Тақырыбы: Инженерлік ізденістер кезіндегі геодезиялық жұмыстар


Атқарылатын істері және бағдарламасы



бет2/2
Дата03.12.2023
өлшемі22,17 Kb.
#133067
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
инженер

2.Атқарылатын істері және бағдарламасы
Инженерлік ізденіс жұмыстарының мазмұны және көлемі жобаланбақшы құрылыстың түрі, саласы және өлшемдеріне, жергілікті жер жағдайына және құрылыс таным дәрежесіне, сонымен бірге құрылыстың жобалық деңгейіне байланысты болады. Салу технологиялары жалпы бір-бірімен ұқсас және ізденіс жұмыстары бір тәсімді әр түрлі құрылыстар (құрылымдар) бір топқа бірігуі мүмкін: алаңдық және сызықтық құрылыстар. Алаңдық құрылысқа жататындар: елді мекендер, өндіріс мекемелері, аэропорттар және де осыған ұқсастар. Сызықтық құрылыстарға жататындар: жолдар, электрожелілер, құбырлар және де осыған ұқсастар.
Геодезиялық негіздеме ірі масштабты түсірістерді жүргізуді қажет етеді. Мемлекеттік геодезиялық тірек торларын құру және оларды жұмыстық түсіру негіздемесіне дейін дамыту геодезияның осы күнгі жетістіктерін, яғни GPS технологиясын қолдану арқылы жүргізіледі.
Глобальды позициялау жүйесі (GPS) ол арнайы навигациялық немесе геодезиялық қабылдағыштарды пайдалаиу арқылы жер бетінің кез келген нүктесінің орнын анықтаудың жер серіктік жүйесі.
Оның негізгі құндылығы мен ерекшеліктері мыналар:
- пункттер арасында тура көрінушілікті қажет етпейді;
- өлшеулердің автоматтандырылғандығынан бақылаушының қателіктері жоққа тең; 
- Жер шарының кез келген нүктелерінің координаталары тәулік бойы анықталады;
- GPS анықтамаларының дәлдігіне қар, жауын, жоғары немесе төменгі температуралар және де ылғалдылық әсер етпейді;
- өлшеу жұмыстарын жүргізудің мерзімі GPS технологиясын пайдаланғанда, бұрынғы дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, әжептеуір қысқарады;
- GPS нәтижелері цифр түрінде беріледі және де олар картографиялық немесе географиялық ақпараттық жүйеге (ГАЖ) жеңіл аударылады.
Сөйтіп, GPS технологиясын қолданғанда жер туралы бастапқы мәлімет болып, оның математикалық немесе цифрлы бейнесі есептеледі. Ол мәліметтерге жердің бедері, ситуациясы, әртүрлі табиғи геологиялық-физикалық жағдайлары, кұбылыстары және геологиясы мен гидрогеологиясы көрсетілген нысандары жатады.
Бұл мәліметтер жер бетінің цифрлы моделі сипатында бейнеленуі мүмкін. Әлбетте модель жер бетіндегі нүктелердің белгілі кеңістіктегі координаталар және олардың кодтық белгілерінің жиынтығы түрінде беріледі. Ол модельде жердің табиғи сипаттамалары, жағдайлары, объектілері мен нысандары қамтылады.
Топографиялық карталарды және арнайы мамандық карталарын жасау процесін автоматтандырудың техникалық жабдықтары пайда болуына байланысты топографиялық түсірістерді жүргізудің жетілдірілген тәсілдері қолданыс табуда. Онда топографиялық бастапқы мәліметтерді жинау және өңдеу, сонымен қатар топографиялық план мен карталарды әртүрлі автоматтандырылган, жартылай автоматтандырылған, режимде жасау жүйесі қолданылады.
Бұрыштар мен арақашықтыктарды және биіктік өсімшелерін өте жогары дәлдікпен өлшей алатын, сонымен қатар қолданыс аясы үлкен электрондық тахеометрлер геодезиялық және түсіріс негіздемелерін құруды тікелей топографиялық түсіріспен қоса жүргізе алады, ал кей кезде түсіріс өлшеулерді түсіріс негіздемесінсіз-ақ жүргізе береді. лектронды тахеометрлерді көбіне координаталық жүйеде жұмыс жүргізгенде колданады. Онда координаталар басы үшін түсіріс жүргізіліп жатқан станция алынады .

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет