Анаэробты ашу (Метандық ашу) – бос метан бөлу арқылы жүретін органикалық заттардың биодеструкциялық процессі. Бұл процесс жоғары және төменгі температурада жүзеге асады, бірақ мезофильді ашыту кеңінен
Анаэробты ашу (Метандық ашу) – бос метан бөлу арқылы жүретін органикалық заттардың биодеструкциялық процессі. Бұл процесс жоғары және төменгі температурада жүзеге асады, бірақ мезофильді ашыту кеңінен қолданылады.

Органикалық қосылыстар + Н2О→ СН4+СО2+С5Н7NО2+NH4+HCO3.
Биомассадағы органикалық қосылыстар (ақуыздар, көмірсулар, майлар) гидролитикалық ферменттер әсерінен қарапайым органикалық қосылыстарға (аминқышқылдар, қанттар, май қышқылдары) бөліне бастайды. Бұл кезең – гидролиз деп аталады және ацетогенді бактериялар әсерімен ағады. Екінші кезеңде гетерогенді бактериялар әсерінен қарапайым органикалық қосылыстар бөліктерінің гидролиздік қышқылдануы жүреді және соның нәтижесінде ацетат, екі валентті көмірқышқыл газы және еркін сутегі пайда болады. Ацетаттан алынған органикалық қосылыстары 2 кезеңде С1 байланысын түзеді (қарапайым органикалық қышқылдар). Алынған қосылыстар 3 кезеңдегі метан тудыратын қоректік орта болады. 3 кезең әртүрлі бактериялар тобымен алынған екі процесспен ағады.