Тақырыбы: Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтарға арналған қағидалар кодексі Орындаған : Сайдахмет Нұртай Топ: ия1-101 Тексерген: Сатиева Ш. С семей 2022 Қазақстан Республикасының Заңдары



бет1/2
Дата17.10.2023
өлшемі26,39 Kb.
#117650
түріКодекс
  1   2
Байланысты:
Тақырыбы Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педаго-emirsaba.org


Тақырыбы: Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтарға арналған қағидалар кодексі Орындаған : Сайдахмет Нұртай Топ: ия1-101 Тексерген: Сатиева Ш. С семей 2022 Қазақстан Республикасының Заңдары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Семейдегі Шәкәрім атындағы Университет
БӨЖ


Тақырыбы: Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтарға арналған" қағидалар кодексі
Орындаған :Сайдахмет Нұртай

Топ: ИЯ1-101


Тексерген: Сатиева Ш.С
Семей 2022

Қазақстан Республикасының Заңдары
Республикадағы инклюзивті білім беруді дамыту жұмыстарын жетілдіру және барлық балалардың білім алу құқығы келесі құжаттармен реттеледі: «Білім туралы», «Балалар құқықтары туралы», «Мүгедектер құқықтары туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетудегі қолдау туралы». Мәселен, Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» қажеттілігі айрықша деп атап көрсетілген. Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс. Қазіргі таңда балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына барлық жағдай жасалуда. Нормативті құжаттар мен актілер: «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялықэпидемиологиялық талаптар», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» (13.01.2014 жылғы өзгертулерімен және толықтыруларымен) ҚР Кодексі, Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының қызметі жөніндегі Типтік ережелер», «Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы . Қазақстан Республикасының заңдамалары, арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғауды, осыған қатысты барлық құқықтық ережелерінің сақталуын және осы балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді, олардың жоғары сапалы білім беру қызметтерін алуын, қол жетімді орта құрылуын қарастырады. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру халықаралық құқықтық актілерге бейімделген: олардың арасында адам құқықтары мен кез келген себеппен кемсітушілікке жол бермейтін мәселелерге қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым мен мәдениет мәселелері бойынша ұйымының (ЮНЕСКО) басшылығымен қол қойылатын декларациялар мен конвенциялар бар. Олардың арасында Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы (БҰҰ, 1948 ж.), Бала құқықтарының декларациясы (БҰҰ, 1959), БҰҰ-ның «Білім беру саласында кемсітушілікпен күрес туралы» Конвенциясы (1960 ж.), БҰҰ-ның «Ақыл-ойы 7 кешеуілдеген тұлғалардың құқықтары туралы» Декларациясы (1971 ж.), ҚРның Үкіметі 1994 жылы ратифицикациялаған БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» Конвенциясы (1989 ж.), Жалпыға бір білім беру туралы дүниежүзілік декларация, Джомтьен, Тайланд (1990 ж.), Дели декларациясы (1993 ж.),БҰҰның мүгедектерге тең құқықтарды қамтамасыз ету бойынша стандартты ережелері (1993 ж.), Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру саласында қағидалар, саясат пен практикалық әрекеттер және ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру бойынша қызметтердің шеңбері туралы Саламан декларациясы (Саламанка, Испания, 1994 ж.), ҚР 20.02.2015 ж. ратифицикациялаған БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясы (2006 ж.) бар. Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне мен оқу қажеттіліктеріне білім беру ортасын бейімдеу және педагогикалық тәсіл негізінде олардың тұрғылықты жерiне қарай барлық оқушылар үшін тең оқу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету – Қазақстанда инклюзивті білім беру нoрмативті-құқықтық базасының негізгі постулаттарына негізделген.
Мовкебаева З.А. және Оралканова И.А. сынды қазақстандық авторлардың

әділ жасаған ескертулері бойынша, мектепке дейінгі және мектептік оқыту тәжірибесіне белсенді түрде енгізіліп жатқан инклюзивті білім беру педагогикалық маршрутты ендіруде жаңа ережелерді талап етеді. Ол өз әрекетін тек дидактикалық тұрғыдан ғана емес, құндылықтық бағдарды өзгерту деңгейінде де қайта қарастыруды меңзейді. Инклюзивті білім берудің ең басты қағидасы даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың әр түрлі қажеттіліктеріне сай неғұрлым шектемейтін, көбірек ортаға қосатын білім беру орта жасалуы керек. Инклюзивті білім беруидеясын қолдап, оны жүзеге асыра отырып педагогтар инновациялық тәртіпте әрекет етеді.


Авторлардың айтуынша, инклюзивті білім беру жағдайындағы жалпы білім беретін ұйымдарда педагог жұмысының басты міндеттерінің бірі даму мүмкіндігі шектеулі баланы және оның отбасын жалпы білім беру ортасына енгізуді реттейтін үдерісті сапалы түрде басқару болып табылады.Бұл бағыттағы алғашқы қадам білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын, ең алдымен, өзін өзгерістегі әлеуметтік жағдайға дайындау болуы керек. Педагогтар тыңдауға үйреніп, дәйекті, шыдамды болып, әр баланың оқу мәнеріне сыйластықпен қарау керек . Сонымен қатар, оларға қажет:

  • балалар әр түрлі оқитынын, әр түрлі қарқынмен білім алатынын мойындау және осы ерекшеліктерді ескере отырып сабақты жоспарлау;


  • әрекеттерді бекітілген оқу жоспарына емес, жағдайға байланысты жоспарлау;



  • барлық балалар мектепке келу үшін және оқу үдерісін тиімді ету үшін ата-аналармен өзара әрекеттесу;


  • сыныптағы барлық балалардың және жеке әрқайсысының сұраныстарын икемділікпен, шығармащылықпен орындау;


  • әр сыныпта оқушылардың белгілі бір бөлігінің оқуында қиындықтары



  • болатындығын білу.



  • Сонымен бірге, Мовкебаева З.А. мен Оралканова И.А. [17] балаға бағдарланған оқытудың белсенді әдістерін қолдануды ұсынады. Ол әдістер:


  • барлық балаларға ойнауға, оқуға және жауапкершілікті бөлуге көмектесу;


  • оқудағы қиындықтардың дәрежесі мен ауырлығын төмендетіп, қиындықтың ары қарай дамуына жол бермеу;



  • мінез-құлық проблемаларын шешу;



  • оқу жоспарында күнделікті өмірде қолданатын дағдыларды пайдалану;



  • оқуды қызықты түрде жасау;


  • өткен материалды мектептегі және үйдегі жағдайлармен байланыстыру;



  • балалардың қызығушылығын сақтау және оларға өздерінің жеке темптерімен сәйкес оқуға мүмкіндік жасау үшін оқыту жылдамдығы мен әдістерін түрлендіру;



  • сыныпта өзара қарым-қатынасты жақсарту;



  • мұғалімге өз дағдыларын жетілдіруге көмектесу.


біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.

Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
· Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
· Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
· Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды.
Яғни ол мына принциптер:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қaрым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті білім беру жағдайындағы мектеп мұғалімі:

оған берілген балалардың денсаулығы мен өмірі үшін тікелей жауапты

мектеп сабақтарын, экскурсиялар, сыныптан тыс шаралар мен ойын-сауықты балалардың жасына сай, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және бағдарламалық материалдарға сәйкес жоспарлайды және жүзеге асырады;
сыныпта типтік білім беру бағдарламасын нәтижелі іске асыру үшін жағдай жасайды;
басқа мамандармен және мұғалімдермен бірге мерекелер, ойын-сауық және спорттық іс-шараларды дайындайды;

барлық оқушылардың біріккен іс-әрекетін жоспарлайды және ұйымдастырады (басқа мамандармен бірге);

мамандардың ұсыныстарын ескере отырып әрбір оқушыға жеке ыңғай жасайды;

балаларды отбасында тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналармен жұмыс жүргізеді және оларды мектеппен белсенді әрекеттестікке тартады;

балалардың жеке ерекшеліктерін біледі, балалардың жеке дамыту бағдарламасын жасауда және жүзеге асыруға қатысады;
баланың әр түрлі әрекет түрлерінің даму деңгейін, коммуникативті белсенділік ерекшеліктерін, мақсатқа бағытталған әрекет деңгейін, өзіне өзі қызмет көрсету, мәдени-гигиеналық дағдыларын анықтайды;

мамандардың ұсысыныстарын орындайды.

Инклюзивті білім беру жағдайындағы мектеп мұғаліміне қойылатын тағы бір маңызды талап – медициналық, психологиялық және дефектологиялық саладағы мамандармен бірге әрекет етуге дайындығы мен қабілеті. Бұндай әрекеттестіктің басты мақсаты - даму мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту, оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру екендігін түсіну қажет. Сонымен қатар, қазіргі таңда педагогтардың барлығы өздерінің белгілі бір салада «білмейтіндіктерін» мойындап, әріптесінің көмегін қабылдай алмайды. Инклюзивті білім берудің «алтын ережесі» - топта жұмыс жасау, осыған педагогтарды даярлауда ерекше мән беру керек. Арнайы педагогика саласында өзінің кемшіліктерін мойындау, әріптестері мен мамандардың көмегін қабылдау, мамандармен тұрақты байланысуға дайын болу қабілеті – топтағы жұмыстың негізі болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды енгізу жағдайындағы білім беру үдерісінің сапасын арттыру мақсатында, оның барлық субъектілеріне, яғни әкімшілік, педагогтар, мамандар, балалар мен ата-аналарға келесі ережелерді сақтау ұсынылады:
әрдайым бір-бірімен өзара әрекеттестікте жұмыс істеу;
өзін мамандар тобының мүшесі ретінде мойындау;
бір-біріне сыйластықпен қарау;
көмек беруге және алуға, кеңестер беруге, сыни ескертулер жасауға және оны тыңдауға дайын болу;
топтың ортақ мақсатын мойындау және сол мақсатқа жету үшін еңбектенуге тырысу.

Мұғалім өз жұмысында басым рөлден жаңа түсінікке ауысуы, яғни арнайы педагогика саласындағы білім жеткіліксіздігін, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың дене және психологиялық ерекшеліктерін түсінуі, мамандардан көмек сұрай және қабылдай алу маңызды. Мұғалім өзінің «кәсіби Мен» дегенді басқа мамандардың білімдеріне «бағындыра алу» қабілеті - мұғалімнің барлық әрекеті мүмкіндігі шектеулі баланы жалпы білім беру жүйесіне нәтижелі қосуға бағытталған «инклюзивті білім берудің алтын ережесіне» жатады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу бойынша педагогикалық ұжымның әрекетін координациялау үшін инклюзивті білім беру бойынша координатор деген жаңа штаттық бірлікті енгізген дұрыс (Леонтьева Е.Е. жасаған ұсынымдар). Инклюзивті білім беру бойынша координатор жоғарғы дефектологиялық білімі бар (сурдопедагог, тифлопедагог, олигофренопедагог, мұғалім-логопед, т.б.), инклюзивті білім беру саласында даярлықтан өткен және көру, есту, тірек-қимыл немесе интеллектуалды дамуында әр түрлі бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеген кез келген маман бола алады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет