оқу бағдарламасын тағы да қарап, оқу материалын оқиды, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеп, оқушыларға тапсырма беріп, оқыту құралдарын (кесте, сызба, модель, үлестірілетін материалды) іріктейді және қарайды, әдіс және тәсілдерін таңдап, сабақтың типін және құрылымын анықтап, барлығын оқу жоспарына жазады.

Пайдаланылғн әдебиеттер:


1. Ш.Х.Құрманалина Педагогика.-Астана, 2014.-271-276б.б.
2. С.Б.Бабаев, Ж.К.Оңалбек Жалпы педагогика: Оқулық – Алматы: «Нұр-пресс», 2005.
3. https://kitaphana.kz/refkaz/236-pedagogika/3239-jana-mektep-.html


ТАПСЫРМА:

  1. Мұғалімнің сабаққа даярлығының тактикалық және стратегилық алгоритмін жасаңыз.

  2. Саяхаттың сабақтан қандай айырмашылығы бар?

  3. Сабақтың дәстүрлі емес 5 түрін сипатта.

  • аукцион

  • брейн-ринг

  • пресс-конференция

  • - сот

  • іскерлік ойын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет