Тақырыбы: «Ертегі терапиясын қолдану жолдары» Дайындаған: 3сво тобының студенті Ерболатова А. Жетекшісі: Ғалымова Р. М. Орал-2014 жыл Жоспар



бет5/7
Дата11.12.2022
өлшемі101 Kb.
#56556
1   2   3   4   5   6   7
2 БӨЛІК. "ТОП ҚҰРУ"
Нұсқау: Алдыңғы жаттығуларда елестете алған кейіппкерлерімізді есте ұстап, соған сәйкес қатысушылардың кейпкерлерінің ішінен сіздің кейіпкеріңізге ұқсасын таңдаңыз. Таңдаған болсаңыз атау әзірге қажет емес, ойыңызда ұстаңыз. Ал енді өзіңіздің кейіпкеріңізге ұқсас тағы бір кейіпкер таңдаңыз. Бұл кейіпкер екінші ұқсас кейіпкер болып есептелінсін. Енді осы тізімге үшінші ұқсас кейіпкерді таңдаймыз. Ал енді қазір сізге не себепті үш кейіпкерді таңдағанымыз түсінікті болады. Сіз таңдаған кейіпкерлердің иесіне барып, бірінші таңдалған кейіпкеріңізбен ол кісінің таңдаған кейіпкерімен сәйкестігін қараңыз, сәйкестігі келмесе, екінші таңдалған кейіпкерге жақындаңыз. Ол кейіпкердесәйкес клмесе үшінші кейіпкерді табыңыз. Нәтижесінде қатысушылар жұптасады,егер де жұп құрылмаса жүрізуші өзі жұп құрады.
Құрылған жұптарға 5 минут уақыт беріледі, таңдаған кейіпкерлерінің ұқсастығы анықтайды. Содан соң 4 кейіпкерден біріктірледі. Сосын 8 кейіпкерден бірігеді. Енді барлық кейіпкерлер бірігіп, ертегі құрайды.

Тақырыбы: “Көбелекпен кездесу» ертегі терапиясы


Мақсаты: Балаларға ертегі арқылы эстетикалық тәрбие беріп, шығармашылық қабілеттерін арттыру, ой- қиялын дамыту, елестету арқылы артикуляциялық гимнастиканы және қол моторикасының қимыл әрекеттерін дамыту. Балаларды мейірімділікке, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Сонымен қатар, достыққа, ұйымшылдыққа, жақсы көңіл-күйді сезе білуге баулу.
Жаттығу
Балалар, сендер ертегілер еліне саяхатқа барғыларың келе ме?
Көбелек жылайды: 
- Балалар тыңдайықшы, біреу жылайтын сияқты. Бұл не екен? Мына гүлдің ішінен жылаған дыбыс естілді, ендеше қарайық. Гүлді ашып, ішін қарау, ішінен көбелек шығады.
Көбелек сен неге көңілсізсің, сені кім ренжітті? 
Көбелек: Менің үйімнің қасындағы ғажайып бақшадағы жайқалған гүлдерімді қатты жел құлатып тастады. Мен достарымсыз қалдым. Мен оларды қатты сағындым. 
Ендеше, балалар, көбелекке ғажайып бақшасын гүлдендіруге көмектесейік. 
Ендеше ертегілер еліне аттанайық. 
Елестету жаттығулары
- Мінекей, бұл гүл! Бұл гүлде біздің кішкентай көбелек үнемі отырады. 
Гүлді саусақтарыңмен қиялдай отырып көрсетіңдер. Қолдарыңмен гүлдің ашылып, жабылатынын көрсетейікші. Гүлді иіскеп көрейік. Қандай керемет иіс. Көбелектің қандай кішкентай екенін білеміз. Ал, енді біз бәріміз ол қаншалықты кішкентай екенін саусағымызбен көрсетейік. 
Мен сендердің қаншалықты епті екендеріңді білгім келіп тұр. Шеңбер бойымен тұра қалайық. Оңға бұрылып тұрамыз. Мына айтқанымды мұқият тыңдаңдар!
Сендерге:
1. «Айдахар» дегенде-қолдарыңды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен шеңбер бойымен жәймен жүресіңдер. 
2. «Көбелек» дегенде-отырып, көбелек сияқты жүрелеп жүресіңдер.
3. «Баспалдақ» дегенде-қолдарыңды иықтарыңның үстіне қойып, жай ғана жүгіресіңдер. 
4. Біз жаттығуларды жасап ғажайып баққада жетіп қалыппыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет