Тақырыбы: ХХ ғ. б. Алаш басылымдарындағы әдеби-сын мәселелері Орындаған: Д. Кәдірбек Тексерген: Ш. Шортанбаев Алматы, 2021 жыл ХХ ғ. б. Алаш басылымдарындағы әдеби-сын мәселелері «Дала уәлаяты»
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология және әлем тілдері факультеті
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: ХХ ғ.б. Алаш басылымдарындағы әдеби-сын мәселелері
Орындаған: Д.Кәдірбек
Тексерген: Ш.Шортанбаев
Алматы, 2021 жыл
ХХ ғ.б. Алаш басылымдарындағы әдеби-сын мәселелері «Дала уәлаяты» газеті (1888—1902). 1882 жылы Дала генерал-губернаторы құрылып, оның кұрамына Ақмола, Семей және Жетісу облыстары енгізілді. Орталығы Омбы каласы болды. 1888 жылы 1 январьда Омбыда «Дала уәлаяты» газеті шыға бастады. Баспасөз ісі жөніндегі бас басқарма оны «жергілікті халықтьі үкімет бұйрықтарымен таныстырып отыру үшін шығарып тұруға рұқсат етті». Әрине, Қазақстанды зерттеп білу максаты көзделді. Аптасына бір рет шығып, қазіргі Қазакстанның бүкіл территориясына дерлік таралды.
«Дала уәлаяты» газеті барлық патшалық губерниялық газеттердегідей ресми және ресми емес бөлімдерден тұрады. Ресми бөлімінде үкімет және әкімшілік органдардың указдары, нұскаулары, бұйрыктары басылды. Сонымен бірге «ак патшаға» адал берілгендікті сездіретін материалдар да жарық көрді.
Осы газеттің маңына топталған өздерінше прогресшіл ниеттегі қазақ интеллигенттері Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің және А.Құнанбаевтың өнегесі бойынша көшпенділерді шаруашылықты жаңаша жүргізуге, басқаша айтқанда отырықшы болып, егіншілікпен айналысуға шақырды; орысша оқып білім алуға, орыстың озат мәдениетіне жакындасуға үндеді. Олар өздерінің ізашарлары сияқты қазақ әдебиетін, ана тілін дамытуды көздеді, әйелдерді азат етуді және сондай әлеуметтік проблемаларды ұсынды.
Осындай проблемаларды талкылаудың барысында біріне-бірі қарама-қарсы екі ағым — кертартпа және прогресшіл ағым туды. Қазақ қауымының арасында сондай екі ағымның барлығын Ш.Уәлиханов елуінші жылдардың орта шенінде-ақ атап көрсеткен болатын. «Осы уақытта,— деп жазды Ш. Уәлиханов,— ескі мен жаңаның арасында елеусіздеу, бірак күшті күрес болып жатыр деуге болады».
Газет бетінде «Редакцияға хат» деген арнаулы рубрика ашылған-ды. Біреулер таңдаулы ақындардың шығармалары және халықтың ауыз әдебиетінің үлгілерін қазақ тілінде кітап, жинақ етіп бастырып шығаруды талап етті; басқалары қазақ газетіне кім немен көмектесе алар екен деп жазды. Көптеген хаттарда қазақтың жазба әдебиетін қандай жолмен дамыту керек екені туралы сөз болды. Сөйтіп қарама-қарсы екі идеялык ағымның соқтығысын бейнелейтін айтыс туды.
Ақыры прогресшіл ағымды жақтаушылардың мерейі үстем болды. Газетте ең алдымен халық туындылары және демократияшыл жазушылар мен публицистердің шығармалары басылды; сонымен бірге казактың реалистік бағыттағы жазба әдебиетінің, әдеби тілін ұстартудың негізін қалаған Абай Кұнанбаевтың, Ыбырай Алтынсариннің шығармалары басылып, олардың және Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі туралы мақалалар жарияланды.
Осы газеттің бетінде орыс әдебиеті классиктері: A. С. Пушкиннің, Л. Н. Толстойдың, В. Г. Белинскийдің, М. Ю. Лермонтовтың, И. А. Крыловтың және басқаларының шығармалары қазақ тіліне аударылып басылды.
Тілшілері мен авторлары арасында аса ірі шығыс зерттеушілері, этнографтар, фольклористер: Г. Потанин, Н. Добромыслов, В. Обручев, Н. Пантусов және басқалар бар еді. Қазақстанның барлық облыстарында газеттің тілшілері болды.
«Дала уәлаяты» газетінің редакторы міндетін Ешмұхамет Абылайханов пен Дінмұхамет Сұлтанғазин кезек атқарды. Аудармашы жане әдеби қызметкерлері, тілшілері, авторлары арасында Рахымжан Дүйсенбаев, Мұқаметжан Сералин, Асылқожа Құрманбаев, Қорабай Жапанов сияқты қазақ ағартушыларының жолын қуған демократиялық-прогресшіл адамдар болды, алғашкы екеуі кейін большевик болды.
Қазақтың ұлы ағартушыларының жолын қуушылар реакцияшыл идеологияға қарсы күресе отырып, газетте өз ұстаздарының идеяларын паш етті. Олар қазақ жастарын орысша оқуға шақырды, бұл жөнінде тағылым ретінде Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің есімін атады. Алгашкы қазақ ағартушылары сияқты қазақ әдебиеті мен тілінің даму жолын олар да орыстың озат мәдениетімен өте жакындасуынан күтті.
Мәселен, Сұлтанғазин қазақ әдебиеті шығармаларының тілі мен стилі жаңа заманның талаптарына сай өзгеруі, бейімделуі керек дейді. Оның пікірінше: біріншіден, тіл байлығы халқымыздың ұғымын, ндеясын, сондай-ақ ой-өрісін кеңейтуге себеп болмақ. Екіншіден. жаңа ұғымдар, жаңа сөз, сейлем түрлерін тудырмақ.
«Дала уәлаятының газетінде» басылған көркем шығармалардың бір тобы қазақтың өз төл туындысы болса, енді бір тобы орыс тілінен аударылған немесе шығыс әдебиетінен ауысқан үлгілері еді. Бұлардың бәрі мазмұн, көркемдік жағынан бір-біріне ұқсамағанымен, жалпы қазақтың жазба әдебиетінің дамуына ықпал етті.
Газеттің 1889 жылғы 7-санында басылған Абайдың «Жазды күн шілде болғанда» деп басталатын өлеңі «Семей оязы, Шыңғыс елінің қазағы Ибрахим Құнанбай аулының Бақанас өзенінде Көпбейіт деген жерге қонып жатқандығы түрі» деген тақырыппен берілген. Соңынан: «Кісіден үйреніп жаздым, Көпбай Жанатайұлы» деп қол қойылған. Абай бұл өлеңін 1886 жылы жазған болатын. Абайдың кейінірек басылған жинақтарында өлең Мүрсейіт қолжазбасымен 1909 жылы жарық көрген негізінде берілген.
Абай «Жазды күн шілде болғанда» тек табиғаттың көркемдігін, жайлауға көшіп-қонудың қызықтығын ғана суреттеген жоқ, сонымен қатар байлардың тәкаппарлығын, оған жалынышты кедейлердің аянышты халін көрсеткені де мәлім.
Осы өлеңнің «Дала уәлаяты» газетінде басылған тексте кедейлердің байларға жалынышты халін сипаттайтын сөздері жоқ. Қандай сөздердің жоқ екендігін білу үшін «Жазды күн шілде болғанда» өлеңінің академиялық жинақ пен газетте басылған кейбір жерлерін салыстырып көрейік.
Жинақта: Газетте:
Мал ішінен айналып, Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы жайланып Көңілі жақсы жайланып.
Байда келер ауылға Байлар келер ауылға,
Аяңшылы жылпылдап. Аяңшылы жылпылдап.
Сабадан қымыз құйдырып, Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып, Ортасына қойдырып,
Әзілдесіп сылқылдап. Әзілдесіп сылқылдап
Жал-жалдаған жас бала, . . . . . . . . . Жағалайды шешесін . . . . . . . . . «Ет әпер» деп қыңқылдап. . . . . . . . . . Көлеңке қылып басына Көлеңке қылып басына,
Кілем төсеп астына, Кілем төсеп астына,
Салтанатты байлардан Салтанатты байлардың
Самаурыны бұлқылдап Жай отырғаны сөйлемей,
Білімділер сөз айтса, Қаржалғаннан ыстықта
Бәйге атындай аңқылдап, Самаурыны бұрқылдап.
Өзгелер басын изейді,
«Әрине» деп мақұлдап.
Газеттегі текстте бірінші шумақтың үш жолы жоқ, екінші шумақтың төрт жолының есесіне мұнда «Жай отырғаны сөйлемей, қаржағаннан ыстықты» деген екі жол кірген.
Бұдан кейін Абайдың жинағында «Жаз» деген өлеңінің мынадай бір шумағы «Дала уәлаятында» тұтасымен жоқ:
Ақ көйлекті, таяқты
Ақсақал шығар бір шеттен:
«Малыңды әрі қайтар» деп,
Малшыларға қыңқылдап.
Бай «байғұсым» десін деп,
«Шақырып қымыз берсін» деп,
Жарамсақсып, жалпылдап.
Абайдың бұл өлеңі шығармаларының жинағы мен газетте екі түрлі болып аяқталады.
Жинақта: Газетте:
Мылтық асқан, құс салған, Мылтық атқан, құс салған,
Жас бозбала бір бөлек, Жас бозбалалар бір бөлек,
Су жағалап қутыңдап. Су жағалап қутыңдап.
Қайырып салған көк құсы, Қайырып салған құстары
Көтеріле бергенде, Көтеріле бергенде,
Қаз сыпырса жарқылдап, Қаз сыпырса жарқылдап,
Өткен күннің бәрі ұмыт . . . . . . . . . Қолдан келер қайрат жоқ . . . . . . . . . Бағанағы байғұс шал . . . . . . . . . Ауылда тұрып күледі, Тамашамен шалдардың
Қошемет қылып қарқылдап. Қошемет қылып қарқылдап.
Біз бұдан өлеңнің ақырғы шумағында үш жолдың қысқартылғанын көреміз.
Сонымен Абайдың «Жазды күн шілде болғанда» деген өлеңі «Дала уалаяты» газетінде толық басылмаған, байлардың рақымсыздығын сынайтын және кедейлердің байларға жалынышты екенін көрсететін сөздер қысқартылған. Мұны цензураның ісі деп білу керек. Абайдың өлеңінде «Ақ көйлекті, таяқты, Ақсақал шығар бір шеттен» дегендегі «Ақсақалы» бір тостаған қымыз үшін байға амалсыз жарамсақтанатын кедей шаруаның бейнесі екені белгілі, әрине кедейлерді байларға қарсы қоятын мұндай сөздерді патша үкіметі тұсында баспасөзде жіберуге, оның бер жағында «Дала уәлаяты» сияқты ресми газеттің бетінен орын беруге болмайтын еді. Сондықтан цензура ондай «қырын» сөздерді өшіріп тастаған, ал Абайдың:
Өткен күннің бәрі үмыт
Қолдан келер қайрат жоқ.
Бағанағы байғұс шал,
Ауылда тұрып күледі
Қошемет қылып қарқылдап, —
деген бес жолының үш жолын мүлдем өшіріп тастап, оның төртыншы жолын «тамашамен шалдардың» деп цензура түзеткен болуы керек. Мұндағы мақсат шалдың қарқылдап күлуі Абай айтқандай «қолдан келер қайрат жоқ» болған соң жағымпазданып қошеметтеу үшін күлген емес, цензураның түзетуі бойынша «тамашалағандықтан» күлген болып шығады.
«Дала уәлаяты» газетінде басылған Абайдың бұл өлеңінің текстінде де кейінгі жинақтармен салыстырғанда өзгешелік бар. Абай «Күлембайға» деген өлеңін кейінгі жинақтарындағы баспасында «Болыс болдым мінекей» деп бастап, Күлембайды өзіне өзін сынатады, сонымен қатар тек Күлембайдың ғана емес, барлық болыс атаулының сықақ болған образын жасайды. Ал, «Дала уалаяты» дәл осы мағынада шықпаған. Мұнда өлеңнің сөздері, Абайдың кейінгі жинақтарындағыдай, бірінші жақтағы атаумен емес, үшінші жақтағы атаумен сөйлейді. Салыстырып байқайық: