Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»
Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекеті: Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет.
Мақсаты: Елбасымыздың туып — өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Жүзімізге қараңыз
Бал-бұл жанған баламыз
Бізге қымбат –күн шуақ,
Бізге қымбат-бұл сабақ.
Мотивациялық қозғаушы
— Балалар, бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс — әрекетіміз қызықты өтпек, себебі бүгін мереке, бүгін — Президент күні. Тақырыптық ашық оқу іс — әрекетімізде біз екі топқа бөлініп отырамыз.
Іздену ұйымдастырушы.
- Ал баладар біз сабағымызды бастамас бұрын орнымыздан тұрып, бәріміз гимнді орындайық
— Бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс — әрекетіміздің тақырыбы: «Елін сүйген Е лбасы».
Ашық оқу іс — әрекетіміздің басында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайында слайд көріп алайық.
Тәрбиеші:
— Сабағымызды бастамастан бұрын .біз екі топқа бөлінейік.
1 –топ «Астана»
2 –топ «Алматы»
1 — топ. «Астана»тобы.
— Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы. Астана қаласында – Бәйтерек, Қазақстан Республикасының президенттік мәдени орталығы, резиденциясы, Ақ орда бар.
2 — топ. «Алматы» тобы.
— Алматы – Қазақстанның әдемі қалаларының бірі. Алматы қаласында – Медеу мұз айдыны, Көктөбе ойын-сауық кешені, 14 театр мен 25 мұражай және апорт алмасы бар.
— Жарайсыңдар, балалар, Қазақстанның қалаларын біледі екенсіңдер, енді менің сендерге қояр сұрақтарым бар.
— Балалар,біздің Отанымыз қалай аталады?
— Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
—Қазақстан Республикасының тұңғыш президентіміз кім және президентіміз туралы не білесіңдер?
— Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев.
— Н. Ә. Назарбаев Алматы облысы,Қаскелең ауданы,Шамалған ауылында дүниеге келген. Әкесі Назарбаев Әбіш ,Анасы Назарбаева Алжан.Мектепті жақсы оқыған, ұшқыш болуды армандаған. Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт — Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі — еліміздің тұңғыш президенті — Н. Ә. Назарбаевтың арқасында!Біздің еліміздің тұңғыш президентІ Н.Ә.Назарбаев атамыз Қазақстан Республикасының Президенті,Қазақ ассамблеясының Төрағасы,Нұр Отан партиясының Төрағасы,Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы қызметтерін атқарды.1990 жылдың 24-сәуірінен 2019 жылдың 20-наурызына дейін Қазақстан Республикасының Президенті болып қызмет атқарды 1990-2019жыл аралығында 29-жыл ел басқарды. 2019жылдың 20-наурызында ел тізгінін Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевқа өткізіп берді.
Заңғар
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.
Анель
Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Аңсар
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады,
Орындалып — арманы,
Халқымызда — ажарлы
Осының бәрі — әрине,
Елбасының – арқасы.
— Өте жақсы балалар, келесі менің білгім келетіні, Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?
— Қазақстан Республикасының рәміздері: ту, елтаңба, гимн.
— Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 1992 жылы маусым айында бекітілді. Тудың авторы: Ш. Ниязбеков.
— Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді, авторы: Мәлібаев және Уәлиханов.
— Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің әнін жазған Шәмші Қалдаяқов сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші:
— Жарайсыңдар, балалар, шаршап қалған болармыз, сергіту сәтімен бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Отан –сенің, ата-анаң,
Отан –досың ,бауырың.
Отан –өлкең ,астанаң,
Отан –аудан,ауылың.
Енді балалар топтық жұмысқа кірісімез .Біз әріптерді үйреніп жүрміз ия,
«Астана» тобы – Зайцев технологиясын қолдана отырып . «Астана» деп жазамыз .
«Алматы» тобы Құм терапиясын пайдаланып, Алматы деп құмға жазып көрсетеміз.
Тәрбиеші:
Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт — Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі — еліміздің тұңғыш президенті — Н. Ә. Назарбаевтың арқасында!Біздің еліміздің тұңғыш президентІ Н.Ә.Назарбаев атамыз Қазақстан Республикасының Президенті,Қазақ ассамблеясының Төрағасы,Нұр Отан партиясының Төрағасы,Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы қызметтерін атқарды.1990 жылдың 24-сәуірінен 2019 жылдың 20-наурызына дейін Қазақстан Республикасының Президенті болып қызмет атқарды .
Бүгінгі президент күніне арналған тақырыптық ашық оқу іс — әрекетімізді аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |