Тарихи және логикалық танымның бірлігі. Тарихи зерт-теу әдісі – құбылыстардың пайда болуын, дамуы мен олардың бір-біріне алмасуын өзара сабақтастық негізде талдауға мүмкіндіктер жасайды. Логикалық әдіс – процестердің мәнін терең тал-дап, және өзекті мәселеге баса назар аударуды талап етеді.
Экономикалық – математикалық модельдеу.Экономи-калық ғылымды, оның ішінде экономикалық теорияны тәжіри-беде пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер-ді қолдануды талап етеді. Бұл тәсілді қолдану “емдеу” тәсілде-рін анықтау, диагноз қою немесе экономикадағы жағдайды анықтаумен шектелмей, белгілі бір мерзімнен кейін экономика-да не болатынын, тигізетін салдары қандай, қабылданған ше-шімдердің әлеуметтік-экономикалық нәтижелерін дәл айтуға мүмкіншілік береді.
Фактілерді зерттеп, гипотезаларды шығара отырып, эконо-мистер жалпылама экономика негізделетін қағидаларды, заң-дарды ашады. Қандайда бір құбылыстар мен тенденциялардың даму жағдайы сипатталса, бұл экономикадағы позитивті ба-ғытқа жатады. Экономика тиімді болуы үшін қалайша жұмыс іс-теу керек екені туралы мәселе қойылатын болса, нормативті экономикалық ғылым туралы айтылады.
Экономикалық теория зерттейтін құбылыстардың мәні эко-номикалық категориялар мен заңдарда көрініс алады.
Экономикалық заңдар – экономикалық құбылыстар мен процестердің ішкі мәнін көрсететін тұрақты, көп рет қайталана-тын себеп-салдарлық байланыстары.
Экономикалық категория – адамдардың қоғамдық өнді-рістік қатынастарының теориялық көрнісі. Өндірістік қатынас-тардың мәнін ашу, талдау нәтижесі экономикалық категориялар болып табылады.
Экономикалық теория экономикалық саясатты құрастыру үшін қолданылады. Экономикалық саясат – бұл экономикалық мәселелерді шешу және олардың механизмін іске қосу бойынша мемлекеттің іс-әрекеті. Экономикалық саясат макро және микро деңгейдегі экономикалық мақсаттарды шешу жолдарын іздесті-румен айналысады.