Тақырыбы: Эстетика, өнер, сөз өнері туралы негізгі



Pdf көрінісі
бет39/39
Дата02.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#24707
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
                             

   15- дәріс. Тақырыбы:

Әдеби ағым-бағыттар 

 

Мақсаты:  Әдеби  ағым-бағыттар  туралы  жалпы  түсінік  бере  отырып,  әдеби 

ағым-бағыттардың даму жолдарын ұғындыру  



 

Сұрақтар: 

1. Көркемдік әдіс, ағым тарихи категориялар 

2. Классицизм, сентиментализм, романтизм, реализм, дамуы. 

 

Тақырып  бойынша  негізгі  ұғымдар:  ағым,  бағыт,  әдіс,  әдеби  мектеп,  топ, 

классицизм, сентиментализм, романтизм, реализм  

Дәріс мәтіні (тезис) 

 Әдебиеттануда  көркемдік    әдіс    ұғымымен  ұқсас  бағыт,  ағым,  стиль, 

әдеби мектеп, әдеби топ деген түсініктер бар. Бұлардың барлығы да  түптеп 

келгенде бірнеше суреткер шығармашылығына тән ортақ сипат  белгілерден 

туындайды.  Ал  ортақ  белгілер  дегенде,  жазушының  әлеуметтік,  идеялық, 

позициялық, тұрғыдағы ұқсастығы. 

Әрбір әдеби ағымды әр қоғамдағы жағдай туғызады сонымен қатар әдеби  

ағым – әр дәуірдегі идеологиялық  күрестің әдебиеттегі көрінісі. 

Әдеби  ағым  –  тарихи    категория  жалпы    қоғамдық  дамудың  белгілі  бір 

кезеңіндегі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге  дамып, 

бірге жоғалып отырады. 

ХҮІІ ғасырда туып, ХІХ ғасыр бас кезіне  дейін ұласқан өнер атаулының 

бәрінде,  әсіресе  Батыс  Еуропа  әдебиетінде  кең  өріс  алған  әдеби  ағым-

классицизм  латынша  классикус  –  үлгілі,  өнегелі  бағыт  дегенді    білдіреді. 

Классицизм  ағымының  ХҮІІ  ғасырда  Францияда  көрінуі  –  бұл  кезеңде  осы 

мемлекетте абсолютизм  нығайып, мемлекеттік билік бір қолға шоғырланып, 

ұлттық тұтастық идеясы нығая бастаған болатын. 

Елдің  қоғамдық  өмірінде  жаңа  әлеуметтік  топ  –  буржуазияның  ықпалы 

арта  түсті  де,  аталмыш  әлеуметтік  топқа  абсолюттік  монорхия  да,  дворян 

қауымы да бірдей қатысты болды. Қоғамдық өмірде пайда болған жаңа талап-

тілектер өнерге де жаңа талаптар  қоя бастады. Нәтижесінде осыған дейін өнер 

әлемінде  үстемдік еткен барокко стилімен күрес үстінде жаңа бағыт дүниеге 

келді.  Бағыт  өкілдерінің    өз  шығармаларында    антикалар  әдебиеттің  озық 

үлгілерін өнеге етуіне байланысты классицизм деп атады. 

Классицизм  поэзиясы мен поэтикасының  бастаушысы Ф.Маларб болды. 

Алайда  күрес  үстінде  қалыптасып,  таныла  бастаған  француз  классигінің 

поэтикасы  Н.Буалоның  «Поэтикалық  өнер»  аталатын  еңбегінде  жан-жақты  

жүйеленген    сипатқа  ие  болды.  Еңбекте  ХҮІІ  ғ.  француз  әдебиетінің  

тәжірибелері жинақталып, қортындыланды. Классицизмге тән  сипат  – асқақ 

азаматтық тематика, шығармашылық нақты қағидалар мен ережелерді қатаң 

сақтау болып табылады. 



Классикалық  үлгідегі  ежелгі  өмір  классицизм  дәстүріндегі  туындыларда 

кемел де  жарасымда өнер үлгісі ретінде көрінеді. Сол себепті классицистер,  

антикалық миф  бейнелеріне жиі оралады.  

Жоғарыда  айтқаңымыздай,  классицистердің  көркемдік  бейнелеуіндегі 

шешу ұстанымы антикалық үлгілерге еліктеу болды да, оған табиғатқа еліктеу 

және ақыл-ой дауысына бағыну ұстанымдары қосылды. Бұл жерде классицизм 

өкілдернің  табиғат деген  де барлық  ақиқат  құбылысарды  түсінетінің  ескеру 

керек.  


Бұл    ұстанымдар  Қайта  өрлеу  дәуірінде  қалыпасқан  жақсы  дәстүрлерді 

белгілі бір дәрежеде дамытқанымен, кемшіліктерде болмай қалған жоқ. Дәлел 

ретінде классицистер туындыларында кейіпкер мінездерін жан-жақты жанды 

сипатта көрсетуден гөрі, біржақтылық, схематизм орын алғаны айтуға болады.  

Француз  классицизмның  ерешеліктері,  әсіресе,  драматургияда  айрықша  

Корнель  мен  Расин  шығармашылығында  көркемдік-идеялық  шыңына 

көтерілген  француз  классицстік  трагедияларының  негізіне  жеке  адам 

мүддесімен  азаматтық  парыз  арасындағы  қақтығыстар  алынды.  Өз  

кейіпкерлерінің  жан  дүниесіндегі  қарама-қайшылықтарды  көрсете  отырып, 

Корнель  мен  Расин  адамның  ішкі  әлемін  бейнелеу  тұрғысынан  соны 

жаңалықтар  жасады.  Мәселен,  Сид,  Гораций,  Цина  сияқты  Корнель 

кейіпкерлері – ер жүрек, қатал, өзін мемлекет мүддесіне арнаған жандар. 

Романтизммен  реализмнен  бұрын  классицизмді  алмастырған  ағым 

сентиментализм  болды.  Феодализммен  күрес  барысында  прогрессивті  роль 

атқарған  буржуазия  мен  арестократия  арасындағы  күшейе  түскен  қарама-

қайшылықтар  жағдайында  туған  бұл  жаңа  ағымның  барынша  жарқырай 

көрінуі ХҮШ ғасырдың ортасында Англияда буржуазия өкімет билігін қолға 

алып,  феодализм  қалдықтары  мен  күресін  жалғастырып  жатқан  кезеңге  сай 

келді. Бұл кезеңде буржуазия белгілі бір дәрежеде қоғамдағы орташалардың 

мүддесін  жақтап,  олардың  өмір  салтындағы  тұрақтылықпен  қарапайым 

жандарға тән  ізгілік сипаттарын аристократтар өміріне қарсы қойды. Әдеби 

өмірде бұл күрес ұлттық мүддемен шектелген классицизді ығыстырып шықты.  

Классицистер  ұстанған  қоғамның  жоғарғы  топтарын  «Жоғарғы 

жанрларда»  бейнелеу  қағидасына  синтементалистер  күнделікті  өмірдегі 

қарапайым жандарды бейнелеуді қарсы қойды. Нәтижесінде әдебиеттегі билік 

пен дәулет иелерінің орнына буржуазиялық-мещандық ортанын орташа адамы 

келді, әңгіме өзегіндегі кесек тарихи оқиғалардың орнын адамның жеке тірлігі 

басты. 


Қарапайым  адамның  жан  сезімін,  сүйініш-күйінішін  қажет  етпеген 

классицизмге қарсы синтементализм басты назарын қарапайым адамның ішкі 

жан дүниесінін байлығына аударды.  

Синтементализмнің  жанрлары – элегия, арнау, эпистолярлық роман, жол 

жазбалар,  күнделіктер,  т.с.с.  қаһармандар  мінәжатын  мазмұндайтын 

уағыздаушылық сарыны басым жанрлар болды. Бұл пішіндер қоғамдағы түрлі 

топтардың  өмірін  кең  қамтуға  немесе  кейіпкерлердің  ой-сезімдерін,  көңіл 

толғаныстарын тереңдете ашуға жәрдемдесті. 




Синтементалистік  шығармалар қарапайым адамдарға арнап жазылып қана 

қойған  жоқ,  олардың  өз  идеялық  идеалдарымен  өздерінің  бойындағы  абзал 

қасиеттерді  кідіртпей  іске  асыруды  да  талап  етті.  Осы  ниеттеріне  орай, 

синтементалистер өз шығармаларында бейнеленген идеалдарының күнделікті 

шындық  өмірден  алынғандығын  көрсетуге  құштар  болды.  Сол  жолды 

әдебилікті  де  саналы  түроде  құрбан  етуге  барып,  өз  туындыларын  шынайы 

құжат түрінде көрсетуге талаптанды.  

1.  Әдебиеттануда  көркемдік    әдіс    ұғымымен  ұқсас  бағыт,  ағым, 

стиль, әдеби мектеп, әдеби топ деген түсініктер бар 

2.  Әдеби ағым – тарихи  категория жалпы  қоғамдық дамудың белгілі 

бір кезеңіндегі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады 



3.  Классикалық  үлгідегі  ежелгі  өмір  классицизм  дәстүріндегі 

туындыларда кемел де  жарасымда өнер үлгісі ретінде көрінеді. 



4.  Синтементализмнің  жанрлары  –  элегия,  арнау,  эпистолярлық 

роман, жол жазбалар, күнделіктер, т.с.с. қаһармандар мінәжатын 

мазмұндайтын уағыздаушылық сарыны басым жанрлар болды. 

 Әдебиеттер: 

1. Кәкішев Т: Қазақ әдеби сынының тарихы. – Алматы, 1994ж. 

2. Нұрғалиев Р. Әдебиет теориясы, - Астана, 2003ж. 

4. Гуляев Н.А. Теория литературы. – Москва, 1978г. 

5. Тюпа В.И. Аналитика художественного: Введение в литературоведческий 

анализ. М., 2001. 

6.  Эсалнек  А.Я.  Основы  литературоведения.  Анализ  художественного 

произведения: уч. Пос., 2-е изд. М., 2003.  

7. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы, 1998. 



              

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет