Суннаның (хадистің) алты жинағын құранмен бірдей мойындаған көпшілік мұсылмандарды ахль-ас суннэ, яғни сунниттер деп атады. Суннизмнің негізгі айырмашылығы: алғашкы төрт халифты заңды деп мойындау; 6-хадисты ешбір күмәнсіз мойындау; суннизмнің 4 мектебінің (маликитік, шафиитік; ханифиттік ханбалитік) біріне жату. О дүниеде Құдай мен адам арасындағы қатынастарда Мұхаммед пайғамбардың ешбір қатысы болмауы; Мұхаммедтің пайғамбар, Али болса Халиф есебінде қабылдау; Шиизмге қарағанда Суннизм ағымында секталардың аздығы және т.с.с.