Тақырыбы: Ұғым Мазмұны



Дата18.07.2023
өлшемі20,57 Kb.
#104472
Байланысты:
5068947370215 Ұғым туралы түсінік


Тақырыбы: Ұғым


Мазмұны

  • 1Ұғымның жалпы сипаттамасы.

  • 2Ұғымның мазмұны мен көлемі

  • 3Ұғымның түрлері.

  • 4Қатынасты және қатынассыз ұғымдар.

  • 5Ұғымдар арасындағы қатынастар.

  • 6Дереккөздер

Ұғымның жалпы сипаттамасы.
Ұғым — объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі" ұғымын қарастырудан бастайық.
Белгілер дегеніміз — заттардың бір-біріне ұқсастықтары немесе айырмашылықтары. Демек, олардың қасиеттері мен арақатынастары да белгілерге жатады деген сөз. Бір затта екінші бір зат иеленген қасиеттердің жоқ болуы да белгіге жатады (мысалы, жолаушының біреуінде жол билеті болса, екіншісінде ол билеттің болмауы).
Кез келген заттың толық жатқан өзіне тәң белгілері болады, алайда олардың бәрі сол заттың мәнін айқындау үшін ұстанымды маңызға ие бола алмайды. Затқа тән, оның ішкі табиғатын, мәнін айқындайтын белгілер мәнді белгілер дәлінеді. Ал затқа тән болуы да, болмауы да мүмкін, оның мәнін айқындай алмайтын белгілер мәнсіз белгілер деп аталады.
Ұғым көптеген біртекті заттарды олардың мәнді белгілері негізінде саралаудың нәтижесі ретінде көрініс береді. Солай болғанда, ұғым дегеніміз — заттарды олардың мәнді белгілерімен бейнелейтін ойлау формасы.
Адамның таным қызметіндегі ұғымның маңызы үлкен. Ұғымсыз табиғат пен қоғамның объективті зандарын зерттеп білу мүмкін болмас еді. Ұғымдарды ала отырып, заңдар түзіледі, ғылымның түрлі салаларындағы пән облыстары ажыратылады, ғылыми теориялар жасалады.
Ұғымдар түсінігінің құрылуының негізі логикалық амалдарды талдау (анализ), саралау, салыстыру, абстракциялау, жалпылауға жатады.
Бұл логикалық амалдар заттарды бір-бірімен салыстыруға, олардың ортақ белгілерін анықтауға, жеке қасиеттерін ажырата алуға бағытталған. Осылай, бұл амалдарды қолданудың нәтижесі ұғымдарды тағайындауға алып келеді.
Ұғымның мазмұны мен көлемі
Кез келген заттың мазмұны мен көлемі болады. Ұғымның мазмұны деп сол ұғым туралы ойлағанда, алдымен, ойға оралатын заттың мәнді белгілерінің жиынтығын айтамыз. Мысалы, "квадрат" ұғымының мазмұны екі мәнді белгінің көмегімен, тік бұрышты болуымен және тең қабырғалылығымен айқындалады.
Ұғым көлемі сол ұғым туралы ойға оралатын заттардың жиынтығы болып табылады. Мысалы, "кітап" ұғымының келемі деп біз бұрын болған, қазір де бар және келешекте жазылатын кітаптардың бәрін айтамыз. Мазмұн мен көлем ұғымдары бір-бірімен байланысты. Ұғым мазмұнының артуы кетті көлемді ұғымның түзілуіне алып келсе, керісінше, тұжырымдалатын мазмұнның кемуі көлемнің артуына әкеледі. Бұл байланыс ұғым мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас заңының көмегімен көрініс береді. Демек, "үстел" деген ұғымның мазмұнын "жазатын" деген белгімен арттырсақ, "жазу үстелі" деген кіші көлемді ұғым аламыз. Ал "федеративті мемлекет" деген ұғымның "федеративті" белгісін алып тастасақ, "мемлекет" деген көлемді ұғымға жолығамыз.
"Үй", "белме", "қойма", "қора", ұғымдарын мәнді белгілеріне қарай ажыратып беріңдер.
Ұғымның түрлері.
Ұғымдарды олардың көлемі мен мазмүнын негізге ала отырып, төрт түрге бөлуге болады. Көлеміне қарай ұғымдар дара және жалпы болып бөлінеді. Дара ұғым деп көлемі жағынан бөлінбейтін бір ғана затты білдіретін ұғымды айтамыз (мысалы, Қазақстан Республикасы).
Жалпы ұғым, деп көптеген бір текті заттарды білдіретін ұғымды айтамыз (мысалы, "кітап", "бөлме"). Көлемдік жағынан алғанда ешқандай затты қамтымайтын ұғымды босағым деп айтамыз (мысалы, "мәңгілік қозғалтқышты"). Жалпы ұғымдар тіркелетін немесе тіркелмейтін болып белінеді. Тіркелетін ұғымдарға есепке алуға, тіркеуге болатын, кептеген ойға сиятын элементтерді қамтитын ұғымдарды айтамыз (мысалы, "Қазақстан қалалары", "Абай шығармалары"). Тіркелетін ұғымдардың көлемі шекті болады.
Тіркелмейтін ұғымдарға санын анықтауға болмайтын заттарды қамтитын ұғымдар жатады. Мысалы, "адам" деген ұғымға бұған дейін өмір сүрген, қазір тірі жүрген және келешекте дүниеге келетін адамдардың бәрін сыйғызамыз. Тіркелмейтін ұғымдар келемі шексіз.
Ұғым мазмұнына қарай төмендегідей үш жүп ұғым түрлерін бөліп шығаруға болады.
Нақты және абстрактілі ұғымдар. Өздігінен өмір сүріп жатқан белгілі бір затты немесе заттардың жиынтығын білдіретін ұғымды нақты ұғым дейміз.
Заттардың қасиеттерін немесе заттар арасындағы қатынасты білдіретін ұғымдар абстрактілі ұғымдар деп аталады. Олай болса, "тау", "өсімдік" ұғымдары нақты, ал "қараулық", "құлық", "парасаттылың" ұғымдары абстрактілі ұғымдарға жатады. Абстрактілі ұғымдар белгілерді білдіреді, сол белгілерді алып жүретін заттан тыс өздігінен өмір сүре алмайтын ұғымдар. Құптаушы және терістеуші ұғымдар. Затқа тән қасиеттерді құрайтын мазмұндағы ұғымдарды қитаушы ұғым, дейміз. Мысалы, "сауатты адам", "тәртіпті". Затқа тән емес қасиеттерді көрсететін мазмұнды білдіретін ұғымдарды терістеуші ұғым дейміз: "сауатсыз", "тәртіпсіз". Орыс тілінде терістеуші ұғымды білдіретін сөздер сөздің басында келетін "не", "без" демеуліктерімен беріледі, шет тілдерінен ауыскан кейбір сөздер көбінесе "а" приставкасынан басталады. Қазақ тілінде парсы тілінен енген сөз басында келетін "би", "бей" қосымшаларымен, сөз соңында жалғанатын "сыз", "сіз" жалғауларымен өрнектеледі. Сонымен қоса қазақ тілінде затқа тән қасиеттерді ешқандай қосымшасыз білдіретін сөздер көп: "надан", "жауыз" және тағы басқа.
Қатынасты және қатынассыз ұғымдар.
Басқалармен қатынаста болмайтын, өздері жеке өмір сүретін заттарды білдіретін ұғымдарды қатынассыз ұғымдар дейміз. Мысалы, "студент", "мемлекет". Бұл ұғымдардың мазмұнында басқа затқа қатынас көрсетілмейді. Бір-біріне қатынасы көрінетін белгілері бар заттарды білдіретін ұғымдарды қатынасты ұғымдар деп атаймыз. Мысалы, "әке — бала", "мұғалім — оқушы". Жекелеген ұғымдардың қай түрге жататыны оларға логикалық сипаттама беру жолымен анықталады. Мысалы, "Қазақстан" деген ұғымға логикалық сипаттама былай берілуі мүмкін: ол — дара, нақты, құптаушы және қатынассыз ұғым. Ал "тұрақсыз" деген ұғым сипаттамасы — жалпы, абстрактілі, терістеуші, қатынассыз ұғым. Ұғымдардың логикалық сипаттамасы олардың мазмұны мен көлемін анықтап, бұл ұғымды білдіретін сез тандап алуға мүмкіндік береді.
Ұғымдар арасындағы қатынастар.
Ұғымдар арасындағы қатынас — сол ұғым арқылы ойға оралатын заттар арасындағы қатынастың бейнеленуі. Екі ұғымның арасындағы байланыс кейде олардың арасында іс жүзінде жалпы белгілер болмайтындай тым әлсіз болуы мүмкін. Мұндай ұғымдар салыстырылмайтын шымдар делінеді. Бұлардан езге ұғымдардың бәрі салыстырылатын ұғымдар деп аталады. Мысалы, "Қазақстан Республикасы" мен "Өзбекстан Республикасы" ұғымдарын біріктіріп тұрған ұғым — олардың Орталық Азия мемлекеттері екендігі. Тек салыстырылатын ұғымдар ғана бір-бірімен логикалық қатынаста болады. Салыстырылатын ұғымдар сыйысатын және сыйыспайтын болып бөлінеді. Көлемі жағынан алғанда толық немесе жартылай сәйкестіктері бар ұғымдар сыйысатын ұғымдар делінеді. Сыйысушылық қатынастардың үш түрі болады: тең мағыналы, қиысатын және бағыныттылық қатынастары.

  1. Түрлі тіркестермен (сөзбен) айтылса да, тек бір зат қана ойға оралса, олар тең мағыналы ұғымдар арасындағы қатынастар болады. Мысалы, "Мұхтар Әуезов" (А) және "Абай жолы" романының авторы (В) ұғымдары.

  2. Біреуінің көлемі жартылай екішпісінің келемімен қиылысып келетін заттарды білдіретін ұғымдар бір-бірімен киылысу қатынасында болады. Бұл ұғымдардың мазмұндары әр түрлі. Мысалы, "студент" (А) ұғымы мен "спортшы" (В) ұғымын алайық. Кейбір студенттердің спортшы болуы әбден мүмкін.

Біреуінің көлемі екіншісінің көлеміне толығымен қамтылып жатқан заттар арасындағы қатынастарды білдіретін ұғымдар бір-бірімен бағыныштылық (субординациялық) қатынаста болады. Мысалы, "жоғары оқу орындары" (А) және "университет" (В) ұғымдары. Мұндағы (А) ұғымының көлемі (В) ұғымының көлемінен кең және оны өз кеңістігіне кіргізіп алады. Мұндағы кіші көлемді өзіне қосып алып, үлкен келемді білдіріп тұрған ұғымды (А) бағындырушы ұғым; үлкен келемнің құрамына енетін, кіші келемді білдіретін ұғымды (В) бағынышты ұғым дейміз. Егер жалпы және дара ұғымдар бір-бірімен бағыныштылық қатынастарда болса, онда жалпы (бағындырушы) ұғым түр болады да, ал дара (бағынышты) ұғым дара болып шығады. Мысалы, "Ғарышкер" және "Т.Әубәкіров" ұғымдары осындай қатынаста болады
Дереккөздер



  1. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 I

  2. ↑ Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл.

  3. ↑ Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлықбағытындағы 10-сыныбына арналған окулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет