Тақырыбы: Ә. Жангелдин қазақтың жиһанкезі,саяхатшысы!



бет3/5
Дата19.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#58141
1   2   3   4   5
6-оқушы: Николай Степнов уақытын жібермей газетке хабарландыру берді.Оның хабарына бірнеше адам үн қосып , бірге саяхатқа шығуға дайын екенін білдірді.Бұлар – Петербург қаласының инженері Полевой , жаратылыстану пәні мұғалімі Коровин (Москвадан) .9 май 1910 ж. Петербург газеттері басына киіз қалпақ ,спорт бәтеңке,арқасында жол сөмкесі бар Әліби –саяхатшының суретін басып, олар туралы қысқаша мәлімет берді .Оларды қолдаған демеушілер 25 сомнан жолға ақша берді және фотоапарат.Петербург шоссесіне жеткенше 5 верста жолға топ болып шығарып салды.
7-оқушы: Жолда жүру үшін Әлібиге арнайы кітапша беріледі.Ол кітапшада саяхатшының қаржысыз екенін , ол ғылыми мақсатта саяхатқа рұқсат алғанын белгілеп береді.Суретке түсіру өнері.Әлібиге үлкен көмек берді.Ол суретке түсіріп открытка жасап көріністер сатып күн көреді. Саяхатшылардың алғашқы қаласы Польшаның Варисавасы еді.Бұл жерден генерал –губернатор кітапшасына белгі соғып берді.Әрі қарай Авотро-Венгрия . Бұл жерде Әлекен этникалық қыпышақтармен танысты .Монғол-татар шабуылынан кейін қыпышақтар Венгрияны қоныстанып қалған екен.Олар Әлекенді жылы қарсылап ,өздерімен бірге тұруға шақырады. Қазір Торғай жерінде мадвер-қыпышақтар орталығы бар.Ал Венгрияның Ұлттық мұражайында Жангелдиннің үлкен портреті тұр.Портреттің астында «Алиби Джангельдин, путешественник ,посетил Будапешт 30 сентября 1909 года».
8-оқушы: Саяхатшыларды Болгарияда Ұлттық мұражайдың төрағасы , орыс консулы , бүкіл қоғам жылы қабылдап , кездесулер өткізеді.Бұл елдерде қазақ жерін , қазақ халқын танитын зерттеген ғалымдар болса тұғын.Жаяу жүрген жолы 12 мың км болды,сонымен қатар теңізбен, темір жолмен жүрген жерлері де болды.Оның жолдастары әрі қарай жүруге жүрексініп Воршавада-ақ қалып қойған болатын.Ол жалғыз өзі-ақ жерді айналып шыққанына бүгінде біз сенімдіміз; Сербия,Турция,Сирия,Палестина,Египет,Абиссиния,Аравия,Кувейт,Иран,
Үндістан Цейлон аралы,Сиам патшалығы,Тайвань,Жапониядан Сібірге шығып одан өз отаны-Торғайға жетті.
9-оқушы: Әкесінің әңгімесін ұлы Шыңғыс Әлекеннің мекка,мадиға барып қажы болғанын айтады.Бағдадта паша Махмудпен кездеседі.Махмуд әйгілі Шамилдің ұрпағы еді.Шамил 19 ғасырдың басында Шешенстанда еркін иманат құрып,ширек ғасыр патша үкіметімен күрес жүргізді.Бұл егемендік соғысына Таудағыстаны ,Солтүстік –Батыс Кавказ түгел қатысты.Махмуд пашамен кездескен әңгімелерінде Әлекен енді өзінің ісінің тек саяхатшылық мағнасынан кең екенін, ол енді үлкен бір халықтың өкілі екенін сезініп , өз халқын мақтан тұтты. Ол Европада болғанда өміріндегі ең қымбат естелік большевиктер көсемі Ленинмен кездеседі.1911 ж.Женеваның кафесінде Ленинмен кездесіп, әңгімелеседі.Сол жерде көсем Әлекеннің Қазақстаннан екенін біліп, онымен ұзақ әңгімелеседі.Халық жәйі әңгіме болады,қазақ халқының екі жақты езгіде екеніне көсем қынжыла әңгімелейді.Үйіне аман жетуіне тілектестігін білдіреді.Сол кездесуден 1 жылдан кейін көсеммен тағыда кездеседі, енді ревалюция Петроградында, көсем Әлекенді танып қана қоймай,олардың кафедегі әңгімесінің мазмұнына дейін есіне түсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет