Тақырыбы: Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу



бет5/8
Дата28.04.2022
өлшемі75,53 Kb.
#32585
1   2   3   4   5   6   7   8
Аналитикалық топтау әдісін стохастикалық байланысты анықтау үшін қолданғанда, ең алдымен зерттелетін жиынтықтың барлық элементтерін факторлық белгі бойынша топтайды. Содан кейін әр топ үшін нәтижелік белгінің орташа мәнін есептейді. Факторлық белгі өзгерген сайын нәтижелік белгі қалай өзгеретінін салыстыра отырып, эмпириялық корреляциялық қатынас көрсеткішін пайдаланып, байланыс бағытын, тығыздығын анықтауға болады.

Эмпириялық корреляциялық қатынас көрсеткіші факторлық және нәтижелік белгілер арасындағы тығыздықты бағалау үшін қолданылады. Оның абсолютті мәні 0 мен 1 аралығында өзгереді. Егер топтастыру белгісі мен нәтижелік белгі арасында байланыс болмаса, онда корреляциялық қатынас көрсеткіші нольге тең болады (   0 ). Ал топтастыру белгісі мен нәтижелік белгі арасында функционалдық байланыс болған жағдайда   1 болады. Бұл нәтижелік белгіге тек топтастыру белгісі ғана әсер ететінін көрсетеді. Корреляциялық қатынас көрсеткішінің мәні 1-ге жақындаған сайын корреляциялық байланыс функционалдық байланысқа жақындайды.

Аналитикалық топтастыруда топ санын айқындау, интервал шегін белгілеу топтастыру мақсатына сәйкес анықталады. Егер топ саны аз болса, байланыс сипаты айқындалмайды. Ал топ санын көбейту әр топтағы бірлік санының азаюына себеп болады, яғни бұл жағдайда топтық орташаның сенімділігі төмендейді. Сондықтан топ санын дұрыс анықтаудың маңызы зор. Аналитикалық топтау әдісін қолдану мысалы ретінде зауыттарды негізгі капитал мөлшері бойынша топтау нәтижесінде шығарылған өнім мен негізгі капитал арасындағы байланысты анықтауды келтіруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет