Тақырыбы: Интонация компаненттерінің қызметі Мазмұны Кіріспе


Құрмалас сөйлемдердің интонациялық ерекшеліктері



бет12/13
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#12212
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Құрмалас сөйлемдердің интонациялық ерекшеліктері

І. Бір-біріне бағынбай, тең дәрежеде салаласып, тиянақты түрде құрмаласқан сөйлемдер салалас құрмалас деп аталады. Олар екі түрге бөлінеді.

1) Құрамына енген жай сөйлемдердің жалғаулықсыз, іргелесіп құрмаласатын түрі.

2) Құрамына енген жай сөйлемдердің жалғаулықтар арқылы құрмаласатын түрі.

Құрамындағы жай сөйлемдер өзара бір-бірімен мағынасына және интонациясына қарай жалғаулықсыз құрмаласқан түрлеріне мысал:


  1. Құнанбай округті басқаратын приказдың бастығы //, Майбасар

оның орынбасары болатын (М.Әуезов).




  1. Кетерде Боржабай маған амандасқан жоқ, // мен оған амандасқан

жоқпын (С.Мұқанов).



Қорытынды
Жалпы тіл білімінде интонация барлық тілдердегі сөйлемді сомдайтын ең маңызды универсалды факторлардың бірі деп есептелінеді. Ал интонацияның компоненттері барлық тілдердегі сөйлемнің әр алуан түрлерін сомдап қана қоймай, оларды дифференциялауда және бір-бірінен ажыратуда, айыруда да зор қызмет атқарады.

Сөйлеу тіліндегі сөйлемдердің мағынасына байланысты интонацияның адамдарыдң қарым-қатынасындағы алатын орны да ерекше екені белгілі. Интонация сөйлеу тілінде естілуімен қатар жазба тілінде (сөйлемде, тексте) «оқылады» деп есептеледі. Себебі жазушының өзі жазып отырғанының басқалар оқығанда қалай естілетінін, оның қандай интонациямен айтылатынын біліп, тиісті тыныс белгілерін қойып отыруының себебі сонда болса керек.

Сондықтан сөйлеу тіліндегі интонацияның жазба текстерде көрініс табуы табиғи нәрсе және жазылған тексті мазмұнына қарай дұрыстап, мәнерлеп оқу да тек қана оның интонациясына байланысты болады. Егерде текстің интонациясын өзгертіп, яғни қатар тұрған сөздердің ырғақтық топтасуын, сонымен байланысты паузасын жылжытса, оның стилистикалық реңкі ғана емес сөздерінің грамматикалық мағынасы да өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан интонациялық құбылыстар мен грамматикалық құбылыстардың арасындағы байланыс өте күрделі және құбылмалы болып келеді. Күрделі текстердегі интонацияның компоненттерін оның көріністерін оған мейлінше үңіліп, экспериментті зерттеу арқылы ғана анықтауға болады. Қазақ тілінің сан алуан синтаксистік-коммуникативтік құрылымдарында интонация және оның единицалары мен компоненттері орын алып, олар өзара әрқилы күрделі қатынастарға түсіп отырады. Түрлі синтаксистік құрылымдарда интонациялық компоненттерінің алатын орны ерекше. Оның сөйлемдегі сөздреді семантикалық – құрылымдық топтарға бөлуде, оларды бір-бірімен байланыстыруда мәні зор. Тексте интонация әр түрлі коммуникативті эмоциялық мазмұнға ие болып және өзара түрлі қарым-қатынастарға түсіп, сөйлемнің жалпы мазмұны мен эмоциялық реңін түрлендіруде айрықша қызмет атқарады.

Қорыта келгенде интонация – көп функциялы, көп қырлы, күрделі құбылыс. Тілдің басқа элементтерімен салыстырғанда интонацияның өзіне ғана тән қасиеттері мен ерекшеліктері бар. Біздің байқауымызша суперсегменттік просодикалық тәсілдер, яғни интонация компоненттері, сегменттік бөлшектерден, яғни дыбыстардан бұрын пайда болған сияқты. Сөйлеу тілінен бұрын просодикалық тәсілдер тілсіз деп есептелетін дамуы жоғары саналатын үйірлі хайуанаттарыдң өзара қарым-қатынасында пайдаланылған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет