Тақырыбы: Хроматография. Сандық талдаудағы хроматографияның әдістері. Органикалық және бейорганикалық заттарды анықтау және бөлуде хроматографияны қолдану мақсаты



бет2/10
Дата29.11.2022
өлшемі128,35 Kb.
#53450
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тұндыру хроматографиясы. Тұндыру хроматография әдісі – талданатын қоспаның құрамындағы қосылыстардың ерігіштіктерінің айырмашылығына негізделген. Қосылыстарды тек бағанада ғана емес қағазда да бөлуге болады. Тұндыру хроматографиясы әдісімен қосылыстарды бөлу үшін тазартылған арнайы сүзгіш қағазын тұндырғыш реагенті бар ерітіндіге батырып сіңдіреді. Хроматографияланатын қосылыстар осы тұндырғыш реагентімен әрекеттесіп суда нашар еритін қосылыс түзеді. Орталықтан шетке қарай қосылыстардың ерігіштігіне байланысты сақиналар жүргізіледі. Неғұрлым екі қосылыстың ерігіштігінің айырымы жоғары болса, соғұрлым бөлу процесінің дәрежесі жоғары болады. Қағазда орындалатын тұндыру хроматографиясы әдісін Н.Ф.Кулаев ұсынған. Осы әдіспен катиондардың және аниондардың қоспасын бөлуге қолдануға болады.
Ионалмасу хроматографиясы. Бұл талдау тәсілі электролиттерді бөлу үшін пайдаланылады. Тәсіл адсорбенттің (ионит) құрамына кіретін иондар мен зерттелетін сынама иондарының қайтымды алмасу процесіне негізделген. Компоненттерді бөлу олардың ионалмасу константалары шамасының әртүрлі болуына негізделген. Кез келген иониттің құрамында қышқылдық немесе негіздік қасиет көрсететін ионогенді топтар болуы тиіс. Ионит молекуласының негізгі қаңқасында (матрицасы) ковалентті байланысқан және диссоциацияланатын топтар үлестірілген. Осы топтардың диссоциациялануы нәтижесінде қозғалмалы иондар түзіледі, оларды зарядына байланысты катиониттер және аниониттер деп бөледі. Катиониттер катиондарға алмасады және аниониттер аниондарға алмасады. Катиониттер екі топқа бөлінеді: күшті және әлсіз қышқылды, біріншісінің құрамында көбінесе сульфотоптар – SO3H болады, екіншісінде карбоксил тобы –COOH болады. Катиониттердің химиялық формуласы RSO3H, RSO3Nа немесе RH (Н+ - формасы), R-Nа (тұз формасы). Аниониттерді күшті негізді (құрамына төртіншілік аммоний негіздері кіреді), әлсіз негізді (құрамына -NH2, =NH, N топтары) деп екіге бөледі. Химиялық формуласы R-NH3OH, RNH3CI немесе R-OH негіздік түрі, RCI тұз түрі. Амфотерлі иониттер (амфолиттер) бұлар катиондармен де аниондармен де алмасады. Ионалмасу схемасын келесі теңдеулер арқылы көрсетуге болады: Катион алмасу: R-SO3--H+ + Me+ R(SO3)-Me + H+
катионит ер. ионит ерітіндіде
Жалпы түрде: R-H + Me+ R-Me + H+
Анион алмасу: [R-N(CH3)3]+OH- + An- [R-N(CH3)3]+An- + OH-
анионит ер. ионит ерітіндіде
Жалпы түрде: R-OH + CI- R-CI + OH-
Мұнда R – матрица, -SO3--H+ немесе -N(CH3)3]+OH- функционалдық топ.
Ионалмасу хромотографиясында иондарды бөлу иониттердің талғағыштығына негізделген.
Иониттерге қойылатын шарттар. 1) Иониттар қатты заттар болуы тиіс, суда және органикалық еріткіштерде ерімеуі тиіс. 2) Химиялық тұрақты болуы қажет. 3) Механикалық берік және температураға тұрақты болуы тиіс. 4) Алмасу сыйымдылығы жоғары, демек құрамында иондарға алмасатын функционалды топтарының саны өте көп болуы қажет. Иониттің алмасу сыйымдылығы 1 г құрғақ немесе 1 мл ионитпен жұтылған (алмасқан) иондардың миллимоль эквивалент санымен анықталады. Алмасу сыйымдылығы статистикалық тәсілмен (САС) немесе динамикалық тәсілмен (ДАС) анықталады. САС анықтау үшін құрамында сутегі ионы бар катиониттің нақты мөлшерін NаCI ерітіндісіне салады. Nа+ иондары иониттегі Н+ иондарына алмасады. Ерітіндідегі алмасу нәтижесінде түзілген Н+ ионын алкалиметриялық тәсілмен анықтауға болады. Құрамында қозғалмалы металл иондары бар иониттердің түрін Nа+ - форма деп атайды. ДАС анықтау үшін ішінде Nа+ формалы катионит бар бағанадан элюентте сутек иондары пайда болғанша біртіндеп тұз қышқылын жібереді (бұл жағдайда Nа+ иондары толық Н+ иондарына алмасады). Алмасу сыйымдылығының шамасы функционалды топтар санына тәуелді. Ионалмасудың қайтымдылығына регенерация процесі негізделген. Nа+ түріне ауыстырылған катионитті тұз қышқылымен жуу арқылы қайтадан Н+ күйіне келтіруге болады. Регенерация нәтижесінде иониттерді аналитикалық практикада бірнеше рет пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет