Тақырыбы: Эндокринді жүйе. Орындаған: Мамбетова М. Т. 305 топ жмф. Қабылдаған: Есимова Р. Ж. Жоспары: Кіріспе. Негізгі бөлім Эндокриндік жүйе Жіктелуі Құрылысы Гормондары Қорытынды: Қолданылған әдебиеттер Эндокриндік жүйе
Эндокриндік жүйе-Қандай ұлпадан дамуына байланыссыз ішкі ортаға спецификалық реттеуші заттарды бөлетін барлық бездердің,ұлпалардың және жасушалардың бірігуінен тұратын жүйе. Эндокриндік жүйе құрамына эндокриндік бездер мен жекелеген эндокриндік жасушалар жатады.
Эндокриндік без-шығару қзегі жоқ,оның негізгі функциясы болып гормондардың секрециясы болып табылатын анатомиялық құрылым.
Эндокриндік без-шығару қзегі жоқ,оның негізгі функциясы болып гормондардың секрециясы болып табылатын анатомиялық құрылым.
Гормон-Биологиялық активті заттар,олар арнайы эндокриндік ұлпада түзіліп шығарылады,яғни зат алмасуға және организмнің функциональдық реттеуге қатысады.
Гормон-Биологиялық активті заттар,олар арнайы эндокриндік ұлпада түзіліп шығарылады,яғни зат алмасуға және организмнің функциональдық реттеуге қатысады.
2.Гормондар-ішкі орта арқылы алыс орналасқан мүшеге дистантты әсер етеді.
Химиялық құрылымы бойынша:
Аминоқышқыл туындылары
Пептидті гормондар
Стероидты гормондар
Тирозин аминоқыш:
А)Полипептидті:
Холестериннен түзіледі:
Тироксин
Глюкагон
Кортикостероид
Трийодтиронин
Кортикотропин
Андроген
Адреналин
Вазопрессин
Эстроген
Норадреналин
Окситоцин
Гестаген
Триптофан аминоқыш:
Б)Жай белокты:
Инсулин
Мелатонин
Соматотропин
Адреногломерулотропин
Пролактин
Кальцийтонин
В)Күрделі белокты:
Тиреотропин
Фоллитропин
Лютропин
Гипоталамус:
Организмнің эндокриндік қызметінің жоғарғы орталығы болып табылады.Гипоталамуста нейросекреторлық жасушалар 30 шақты жұп ядроларды құрайды.Гипоталамуста 3 бөлімді ажыратады:
Паравентрокулярлы ядролар-ұсақ,адренергиялық нейросекреторлы жасушалардан тұрады.Окситоцин гормонын бөледі.Ол жатыр және қуықтың жазық бұлшықетін жиырылуға қатысады.
Ортаңғы бөлім:
Аркуатты дорзо-медиальді ядролар
Аркуатты вентро-медиальді ядролар
Олар аденогипофиздің қызметін реттейтін аденогипофизатропты гормондарды яғни Либериндер мен статиндерді бөледі.Либериндер аденогипофиздің гормон бөлүін күшейтсе,статиндер тежейді.Бұл ядроларды құрайтын нейросекреторлы жасушалардың аксондары медиальді төмпешікте орналасқан біріншілікті капиллярлық торда аяқталады.Бұл капиллярлар гипофиздің аяқшаларында портальды венаға жалғасады.Ал портальды вена аденогипофизде екіншілік синусоидты капиллярлар торына тармақталады.
Гипофиз:
Эмбриональды дамудың 4-5 аптасында ұрықтың ауыз шұңқырының эпителиінде гипофизарлы қалта түрінде оқшауланады.Оның алдыңғы қабатынан аденогипофиз,артқы қабатынан ортаңғы бөлігі дамиды.Ал нейрогипофиз нейроглиадан дамиды.Гипофиз сыртынан дәнекер тінді капсуламен қапталады.Алдыңғы бөлігі эпителиальді созындылардан тұрады.Олардың арасынан жұқа ләнекер тінді қабат өтеді.
Қалқанша без:
Дәнекер ұлпадан тұратын капсуламен сыртынан жауып тұрады.Капсуладан бездің ішіне трабекулалар оны бөліктерге бөледі.Әрбір бөліктің ішінде құрылымдық қызметтік бірлігі фолликулалар,қан тамырлары,жүйкелік аяқтамалар орналасады.Фолликулалардың арасын дәнекер ұлпа алып жатады.Фолликулалардың көлемі әртүрлі көпіршік түрінде болады.Қабырғасын бірқатар болып орналасқан эпителиальдық жасушалар құрайды.Оларды тиреоциттер деп атайды,ортасында қуыс оның ішінде коллоид орналасады.Тироциттің пішіні бездің функциональды жағдайына байланысты.
Сыртынан дінекер ұлпамен қапталған капсуладан тұрады.Олардың арасында гемокапиллярлар болады.Бұл жердегі жасушалар аты паратиреоциттер,өндіретін гормоны паратирин деп аталады.Атқаратын қызметіне байланысты кальцитониноциттерге антогонист болып табылады.Бұл бездер аденогипофизге тәуелсіз.
Бүйрек үсті безі:
Сыртынан капсуламен қапталған.Бүйрек үсті безі қабықтық және милы заттан тұрады.Мүшенің паренхимасы қабықтық затының жасушалары кортикоциттер,милық заты хромопиноциттерден тұрады.Қабықтық заты капсуланың астында орналасқан 3 аймақтан тұрады.
Тамырлы
Шоғырлы
Шумақты
Бүйрек үсті безінің милы затында орналасқан жасушалар ашық,күңгірт болып бөлінеді.Ашық клеткалар адреналин өндіреді.Күңгірт хромофильді жасушалар көлемі кішірек,өндірілетін заты норадреналин.
Бүйрек үсті безінің милы затында орналасқан жасушалар ашық,күңгірт болып бөлінеді.Ашық клеткалар адреналин өндіреді.Күңгірт хромофильді жасушалар көлемі кішірек,өндірілетін заты норадреналин.
Қорытынды:
Эндокринді бездер ағзадағы барлық процесстерді реттеп отырады.Олар бір бірімен өте тығыз байланыста болады.Бірінің бұзылысы екіншісінің қызметінің бұзылысына әкеледі.Сондықтан өз уақытында денсаулығынызға қарап,оны күтініз.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Физиология человека.В.М.Покровского.
Г.Ф.Коротько.
2.Гистология. Ю.И.Афанасьева.
Н.А.Юриной.
3.Физиология и патофизиология систем внутренных органов.