Тақырыбы: Қыз қандай болу керек?



Дата25.11.2023
өлшемі48,5 Kb.
#126037
Байланысты:
Қыз қандай болу керек (1)


Тақырыбы: Қыз қандай болу керек?
Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып,қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып,әдепті,сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.

Өткізу технологиясы: «Айтуға оңай...» тележобасы айдарымен


Барысы:
І. Кіріспе сөз
ІІ. Студия қонақтарын шақырып, сұхбаттасу
ІІІ. Пікірлер алмасу
ІҮ. Қорытындылау 

1 жүргізуші : Құрметті қонақтар, ұстаздар,мектеп оқушылары бүгінгі «Қыз баланың тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі» атты ток-шоуына қош келдіңіздер!


Жарық пен жылу,от пен суық жоқ жерде тіршілік те жоқ.Ал осылардың көктегі көзі – күн болса, жердегі көзі-адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды.Тәрбиесі түзелмей, елдің көсегесі көгермейді,отбасы түзелмей,болашақ түзелмейді.

2 жүргізуші : Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз-ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді.


Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады.
Бесігінде жақсы тәрбие алған,үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақатамақ. Ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр,әрі ардақты. Ол-адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана,үй ұстап,жар күтетін адал жар,ата-ене сыйлап,иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын қаламастан, бұл-өмір заңы»-деген.
Сол әдепті,инабатты,адамгершілігі мол,сыпайы қыздарды тәрбиелеу-бүгінгі мектептің,қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті екенін естен шығармағанымыз жөн. Ендеше,қыз бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісіңіз,сырласыңыз,пікіріңізді білдіріңіз. 

1 жүргізуші : Мен қазақ қыздарына қайран қалам,


Жанары, жаны жаздай жайрандаған.
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,- дегендей, қазақтың қызы-қазақтай ұлттың айнасы. Қыз баланың тәрбиесі өте салмақты,бұл нәрсеге жеңіл көзбен қарауға мүлде болмайды.Қыз баланың дұрыс жүріп-тұруы ата-ананың мәртебесі. Шешесіне қарап бой түзейтін қыздар үшін ана берген тәлімнің ықпалы ерекше. Құрсақтан басталатын тәрбие, былдырлаған сәби кезеңмен,жасөспірімдік шақ,бойжеткендік жаспен сабақтасып отырады екен. 

ІІ жүргізуші : Қыз өсіру,гүл өсірумен бірдей! Гүлге де әлсін-әлсін су құйып,ауа жеткізіп, айналасын арамшөптерден тазалап отырады ғой. Қыз да сондай. Сондықтан да мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен 3 кезеңге бөлуге болады екен.


I-кезең – Бастауыш сыныптар кезеңі – қыздарды тазалыққа,ұқыптылыққа,жинақтылыққа үйрете отырып,білімге құштарлығын арттыру.
II-кезең – 5-8сыныптар арасындағы кезең-алғашқы кезеңдердегі тәрбиені дамыта отырып,қыз баланың келешегіне ең керекті,нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу,шыншылдық, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру.

IIІ кезең – 9-11 сыныптар арасындағы қыз баланың қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты,таза махабатты түсінуге тәрбиелеу.Өнерге,мәдениеттілікке, өткен тарихқа,отаншылдыққа, отбасының алтын арқауы-негізі болуға үйрету.


8-сынып тәрбиешісі Досымбекова Ақжан Тамабайқызын «Қазақ қызы қандай болу керек» тақырыбында баяндама оқуға шақырамыз. Енді өз құрбыларымыздың айтар сөзін тыңдасақ.
8-сынып оқушысы Мұқажан Наурызбекті шақырайық
1.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деген: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ».
Әдемі қыз –  
Көрікті қыз –  
Әсем қыз –  
Ажарлы қыз –  
Шырайлы қыз –  
Ару қыз – 
Әдемі қыз – баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын.
– Көрікті қыз – көрген жанды үйіріп, сөйлесе баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын.
– Әсем қыз – жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.
– Ажарлы қыз – дене бітімі жинақы, сөзі салмақты, ісі тиянақты.
– Шырайлы қыз – көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр.
– Ару қыз – бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі
8сынып оқушысы Жексембай Абылайды ортаға шақырайық
2. «Қызға қырық үйден тыю» 1. Жарыса сөйлеуге, 2. Жалғыз қыдыруға, 3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге, 4. Орынсыз ұрынуға, 5. Басқаларға қол тигізуге, 6. Өтірік, өсекке 
7. Суық жүріс, сумаң қылыққа, 8. Кісіге қарай керіліп есінеуге, 9. Талтайып отыруға, 10. Шалқайып жатуға, 
11. Тамақты обырлана асауға, 12. Ұрлық қарлыққа, 13. Ұятты мүшелерін ашып жүруге, 14. Бұраңдап қылмысуға, 15. Қызыл іңірде жатуға 16. Түске дейін ұйықтауға, 17. Кісі алдында киім ауыстыруға, 18. Салт-дәстүрден аттауға, 19. Елді ғайбаттауға, 20. Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға, 21. Ішімдік пен шегімдікке, 22. Ұрыс-керіске, 23. Беттен алып, бет жыртысуға, 24. Қараулыққа, ысырапқа, 25. Рахымсыздық пен қатыгездікке, 26. Түнде суға жалғыз баруға, 27. Жат жыныстылармен арласып жатуға, 28. Айқайлап сөйлеуге, 29. Әдепсіз сөзге, 30. Тарс-тұрс етуге, 31. Адам мен жануарларды тебуге, 32. Кісіні қорлап жәбірлеуге, 33. Тәкәппарлық пен сыйқымазақ жасауға, 34. Айғай сүреңге, 35. Шектен тыс сыланып жасануға, 36. Қызғаншақтық пен күншілдікке, 37. ,Менмендік пен өзімшілдікке, 38. Алдап-арбауға, 39. Көрсеқызарлыққа, 40. Нәпсі құмарлыққа

8сынып оқушысы Изет Серікболды шақырайық


3. Қай кезде де түзу болсын сәлемің,
Қадір тұтар сонда сені бар елің.
Білімді бол ісмерлікке бейімді
Өміріңе керек болар кейінгі.
Жан болмасаң жасында әдеп көрмеген,
Үлкен жолын кесіп өтпе көлденең.
Шектен шығып, сәнқойлыққа ұрынба.
Бетті бояп, қайшы салма бұрымға.
Ұятты бол, сақта арыңды жасыңнан
Сонда ғана бақ кетпейді басыңнан.
Қума босқа мақтан менен желікті,
Қыз дегенің қылығымен көрікті.
Ісің бітпей әңгіме айтпа көпіріп,
Содан шығар өсек пенен өтірік.
Түн ұйқысын төртке бөлген сен үшін
Ата-анаңды сыйлап өту борышың.
Биязылық сенен тапсын жарасым,
Сақта есіңе, сен болашақ анасың.
Жастан үйрен ұлттық әдеп-ғұрыпқа,
Қазақ қызы екеніңді ұмытпа!

8-сынып оқушысы Сары Айдынды шақырайық


4. Жеті жетекшіні ұстануға тырыс
Ақ жолға бастайтын жеті жетекші бар, осыны бойына сіңіре білген, қалыптастыра білген адам – тәрбиелі адам.
• Адамның басшысы – ақылы,
• Жетекшісі – талап,
• Жолаушысы ой,
• Жолдасы – кәсіп,
• Қорғаны – сабыр,
• Қорғаушысы – мінез,
• Сынаушысы – халық. 

8-сынып оқушысы Шаймхан Нұрболатты шақырайық Өз сыныптастарымыздың пікірлерін тыңдадық енді қонаққа келген ұлағатты ұстаздарымызбен ой бөлісейік.


1 жүргізуші : Тәңірінен болғанымен таңғы асы


Аналардан бастау алар ар басы,-дей келе бүгінде _________________________ сізді қыз баланың тәлімі мен тәрбиесі жөніндегі сұхбатымызға шақырамыз.
__________ апай: Сіздердің кездеріңізде қыздардың тәрбиесі қандай еді? Қазіргі қазақ қыздарының тәлім тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?

2 жүргізуші : Біз ата-ананы пір тұтқан тегімізді атадан, тілімізді анадан бастаған халықпыз. Атасыз ұл ақылға жарымас,анасыз қыз жасауға жарымас», «Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе» - дегендей қонаққа келген________________________ сұхбатымызға шақырамыз.


- Сіз қандай бойжеткен болдыңыз? 
- Қыздарға берер қандай ақыл-кеңесіңіз бар?

_____________ пікірі тыңдалды.

1 жүргізуші : Қазіргі студиямызға ой бөлісуге 9 сынып жетекшісі, ұлағатты ұстаз Бекбосынова Рима апайды шақырайық. Мына бейнекөріністі көре отырып, қазіргі кезде қыз балалардың тәрбиесінде алаңдататын қандай нәрселер бар деп ойлайсыз?

Көрініс қойылады. 


«Жақсы қыз бен жаман қыз»
Рима апай: 

2 жүргізуші : Тәрбие ісінің меңгерушісі Дәуренбекова Аяулым апайға мынандай сауал қойғымыз келеді. «Қазіргі қазақ қыздары бұзылу қаупін кешіруде» - дегенге не дейсіз? Мектебіміздегі қыздардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма? Аға-буынның қыз тәрбиесі жөніндегі ой-пікірін тыңдадық.


1 жүргізуші : Қыз бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Бірақ,бүгінгідей қоғамның аласапыран кезеңде де қыз балаларды жан-жақты тәрбиелеу,уақыт күттірмейтін мәселе.


Енді келген қонақтар пікірін тыңдасақ:
өз ойларыңызбен бөлісіп, қыздарға ақыл-кеңестер берсеңіздер.

2 жүргізуші : Көп рахмет, сіздерге.


Енді келген қонақтар пікірін тыңдасақ:


өз ойларымен бөлісіп, қыздарға ақыл- кеңестерін айтты
Қорытындылау : Видеоролик көру.

1 жүргізуші -«Қыз» – ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны, бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп,ұлт қатарын көбейтеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет ғұрпын, салт санасын,дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы әрине, әйел-ана. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Ана-барлық өмірдің бастауы.Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және біршама қауымның міндеті.


2 жүргізуші - Қыздар! Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған осынау бір елімізге адал перзент,асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Ақылды болыңдар! Сұлу да сымбатты болыңдар! Саналы болыңдар! Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ, ұрысқақ болмаңдар!


Инабатты,ілтипатты,ұйымшыл болыңдар! Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы – сендерсіңдер!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет