Тақырыбы: Этникалық ой толғамдарды қалыптастыру тарихындағы ғұламалар идеялары



бет2/2
Дата18.03.2022
өлшемі18,34 Kb.
#28390
1   2
Байланысты:
Ұлттық руханият Өсөж- 7 апта

Кісіге  адамшылдық неге керек?

Адамдық — өзге айуаннан артық демек.

Ит  талаған төбеттен қалай дейсіз,

Аямай әл келгенін жұлып  жемек.[3] 
 

         Ж. Баласағұн- данышпан, ойшыл, философ. Оның моральдық-этикалық мәселелерді көтеретін «Құтты білік» дастаны мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды болып табылады. Дастанның басты идеялары төрт принципке негізделіп жазылған: 1) мемлекетті дұрыс басқару үшін әділ заңның болуы; 2) бақ-дәулеттің басқа қонуы; 3) ақыл-парасаттың қоғамдық рөлі; 4) қанағатшылдық мәселесі. Бұл еңбек өз уақытында Қытай, Үндістан, Араб, Парсы ғұламалары тарапынан жоғары бағаға ие болды. 

 

    


Ж. Баласағұн  өз шығармасында заманның бұзылғандығы, достардан жапа шеккендігі туралы баяндайды. Ол адамдардан кісіліктің жоқтығы, ағайын-достық арасындағы қарым-қатынаста жаттан айырмашылығының болмауы, халық  арасында иман, сенім мен жақсы  қасиеттің қалмағанын өкіне баяндайды.

     Көркемдік дәстүрдегі тарихи сабақтастық күретамырына ұлттық рухтың қаны мен жанын дарытқан Қасым Аманжолов қазақ сөз өнеріндегі өзгеше бітімдегі бірегей тұлға. Сталиндік саяси зобалаңдардан поэтикалық қуатының әлеуеті ойсыраған қазақ поэзиясын Абай, Мағжан, Ілияс шығармашылығының классикалық стилінде жаңғыртқан Қасым ілкі дәстүрдің қуатты үйлесімде ілгерлеуіне қажетті эстетикалық мұрат пен этикалық мақсатын



«Көңілдің күйін төгейік,

Арманда кетті демейік,

Бәрінде беріп ел-жұртқа,

            Қарыздар  болмай өлейік»,

- деген  жан толқытар сырымен тереңнен  ұғынған жан.

    


      Қазақ халқының қайраткер перзенттерінің бірі, тарих ғылымының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы Тарих және этнология институтының директоры, Қазақстан Республикасының халық депутаты болған Манаш Қозыбаев отандық тарих және этика жайлы өте құнды ойлар қалдырған. Манаш - ұзақ жылдар бойы коммунистік партия мен кеңес өкіметінің Қазақстандағы кадр саясатын тыңғылықты әрі терең зерттеген саналы ма-мандардың бірі. М. Қозыбаевтың көтерген ұлкен мәселелердің бірі-ұлт мәселесі.

   


       Қазақстан тарихнамасында Манаш бірінші болып "халқымыз қараңғы еді, мәдениеті төмен, сорлы еді" деген тезиске қарсы шықты. "Дала этикасы ол тағдырлар этикасы емес, - деді  Манаш. -Ол - көшпенділер өркениетінің этикасы. Ол-он үште ұлан етіп жеткізген, он алтыда қызды бұлаңдатып бой жеткізген халықтың этикасы. Ол - сұлулықты, ба-тырлықты, парасаттылықты төбесіне көтерген халықтың этикасы". 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет