О. Конттың әлеуметтанулық концепциясындағы екі басты идея: Біріншісі- қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану; Екіншісі – әлеуметтік реформаларды жасауда іс жүзінде ғылымды қолдану. Герберт Спенсер (1820-1903) Герберт Спенсер (1820-1903)
Ағылшын социологы Г.Спенсер ғылымға алғашқы болып «әлеуметтік институт» терминін енгізді
Олар: туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік институттар. Спенсердің пайымдауынша, барлық әлеуметтік институттар әлеуметтік әрекеттердің тұрақты құрылымы ретінде қалыптасады.
Спенсердің әлеуметтану теориясы негізгі екі мәселеден тұрады:
Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау
Әлеуметтік эволюция идеясы
Қоғам биологиялық организмге ұқсас, тіршілік үшін күрес жүргізеді. Спенсердің әлеуметтік ілімдері (органикалық теория) деп аталады. Онда қоғам үйлесе дамыған организм ретінде қарастырлады. Оның құрамдас бөліктері өзара тығыз байланыста болып, бір-біріне сәйкес қызмет етеді. Қоғамның идеялды күйі тендік болып табылады. Тендіктің бұзылуы қоғам үшін қауіпті сондықтан қоғамдағы барлық әрекет тендікті сақтауға ықпал етуі керек, өйткені ”біз барлық жерде тендікке ұмтыламыз.”
Достарыңызбен бөлісу: |