Тақырыбы «Инклюзивті білім берудегі ерекше балалардың жетістігін бағалау критерийлері»


Мүмкіндігі шектеуліліктің туындау механизмдері



бет2/7
Дата05.05.2023
өлшемі121,06 Kb.
#90039
1   2   3   4   5   6   7

Мүмкіндігі шектеуліліктің туындау механизмдері:


а) Құрылымдық бұзылулар (медициналық, диагностикалық аппаратурада айқындалмауы);
б) Іс-әрекет түрлеріне қажетті дағдылардың жетілмеуі;
в) Әлеуметтік бейімделе алмау, сәтсіз әлеуметтену;
Инклюзивті оқыту – баланың тұрғылықты мекен-жайы бойынша оқуын және оқуға деген құқығын сақтау ұстанымына сүйенетін жалпы білім беретін мекемелердің білім беру жүйесі және ол үшін:
а) оқу бағдарламасы мен жоспарларын бейімдеу;
б) оқыту әдісі мен формаларын бейімдеу;
в) ерекше қажеттілігі бар балалардың әр түрлі оқу формасы мен жеке білім алу қажеттілігін есепке алу мен серіктестікте болу.
Инклюзивті білім беру – барлық балалардың жалпы білім беру үрдісіне енуі, әлеуметтік бейімделуі, жасына, жынысына, этникалық, діни өзгешелігіне қарамастан баланың жеке қажеттілігіне коррекциялық-педагогикалық, отбасылық, әлеуметтік қолдау көрсету, белсенді отбасының ықпалын қамтамасыз ету.
Кіріктірілген оқытудың формасы мен түрлері:
Толықтай кіріктірілген –
  • Дамуында бұзылуы бар балалардың нормаға сәйкес дамыған балалармен бірге оқуы ( балалардың дамуы жас ерекшелік нормаға жақын және психологиялық жағынан даяр болуы).

  • Толық емес кіріктірілген –
    - Психикалық дамуы жас ерекшелік нормадан төмен болуынан жүйелі коррекциялық көмекті қажет етуі, бірақ кейбір пәндерді бірлесе оқуға қабілеттілігінің жетіспеуі, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстарға қатысуы

1)Барлық балалардың жалпы білім беру үрдісіне енуі; 2)Жасына, жынысына, этникалық, діни ерекшелігіне, дамуындағы тежелуіне қарамастан; 3)Баланың білімдік қажеттіліг мен даралық ерекшеліктеріне ортаны бейімдеу; 4)Адекватты білімдік жағдаятты тудыру.


Инклюзивті білім беру –
Инклюзивті білім беруде Қазақстан Республикасының төмендегідей заңдарына сүйенеді:
1)ҚР «Білім туралы заңы» ;
2)«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау» .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет