зерттелетін заттың мөлшерін сандық анықтау үшін гравиметриялық талдауды қолдануға үйрену.
АҚПАРАТТЫ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК Анықталатын сынаманың құрамдас бөлігінің массасын дәл өлшеуге негізделген сандық талдауды гравиметриялық әдіс деп атайды.
Сандық гравиметриялық талдаудың көмегімен көптеген есептерді шешуге болады. Мысалы, заттардың атомдық, мольдік және эквиваленттік массасын белгілеп, талданатын зат құрамына енетін құрамдас бөліктердің мөлшерін анықтайды, химиялық құрамы бірдей немесе шамамен тең келетін, бірақ физика-химиялық қасиеттері әртүрлі заттың құрам бөліктерінің арақатынасын табады. Гравиметриялық талдауда анықтау қателігі 0,1-0,005%, ал титриметриялықта 0,1-0,05% болады.
Гравиметрия әдісі өте қарапайым да нақтылы болғандықтан, ғарыштық объектілерге талдау жасайды, тағамдық өнімдерге, қоршаған ортада болатын улы заттарды анықтайды, топырақтың, тыңайтқыштың және басқа заттардың құрамына талдау жасайды.
Гравиметрия әдісінің жіктелуі Гравиметрия әдісі үш топқа бөлінеді: бөлу әдісі, айдау әдісі, тұндыру әдісі.
Бөлу әдісі. Бұл әдіс зерттелетін заттан немесе материалдан анықталатын құрамдас бөлікті бос күйінде бөліп алып, соңынан дәл өлшеуге негізделген. Мысалы, қатты отыннан күлдің массалық үлесін әртүрлі сұйық материалдардағы қатты қосындыларды табады. Бірінші жағдайда талдау жасау үшін алдын-ала өлшенген тигельдегі отынды тұрақты өлшемдік массасына дейін өртеп, қаттты қыздырады. Күлдің және сынаманың массасын біле отырып, мына формула бойынша күлдің массалық үлесін есептеп шығарады:
Мұнда m0 және m-күлдің және отын өлшендісінің массасы. Талдау жасалатын сұйықтың өлшендісін сүзеді немесе центрифугалап қалдықты жуады, кептіріп, өлшейді. Мысалы: отын өлшендісінің массасын есептеп шығарамыз: