Тарихи жырлар. Қазақ фольклорының тағы бір қомақты бөлігін тарихи жырлар құрайды. Тарихи жырларда кейде оқиғалар жазба тарих сарынына сәйкес баяндал-са, екінші бір түста қиялдау, көркемдік жинақтау түрінде беріледі.
Түркі халықтарына ортақ ноғайлы заманының тарихи жырларына Едіге батыр жайындағы жыр, аңыздар жатады. Бұл жыр қазақ, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, татар, көшпелі өзбектер, алтайлықтарда сақталған. Сәкен Сейфуллиннің сөзімен айтқанда: «Қоспа ертектерін, жапсырма «кереметтерін» былай алып тастағанда, қазақтың ескі ел әдебиетіндегі бұл Едіге батыр әңгімесінен Алтын Орда іріп-шіри бастаған кездегі заманның оқиғаларына меңзейтін бірсыпыра жайттар көрінеді». Едігенің ұрпақтары саналатын Орақ, Мамай, Қарасай, Қази жайындағы жырлар, «Шора батыр», «Ер Сайын» тарихта болған ноғайлы елі тұлғаларына арналған жырлар.
Қазақтың тарихи өлеңдерінің қалың жұртқа белгілісінің бірі — «Елім-ай» өлеңі. Белгілі фольклортанушы Рахманқұл Бердібайдың: «Бір замандағы ел басына душар болған ңайғылы оңиғаның елесіндей бұл шығарма тек көркем мұра ғана емес, саяси ңұжаттың орнына да жүргендей», — дейді. Бұл мұңлы өлең — 1723 жылы жоңғарлар шапқыншылығынан қойдай қырылып, бөкендей ауған қазақтың «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманының тарихи шығармасы. Зерттеушілер бұл өлең ұзақ жырдың ел аузында сақталып ңалған үзіндісі деп есептейді. Осы жырдың тобықты Топыш ақын айтқан екен деген нұсқасы 86 жолдан тұрады. Жырда қазақ елінің кіндік жері ретінде Қаратаудың аталуы тегін емес, өйткені ХУғасырдан бері «ңазаң» деген атпен ңұралған халыңтың әкімшілік, мәдени, діни орталығы Қаратау, Түркістан болғаны белгілі.
XVII ғасырдың соңында, яғни «Ақтабан шұбырындыдан» бұрын жоңғарлар қазақ жеріне бірнеше жорық жасаған. Ол шабуылдарға тойтарыс берген қазақ қолдарын басқарған Төле би, Жәнібек, Қасым, Әбілмәмбет сияқты ел билері мен хандарының ерлігі баяндалатын жырлар әлі Қазақ әдебиеті қолжазбалары қорында зерттеушілерін күтіп жатыр.
Сонымен көне мифтер, аңыз-әңгімелер, эпостық жырлар, тарихи жыр-өлеңдер — мұның бәрі де қазақтың тек әдеби туындылары ғана емес, әрқайсысында еліміздің тарихының табы, бедері бар тарихи деректер, тарихи қайнар-бұлақтар деп қарастырған жөн. Бұл мәселелерді белгілі әдебиетші-фольклоршыларымыз қарастырған.
Тапсырма:
Эпостық жырлардың белгілі өңірдегі нұсқауларын жинау;
Белгілі өңірге байланысты тарихи тұлғалар, тарихи оқиғалар, ғашықтар туралы мәліметтер жинау;
Эпостық жыр үлгілерін білетін адамдар туралы мәлімет жинау, кездесу, әңгімелесу;
Айтушы туралы мәлімет жинастыру
Студенттерге ұсынылатын әдебиеттер, интернет ресурстар:
Сейітжанұлы З.Н., Бисенбаев П.Қ. Қазақтың көне эпосы –Алматы «Аруна» 2008, -240-б