№3-Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Жалпақ құрттар типі. Дигенетикалық сорғыш құрттар класы.
Сабақтың мақсаты: Бауыр сорғыштың систематикасымен танысу. Бауыр сорғыштың сыртқы және ішкі құрлысымен даму кезеңімен танысып және суреттерін белгілеу. Жалпақ құрттар типі.
Қажетті құрал-жабдыктар: лупалар. микроскоптар, бауыр сорғыштын макро-микропрепараттары, бауыр сорғыш құрттын даму кезеңдері бар таблицалар.
Жалпы түсінік.
Бауыр сорғыштың денесі бас жағынан конус сияқты кисыңкы келген жапырак тәріздес пішінді болады. Денесінің ұзындығы 20-50мм, ал жалпақтығы 8-13 мм. Денесінің алдыңғы ұшында ауыз сорғышы, ал одан кейінгі құрсақ жағында-құрсақ сорғышы орналасқан.
Осы ауыз сорғышы мен құрсақ сорғышының арасында жыныс тесігі орналасқан. Денесінің соңғы ұшында зәр бөліп шығару тесігі болады. Тері ет-қапшығы кірпікшелі құрттардікіне сәйкес келеді. Негізгі айырмашылығы сорғыштардың денесінің сыртынан кутикуламен емес тегументпен жабылуында. Оның үстіңгі қабатын плазмалык мембрана деп, ал астыңғы қабатын базальдық мембрана деп атайды. Базальдық мембрананың астында сақина салалы, қиғаш және ұзын салалы ет қабаттары болады.
Ас корыту жүйесі. Ас корыту жүйесі денесінің алдыңғы ұшындағы ауыз жабысқақсорғышының ортасында орналаскан ауыздан басталады. Ол жұтқыншаққа, жұтқыншақ өңешке, өңеш ішекке жалғасады. Ішегі тұйық болып бітетін екі ұзын тармақтан тұрады, бұдан көптеген өсінділер шығып, тарамдалған. Аналь тесігі болмайды, корытылмаған ас калдықтары қайтадан ауыз аркылы сыртқа шығарылады.
Эндопаразиттік тіршілік етуімен байланысты қан айналу, тыныс алу жүйелері, сезу мүшелері жойылған.
Нерв жүйесі. Нерв жүйесі жұтқыншақтың екі бүйірінде орналасқан бір жұп ми ганглиясынан тұрады. Одан алға қарай ауыз сорғыштарын нервтендіретін бірнеше нерв сабақшалар артқа қарай әдетте ұш жұп: арқа, бүйір және құрсақ нерв сабактары басқаларынан біршама жақсы жетілген. Арқа, бүйір және құрсақ нерв сабақтары өзара нерв комиссураларымен жалғасып жатады. Тыныс алу және қан айналу системалары болмайды.
Зәр шығару жүйесі. Бауыр сорғыштың зәр шығару мүшесі өте күрделі тармақталған түтікшелерден тұрады. Олар өзара қосыла келіп, денесінің ортасындағы бір ғана каналға жинақталып, денесінің -артқы ұшынан сыртқа ашылады. Терминальдық клеткалар бүкіл денесінде бытырап жатады, яғни бауыр сорғыштың зәр шығару жүйесі- протонефридия,
Жыныс жүйесі. Бауыр сорғышы қос жынысты ІгермзфродиттіІ организмдер. Аталық жыныс жүйесі күшті тармақталған бір жұп тұқым бездерінен тұрады. Одан екі тұқым жолы шығып, ол екеуі бауыр жа- бысқақ сорғышының; жоғарғы жағында қосылып, бір тұқым жолына айналып, ол аздап кеңейіп тұқым қалтасын құрайды. Одан кейін жіңішкерген тұқым шашқыш каналға айналады.
Аналық жыныс жүйесі сыңар жұмыртқа безінен, сары уыздан, Мелис денешігінен және жатыннан тұрады. Жұмыртқа безінде жұмыртқа пайда болып, жұмыртқа жолына келеді. Сары уыз безінде қоректік сары уыз клеткалары қалыптасады, Сары уыз безі бауыр сорғышының бүкіл екі бүйірін, артқы бөлігін алып жатқан көлемді без. Оның екі бүйіріндегі пайда болған сары уыз клеткалары бүйір каналдарына, одан көлденең каналдар арқылы жұмыртқа жолының ұшының жұмыртқа шығатын жеріне келіп құйылады. Осы жерде жұмыртқаның ұрықтану және жұмыртқаның қалыптасу процесі жүреді.
Ұрықтану кезіңде тұқым шашкыш аналык жыныс тесігі арқылы жатынға тұқым клеткаларын жібереді. Ол ары қарай оотипке барған кезде, ол жерге жұмыртка келіп ұрықтанады. Ұрыктанған жұмыртка сары уызбен қоршалып, қабығы пайда болып, жатынға түсіп, жатында Мелис денешігінен бөлінетін сұйык оның жыныс тесігіне қарай жылжуына әсер етеді. Осындай жұмыртқалар өт жолымен ұлтабарға, ащы ішек, тоқ ішек, тік ішекке барып, калдың затымен сыртка шығып, ары қарай даму үшін суға түсу керек, суға түскен жұмыртқаның қақпағы ашылып, денесі кірпікшелерімен жабылған мирацидий дернәсілі шығады. Мирацидийдің алдыңғы ұшында ми ганглиясы, көзшесі және ерекше безі болады. Ондай безден бөлінген зат мирацидийдің аралық иесінің денесіне енуіне себепші болады. Аралық иесі кіші тоспа су ұлуы. Оның денесіне түскесін мирацидий әдетте бауырына немесе жыныс безіне барып орналасу керек. Орналаскан соң кірпікшелері, көзшелері жойылып, спороцистаға айналады. Спороциста қозғалмайтын, қалта тәрізді стадиясы, оның ішінде ұрық шарлары жетіліп, партеногенетикалық жолмен редиялар пайда болады. Редия денесі сүйір, аузы, жұтқыншағы, қысқа ортаңғы ішегі бар козғала алатын дернәсіл. Ол өз тарапынан тағы да редиялар немесе ерекше дернәсілдер церкарийлер түзіледі. Церкарий денесі жұмыртқа пішінді, ми ганглиясы, екі жабысқақ сорғышы, екі тармақты ортаңғы ішегі, зәр шығару мүшесі, жыныс жүйесінің нұсқасы, денесінің артқы ұшында жүзуіне мүмкіндік беретін құйрығы бар дернәсіл.
Церкарий аралық иесінің организмінен шығып, суға түскесін құйрығы жойылып, циотамен қоршалып адолескарияға айналады. Олар судың бетінде жүзіп жүреді, немесе су өсімдіктеріне бекініп тұрады. Ақырғы иесінің ішіне түсу үшін сумен бірге, немесе шөппен бірге ішіне түсу керек. Осындай жолдармен малдың ішіне түссе, ішекке барғасын қабығы еріп, кішкене сорғыш кұрт шығып, ішек керегесінен қанға өтіп, қан арқылы бауырға барып орналасып, өсіп ересек құртқа айналады.
Тапсырмалар
I.Систематикасымен танысып, альбомға жазып алу.
2. Лупамен бауыр сорғыш құрттын ылғалды препараттарынан ауыз және құрсақ сорғыштарын және жыныс тесігін табу керек.
3. Бауыр сорғыштын тұрақты микропрепараттарын микроскоптың кіші ұлғайтқышымен қарап, ішкі мүшелерін анықтау
4. Бауыр сорғыштын ішкі құрылыстарының және даму кезеңдерінің суреттерін таблицаларға қарап салып, мүшелерін белгілеңіздер.
5. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.
Қайталауға арналған сұрақтар.
1. Бауыр және ланцет тәріздес сорғыштардың паразиттік тіршілікке бейімделген қандай белгілері бар?
2. Сорғыштардың дене пішіні кандай болып келеді?
3. Ас қорыту мүшелері қандай бөліктерден тұрады? Тамақ қалай сіңіріледі?
4. Зәр шығару процестері қалай жүреді?
№4-Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Жалпақ құрттар типі. Таспа құрттар классы. ЦЕПЕНЬДЕР ОТРЯДЫ.
Сабақтың мақсаты: Таспа құрттардың систематикасымен танысу. Цепеньдердің сыртқы және ішкі құрлысымен даму кезеңімен танысып және суреттерін белгілеу.
Қажетті құрал-жабдыктар: лупалар. микроскоптар, бауыр сорғыштын макро-микропрепараттары, бауыр сорғыш құрттын даму кезеңдері бар таблицалар.
Сурет 1. Сиыр цепенінің даму кезені, Суреті салып белгілеңіз.
Сурет 2. Шошқа цепеніңі даму кезені, Суреті салып белгілеңіз
ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ. ТАСПА КҰРТТАР КЛАСЫ. Лентецтер отряды.
Сабақтың мақсаты: Лентецтер отрядының өкілі кең сақиналы таспа құрттың құрылысымен және даму кезеңімен танысу.
Қажетті құрал-жабдықтар: кең сақиналы таспа құрттың суретті, интернет фотолар, микротаблицалар.
Жалпы түсінік.
Кең сақиналы таспа құрт ұзындығы 15м-ге дейін жететін аса қауіпті паразит. Оның басқа таспа құрттардан ерекше тән көптеген белгілері бар:аІ Басқа таспа құрттар тәрізді басында жабысқақ сорғыштары, ілмекшелері жоқ. Кең сақиналы таспа құрт өзі тіршілік ететін организмдердің ащы ішегінің керегесіне басының екі бүйірінде болатын саңылау тәрізді сайшалары-ботрияларымен бекінеді.
Дене сақиналарының ұзындығына қарағанда ені біраз жалпақ болып келеді. Сондықтан оларды кең сакиналы таспа құрттар деп атап кеткен. вІ Ұрықтанған жұмыртқаның дамып дернәсіл қалыптасу процесі баска таспа құрттардағыдай бір иеде өтпей, екі аралық иеде өтеді. гІ Ақырғы, немесе негізгі иесі біреу ғана болмай, бірнешеу болып келеді. Өйткені балықпен қоректенетін организмдердің барлығы дерлік Іадам, мысық, түлкі, карсақ т.б.І кең сақиналы таспа құрттың акырғы иесі бола алады.
Кең сақиналы таспа құрт көбінесе адамның ащы ішегінде кездесетін, денесі көптеген сақиналардан тұратын 14000, одан да көбі, аса кауіпті эндопаразит. Көбінесе адам организміне шала пісіріп, шала қуырып жеген балық етіндегі дернәсілі арқылы немесе шала тұздаған балық етін жеген кезде түседі.
Кең сақиналы таспа құрттың ұрықтанған жұмыртқасы ары қарай даму үшін, акырғы иесінің ішінен шыкққсын суға түсу керек І23- суретІ. Әр түрлі себептермен суға түссе, ондай жұмыртқадан шар тәрізді, сыртында кірпікшелері бар ішінде алты ілмекті онкосферасы бар корацидий дернәсілі шығады.
Ол дамуын жалғастыру үшін 6ірінші аралық иесі ұсақ шаян-циклоптың ішіне түсу керек. Оның ішіне түскесін екінші дернәсілдік сатысы-процеркоидқа айналады. Процеркоидтың дене пішіні ұзынша болып келеді де, денесінің артқы ұшында шар тәрізді-церкомер деп аталатын ілмектері бар өсіндісі болады. Циклоптың дене қуысында біраз болғаннан кейін жыртқыш балықтардың Іекінші аралык иесіІ- шортан, алабұға, нәлім сияқ- ты балыктардың ішіне түсу керек. Олар циклопты жұтып процеркоидты ішіне түсіреді. Балықтың қарнына барғасын церкомерін жоғалтып, балықтың бұлшық етіне, бауырына және басқа мүшелеріне барып, үшінші дернәсілдік сатысына-плероцеркоидқа айналады. Бұл дене мөлшері 6 мм шамасында болатын, айқын бөлінбеген басының екі жағында ботриясы бар, құрт тәрізді дене. Плероцеркоид дамып, ересек организмге айналу үшін акырғы иесінің организміне түсу керек. Сондықтан балық ұсталып, немесе басқа бір себептерден акырғы иесіке қорек болғанша балық организмінде тіршілігін жоймай жүре береді.
Кең сакиналы таспа құрт адам ішінде көбейіп кетсе адамды қан аздыққа шалдыктырады. Көбінесе ауруға шалдыкқыру себебі олардың ішекке бөліп шығаратын улы затының мөлшеріне байланысты болады. Одан сақтану үшін балықты әбден тұздап, жаңа ұсталған балықты дұрыс қуырып, дұрыс пісіріп жеу керек.
Тапсырмалар
1.Систематикасымен танысып, альбомға жазып алу.
СИСТЕМАТИКАСЫ
Жалпақ құрттар типі - Plathelminthes
Тaспа құрттар класы - Cestoda.
Ленцтер отряды - Pscadophyllidea
Өкілі: кең сақиналы таспа құрт – Diphyllobotrium latum
2. Кең сақиналы таспа құрттың ылғалды -препаратын лупамен қарап, ботриясын және сақиналарының пішініне назар аудару.
3. Кең сақиналы таспа құрттың бас бөлімінің және даму кезеңдерінің суреттерін салып, тиісті белгілерін кою.
4. Кең сақиналы таспа құрттың даму кезеңінің сызба нұсқасын альбомға жазу.
5.Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.
6. Тапсырма
Кестені толтырыңыз: "Жалпақ құрттардың салыстырмалы сипаттамасы" .
Өкілі
|
дене өлшемі
|
аралық иесі
|
негізгі иесі
|
Мекендейтін орны
|
Бауыр сорғыш құрт
|
|
|
|
|
Мысық қос езуі
|
|
|
|
|
Кең сақиналы таспа құрт
|
|
|
|
|
Сиыр цепені
|
|
|
|
|
Шошқа цепені
|
|
|
|
|
Мәні бар мынадай терминдерді түсіндіріп жазыңыз:финна, сколекс, стробила,
проглоттидтер, терминалды жасушалар, онкосфера, негізгі иесі, аралық иесі.
Қайталауға арналған сұрақтар.
1. Кең сақиналы таспа құрттың баска таспа құрттардан қандай ерекшеліктері бар?
2. Ботрия дегеніміз не және ол не үшін керек?
3. Даму кезеңінде қандай дернәсілдер болады?
4. Кең сақиналы таспа құрттың қандай соңғы және аралық иелері бар?
Электрондық материалдар
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ электрондық кітапханасы
http://kazatu.kz/ru/obrazovanie/elektronnie-izdaniya/
2. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап | Дәуітбаева...
b-ok.org›book/3285528/fe4d22. | download |
3. Электронная библиотека КазНУ | Дәуітбаева, Күләш...
elib.kaznu.kz›book/4372
4 "Зоология" пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
bagdar.info›zoologiya-peni-bojinsha-ou-…
5. Омыртқасыздар зоологиясы
er.semgu.kz›Омыртқасыздарзоологиясы
6. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 2-кітап...
twirpx.com›file/2216579/
№5 - Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Жұмыр құрттар типі. Нематодалар класының жіктелуі.
Аскаридалардың сыртқы және ішкі құрылысы мен даму кезеңімен танысып (шошқа және жылқы аскаридалары) және суреттерін белгілеу. Жануарларда кездесетін жұмыр құрттар түрімен танысу, басқа құрттар түрімен дифференцациялай білу.
Сабақтың мақсаты: Жылқы аскаридасының және острицалар мысалында жұмыр құрттардың систематикалық жағдайы мен дене құрылыстарының және даму ерекшеліктерімен танысу
Қажетті құрал-жабдықтар: микроскоптар, формалинде қатырылған аскаридалар, аскарида денесінің көлденең кимасы бар және острицалардың микропрепараттары, таблицалар.
Жалпы түсінік.
Жылкы аскаридасының аналығының ұзыңдығы 37 см-ге дейін жетеді. Дене тұрқы өте созылыңқы болып, ұштарына қарай біртіндеп сүйірлене түседі, ал колденеңінен қиып қарағанда жұмыр болады. Денесінің сырты кутикуламен қапталған. Кутикуланың астында гиподерма және бұлшык еттер қабаты орналаскан. Осы аталған компоненттер тері-ет қапшығын түзеді. Еттері ұзын бойында төрт таспа түрінде болады: екі арқа және екі құрсақ. Ал олардың арасында төрт гиподерма білігі орналасқан. Гиподерманың бүйір біліктерінен зәр шығару каналдары өтеді, ал арқа және құрсақ біліктерінен арқа және құрсақ нерв тізбектері кетеді.
Тері-ет капшығы мен ішектің арасында дененің алғашқы куысы жатады. Бұл қуыстың өзінде меншікті қабырғасы болмайды және де ол қуыс көп сұйықтыққа толы болады. Оның кұрамында валериан қышқылы болғандықтан, сол себепті үлкен улылык касиетке ие.
Ас корыту жүйесі үш ерін төмпешігімен қоршалған ауыздан басталады І24-суретІ. Ауыз кутикуламен астарланған эктодермальды жұтттқыншаққа жалғасады. Оның керегесі бұлшык етті, ал кейбіреулерінің жұтқыншағында хитинді тісшелері бар. Жұтқыншақтың артқы ұшын бульбус деп атайды. Жұткыншақтан кейін энтодермалық ортаңғы ішек келеді. Оның керегесі бір кабатты эпителийден тұрады. Ет талшықтары болмайды. Ортаңғы ішек ешқандай иін жасамай дене қусында бос жатады. Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардың ас қорытуларынан ерекшелігі-ас клеткадан тыс ортаңгы ішектің қуысында қорытылуында. Ортаңғы ішек қысқа эктодермалық артқы ішекке жалғасады. Артқы ішекте алдыңғы ішек сияқты кутикуламен астарланған.
Тамақтың корытылуы негізінен ортаңғы ішекте жүреді. Өйткені жұткыншақта арнайы бездер болады да, олардан бөлінген сөл тамақпен бірге ортаңғы ішекке келеді. Сөйтіп оның құрамындағы ферменттердің әсерінен тамақ қорытылып, ортаңғы ішектің керегесі арқылы денеге сіңіріледі. Қалдық заттар артқы ішек аналь тесігі арқылы денеден бөлінеді. Тіршілік ету тәсіліне қарай жұмыр құрттардың қоректік заттары, қоректену тәсілі түрліше болып келеді. Қан айналу және тыныс алу жүйелері болмайды.
Сурет 1. Аскариданың ішкі құрылысы. Суреті салы, белгілеңіз.
Нерв жүйесі және сезім мүшелері. Нерв жүйесі жұтқыншақ айналасындағы сақинасынанжәне оған жанасып жатқан нерв клеткаларының шоғырлануынан пайда болған ганглиядан тұрады. Нерв сақинасынан бас бөліміне- ерін төмпешіктеріне қарай алты нерв сабақшалары кетіп, ерін төмпешіктерінде болатын өсінділерді нервтендіреді. Денесінің артқы бөлігіне жұтқыншақ айналасындағы нерв сақинасынан алты нерв сабақтары кетеді. Оның ішінде біршама жақсы жетілгені құрсақ гиподермасындағы білікте орналасқаны. Жұтқыншак айналасындағы нерв сақинасы, онымек байланысқан ганглия және құрсақ нерв сабағы орталық нерв жүйесін құрайды. Құрсақ нерв сабағынан басқа гиподерма арқылы өтетін арқа, екі бүйір және терт өте жіңішке нерв сабақтары болады. Мұндай нерв сабақтары негізінен ганглиядан таралады. Құрсақ және арқа нерв сабақтары өзара жартылай нерв сақиналары арқылы жалғасып жатады.
Сезу мүшелері нашар жетілген. Олар ұсақ өсінділер, қылтандар түрінде болады да, негізінен денесінің алдыңғы бөлігіне шоғырланады.
Зәр шығару жүйесі. Аскаридалардың зәр шығару жүйесі екі канал түрінде болады да, бүйіріндегі гиподермада болатын біліктің ішіне орналасады. Бұл каналдар денесінің артқы бөлігінен тұйық болып басталып, алдыңғы бөлігіне жақындағанда құрсақ бөліміне қарай иіліп екеуі қосылып, бір каналға айналып, құрсағында болатын зәр тесігі арқылы сыртқа бөлінеді. Бұдан басқа аскаридаларда жұлдыз тәрізді фагоцитарлы клеткалар болады. Ол клеткалар дене қуысына жинақталатын ыдыраған өнімдерді өздеріне шоғырландырады, әрі бос оттегін организмнің пайдалануын реттеп отырады.
Жыныс жүйесі. Аскаридалар дара жынысты, бұларда жыныс диморфизмі айқын байқалады. Жыныс диморфизмі дегеніміз аталық және аналығын сыртқы пішініне қарап ажыратуға болады. Әдетте аскарида- лардың аталығы қысқа, жіңішке, артқы ұшы қармақ тәрізді иіліп тұрады. Керісінше аналығы біршама ұзын, жуан болап келеді. Жыныс мүшелері түтік пішінді болып, дене қуыстарында орналасқан. Аналықтарында қос, ал аталықтарында тақ бездері болады. Аналық жыныс мүшелері оң және сол жұмыртқа бездерінен тұрады, бұлар өте жіңішке түтік түрінде болады. Ол біртіндеп жуандап жұмыртқа жолына айналады. Бұл ішінде жұмыртқа клеткалары болмайтын қуыс түтік. Жұмыртка жолы біршама жуан бұлшық етті мүше жатынға жалғасады. Оның ішінде ұрықтану кезінде келген тұқым клеткалары сақталады. Жатында жұмыртқа ұрыктанады, сонымен қатар ұрықтық дамудың алғашқы сатысы басталады. Жатын өзара қосылып, сыңар қынапқа айналады. Қынап көбінесе денесінің алдыңғы ұшына жақын құрсақ жағынан сырт- қа ашылады.
Аталық жыныс безі бір ғана жіңішке түтік тәрізді тұқым безінен, аздап жуандау түтік тұқым жолынан, артқы ішекке ашылатык тұқым жинағыш каналдан тұрады. Ішектің артқы ұшы клоакаға айналып, оның ішінде ұрықтандырғыш мүше орналасқан. Ол ұзын екі қылтаннан - спикуладан тұрады. Ұрықтану кезінде спикула клоакадан шығып, аналық организмнің жыныс мүшесіне сперматозоидтарын жібереді.
Аскариданың ұрықтанған жұмыртқасының сыртында бірнеше қабаттан тұратын, күшті жетілген қабығы болады. Ондай кабық сыртқы ортада ұзак уакыт болғанда даму қабілетін жоймай жата беруіне мүмкіндік береді . Қолайлы жағдай туғанда ұрықтанған жұмыртқаның ішінде дернәсіл дамиды.
Ішінде калаптасқан дернәсілі бар жұмыртқаны инвазийлі жұмыртқа деп атайды. Осындай жұмыртқа әр түрлі себептермен жылқының, шошқаның ас корыту жолдарына өтсе, одан кішкене құрт шығып ішек керегесі арқылы қанға өтіп бауырға, одан бауыр венасы арқылы жүрекке, жүректен өкпеге, өкпеден ауызға келіп сілекеймен қайта жұтылса, ащы ішекке барғасын жетіліп ересек құртқа айналады.
Острица дене мөлшері-аналығнның 10-12 мм, ал аталығының 2-5 мм болатын ұсақ құрт. Аталығының денесінің артқы жағы доғалдау болса,аналығының артқы жағы сүйір болып келеді, оны құйрық деп атайды І25-суретІ. Ұрғашы острицаның бас бөлі- мінде кутикулді төмпешік- везикулдары болады. Денесінің алдыңғы жағында ау зы, одан кейін жіңішке өңеші кетеді. Өңешінің кеңейген жері бульбусы болады, ол ішекпен жалғасады да сыртқа аналь тесігі болып ашылады.
Острицалар дамуы кезінде иесін ауыстырмайды. Ұрғашылары ұрықтанғсын тік ішек арқылы аналь тесігіне барып, одан сыртқа шығып, айналасындағы теріге жұмыртқаларын салады. Осы кезде қатты қышытып, балалардың мазасы кетеді. Орта есеппен бір аналық тіршілігі барысында 11000 дай жұмыртқа салады. Жұмыртқалары өте ұсақ болғандықтан кеңістікке өте тез таралады. Оларды балалардың төсек орнынан, іш киімдерінен, парталарынан, еденнен тауып алуға болады. Жұмыртқаларының эмбриональдық дамуы аналық организмнің денесінде өтеді де, салынған жұмыртқадан 6 сағаттан соң дернәсіл пайда болады. Сондықтан мұндай жұмыртқаны инвазийлі жұмыртқа деп атайды. Егер лас қолмен бірге осындай жұмырткалар ауызға, одан ас корыту жолдарына түссе, одан ересек острица пайда болады.
Ішінде острицасы бар адамдар 2-3 күн, күніне екі таблеткадан биомицин Іертеңгісін, кешкісінІ ішсе, острицалардан арылуға болады. Өйткені острица ток ішектегі бактериалармен қоректенеді. Биомицин ішектегі бактерияларды жойып жібереді де, острица қоректенетін ешнәрсе болмайды. Соның нәтижесінде острицалар қырылып қалады. Острицадан сақтану үшін гигиеналық ережелерді, жеке бастың гигиенасын сақтау керек.
Тапсырмалар
1.Систематикасымен танысып, оны альбомға жазып алу.
СИСТЕМАТИКАСЫ
Жұмыр құрттар типі - Nemethelminthes
Нағыз жұмыр құрттар класы – Nemetoda
Аскаридалар отряды - Ascaridies
Өкілі: жылқы аскаридасы – Parascaris equorum
Острицалар отряды - Oxyurata
Өкілі: балалар острицасы – Enterobius Vermicularis
2. Аскариданың ылғалды препаратынан қол лупасының көмегімен жыныстык диморфизімін анықтап, ерін төмпешіктерін табу.
3. Аскариданың денесінің көлденең кесңндісінің тұрақты препаратын микроскоптың кіші ұлғайтқышымен қарап, қандай мүшелерінің көлденең кесінділері көрініп тұрғандығын анықтау.
4. Аскариданың Іаталығы мен аналығыныңІ сыртқы көрінісін және ішкі мүшелерінің жалпы орналасу ретінің суреттерін салып, тиісті белгілерін қою.
1-тапсырма Келесі терминдердің мәнін түсіндіріңіз: гиподерма, фагоцитарлық жасушалар, бульбус, жыныстық диморфизм, гиподермальды білікшелер.
2- тапсырма. Гельминттердің салыстырмалы сипаттамасын беріңіз. Кестені толтырыңыз.
Гельминттердің салыстырмалы сипаттамасы
Тип
|
Класс
|
Гельмин өкілдері
|
Ересек
құрттың
дене ұзындығы
|
Дене жабыны
|
Бекіну мүшесі
|
Ас қорыту
жүйесі
|
Жүйке жүйесі
|
Негізгі
иесі
|
Аралық иесі
|
Бауыр сорғыш
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Шошқа цепені
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сиыр цепені
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Эхинокок
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Аскарида
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Острица
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Трихинелла
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3-ТапсырмаАскариданың көлденен кесіндісін белгілеңіз:
4- тапсырма. " Тоғышар құрттардың өмірлік циклдарының кестесін толтырыңыз.
ТОҒЫШАР ҚҰРТТАРДЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛДАРЫНЫҢ БАР КЕСТЕНІ ТОЛТЫРЫҢЫЗ
Тоғышар атауы
|
Соңғы иесі
|
Сыртқы орта және даму сатылары
|
Аралық иесі
|
Тоғышардың Аралық иесіндегі сатылары
|
Қосымша иесі
|
Қосымша иесіндегі сатылары
|
Инвазиялы кезеңі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бауыр сорғыш
(Fasciola hepatica)
|
|
|
|
|
|
|
|
Ланцетті сорғыш
(Dicrocoelium lanceatum)
|
|
|
|
|
|
|
|
Мысық қос езуі
(Opistorchis felineus)
|
|
|
|
|
|
|
|
Өгіз цепені
(Taeniarynchus saginatus
|
|
|
|
|
|
|
|
Шошқа цепені
(Taenia solium)
|
|
|
|
|
|
|
|
Эхинококк
(Echinococcus granulosus)
|
|
|
|
|
|
|
|
Мониезия
(Moniezia expansa)
|
|
|
|
|
|
|
|
Мозговик овечий
(Multiceps multiceps)
|
|
|
|
|
|
|
|
Кең сақиналы таспа құрт
(Diphyllobotrium latum)
|
|
|
|
|
|
|
|
Аскарида свинная
(Ascaris suum)
|
|
|
|
|
|
|
|
Острица детская
(Enterobius vermicularis)
|
|
|
|
|
|
|
|
Трихинелла
(Trichinella spiralis)
|
|
|
|
|
|
|
|
Власоглав
(Trichocephalus suis)
|
|
|
|
|
|
|
|
Қайталауға арналған сұрақтар.
1. Аскариданың тері-ет қапшығы қандай құрылысты болып келеді?
2. Ас қорыту мүшелері қандай бөлімдерден тұрады? Ас қайда, қалай қорытылады? Қоректері?
3. Орталық нерв жүйесін қандай мүшелер құрайды?
4. Сезім мүшелері қалай дамыған?
5. Зәр шығару жүйесінің құрылысы қандай?
6. Аскариданың жыныс диморфизмін қалай ажыратуға болады?
7. Аналық, аталық жыныс жүйелері қандай мүшелерден құрылған?
8. Аскариданың ұрықтанған жұмыртқасы қалай дамиды?
№6 - Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Буылтық құрттар типі. Буылтық құрттар кластарының жіктелуі. Азқылтанды буылтық құрттар классы. Сүліктер классы.
Азқылтанды құрттардың сыртқы және ішкі құрылысы мен даму кезеңімен танысып (жауын құрт) және жауын құртының препаратымен таныса отырып ішкі сыртқы құрылысын белгілеу
Сүліктер (медициналық сүлік) сыртқы және ішкі құрылысы мен дамуы кезеңімен танысып және белгілеу
Сабактың мақсаты: Жауын кұртын мысалға алып, систематикалык жағдайы мен құрылыстарындағы және кебеюіндегі ерекшеліктерімен танысу.
Кажетті құрал-жабдыктар: микроскоптар, кол лупалары, инелер,скальпелдер, табақшалар, тірі жауын кұрттары, жауын құртының ішкі құрылысының ылғалды препараттары, көлденең қимасының тұрақты препараттары, рельефті таблицасы, микро- және түрлі ттсті таблицалар;
Жалпы түсінік.
Жауын құртының денесі біркелкі буылтықтан Ісегменттерден тұрады. Оның алдыңғыұшын бас бөлімі-простомиум деп атайды ІЗІ— суретІ. Жауын құртының простомиумында ешкандай өсіннді болмайды.
Одан кейін бірінші ауыз буылтығы—перистомиум орналаскан, оның төмеңгі жағында аузы болады. Одан кейін көптеген дене сегменттері кетеді. Денесінің екінші сегментінен бастап, әрбір сегментте төрт жүп кысқа кылтандары болады. Өйткені аз қылтанды күрт- тардың топырақта,лайда тіршілік етуге көшуімен байланысты параподиялары жойылып, қылтандарының калдықтары сакталған.Бұл кылтандары денесінің артқы жағынаа карай бағытталып, кұрттық кейін қарай жылжуына кедергі жасайды. Сол себепгі аз кылтаңды құрттартек қана алға карай жылжиды. Денесінің алдыңғы жак бөлігіңде шырыш бөліп шығаратын белдеушесі бар. Оларда шүйке пайда болатан көптегее безді клеткалар болады.
Жауын құртының денесі тері-ет капшығы кутикуламен, тері немесе жамылғы зпителиймен қапталынған.Бір қабат эпителпй кабатының астында ұзын салалы бұлшық еттері болады. Бірак, ұзын салалы еттері денесін жауып жатпай, төрт таспа түрінде бүкіл дене бойына созыльш жатады. Оның екеуі арка белімінде, екеуі кұрсак бөлімінде орналаскан.
Жауын кұртының екікші кайтара пайда болған дене куысы-целомперделермен жеке бәлімдерге бөлінген. Бұл куыс сұйыктыкқа толы болады, сұйықтық денесінің сегменттерінің арка жағындағы тесік- тері аркылы сыртка шығып, дене сыртын дымкылдап тұрады.
Ас қорыту жүйесі. Жауын құрты есімдіктердің шіріңділерімен,жапырағымен,сабағымен қоректенеді.Қоректену кезінде кездескең топыракты ас қорыту жолдары арқылы өткізіп, түңге карай жер бетіне шығарып отырады.Оның алдыңғы ішегі жұтқыншактан, өңештен,жемсаудан және етті қарынңан тұрады 32-суреті.
Аузы денесінің алдыңғы ұшына орналасып, ауыз қуысымен жалғасқан. Ауыз қуысында корек жұтқыншақ аркылы өңешке түседі. Өңештің соңғы бөлігікенейе келіп жемсауға айналган. Жемсауға етті карын, карыңға. ішек жалғасады. Карында корек құрамындағы өсімдік калдыктары ұсақтанады. Ол ары қарай ас қорыту мүшесінің ең ұзын бөлігі-ортаңғы ішекке айналады. Ортаңғы ішектін арка жағында оның асты корыту және сіңіру бетін ұлғайтатын тифлозоль деп аталатын қатпарлы ойысы болады. Тамактың толық қорытылап, денеге сіңуі ішектің осы бөлімінде орындалады .Корытылмай қалған калдык заттар арткы ішекте қиыршакка айналып, сыртка шағарылада. Артқы ішек кыска, әрі ттифлозоль болмайды.
Тыныс алу жүйесі. Арнайы тыныс алу мүшесі болмайды. Тыныс алу қан тамырларының ұсақ капиллярларымен торланған тері арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан жауын.кезінде топырақ аркылы еткен су жауын құртының айналасындағы қуысты толтырып, терісі арқылы тыныс алуын қиындатып, тұншыктыра бастайды. Сол себепті топырақтыңбетіне, ауасы бар кеңістікке шығуға мәжбүр болады.
Міне осы ерекшелігіне байланысты жауын құрты деп атап кеткен. Кан айналу жүйесі тұйық. Арка кан тамыры канның айналуынасебепші болатын бөлігі. Ол кұрсақ каң тамырларилен метамерлі орналаскан өңеш айналасындагы саккна тәрізді қан тамырларыменен жалғасады. Өңеш маңындағы 5-6 сакиналы кан тамырлары жуандау болып келеді, бұларды жүрек деп атайды. Арка кан тамырында кан дененің арткы жағынан алдыңгы жағына карай ағады, ал қурсак кан тамырында бұған керісінше болады.
Нерв жүйесі жұткыншақ айналасындағы нерв сакинасынан және де кұрсак нерв тізбекшесінен. тұрады. Нерв сакинасы екіжұтқыншақ үсті түйіннен, жұткыншак айналасындағысақиналы комиссурадан және екі жұткыншак асты нерв түйінінен құралған. Кұрсақ нерв тізбекшелері ұзынша тәжі болып оркаласкан екі-екіден косылған нерв түйіндерінен тұрады.
Сезу мүшелері нашар жетілген. Әйткенмен жауын құрты жарықты өте жақсы сезеді. Олардың жарық сезгіш клеткалары денесінің алдыңғы ұшында шоғырланған.Зәршығару жүйесі -күрделі құрылысты метанефридия. Әдетте әрбір сегментіңде екі-екіден орналаскан кішкене имек түтікшелер шығару мүшесі. Имек түтікшенің бір жағы шұқырак воронка тәрізденіпдене қуысына, екінші жағы келесі сегмент арқылы сыртқа ашылады. Бірақ зәр шығару процесінде ерекше-хлорогенді клеткаларднң ролі зор. Зат алмасуының сұйық бөлігі қашен келіп ортаңғы ішекті сыртынан каптап жататын хлорогенді клеткаларға жиналады. Олар ортаңғн ішектің сыртынан дене куысндағы сұйыктыкқа одан шұқырак воронка, нефридиятүтігіарқылы сыртқа шығарылады.
Жыныс жүйесі және кебеюі. Жауын құрты гермафродитті.
Аталык жыныс мүшесі 10 және 11сақиналарда орналаскан екі жұп тұкым бездерінен, олардан воронкамен басталып, 15 сақинаның бауыр жағына ашылатын бір жүп -түқым жолынан түрады. Сол сияқтны 9-13 дене сақиналарын алып жатқан үш жұп түқым калталары болады.Бұларда дайынтүқым клеткалары сакталады. ұрыктану кезікде воронка және тұқым жолы аркылы сперматозойдтар сыртқа шығарылады.
Аналық жыныс мүшесі 13 сақинада орналасқан бір жұп жұмыртқа безінен, осы сакинадағы воронкадан басталып, 14 дене сакинасының бауыр жағынан сыртка ашылатын бір жұп жұмыртқа жолынан тұрады. Аналық жыныс мүшесіне Осы айтылғандардан баска 9,10. сақиналардың құрсақ жағындағы эктодермалық дене жабындысының кеңеюінен пайда болған бір жұп тұқым кабылдағышы болады.
Ересек құрттар айқаспалы ұрықтанады. Бұл ұлкезде екі құрт белдеушелері біріне-бірі қарама-қарсы келетіндей болып алдыңғы ұштарымен жанасады. Сол кезде әрбір құрттнң белдеушесінен шырышты секрет бөлініп, ауада қатайып шүйкеге айналады, яғнк құрттың екеуі де 115 сақинадан шүйкеге оперматозоид шығарады. Олар шүйкедегі ерекше жолақ арқылы бір құрттың сперматозоиды екіншісінің тұкым қабылдағышына, екіншісінің сперматозоиды біріншісінің тұқым қабылдағышына құйылып, тұқымдарны алмастырылады. Содан кейін екеуі ажырасып кетеді. Кейінірек екеуікде де жаңадан шүйке пайда болады. құрттың денесінің алдыңғы ұшыныңтолқын тәрізді қозғалысының нәтижесінде шүйке басына карай жылжиды, ол 14 дене сақинасының тұсына келгенде оған жұмыртқа, ал 9,10 сақинаның маңына келгенде оған жұмыртқа еніп, ұрыктанады. Шүйке құрттың басынансыпырылып топыракқа түскенде екі ұшы бітеліп, бітеу шүйкеге айналады. Жұмырткадан кішкене құрт шығып, түрленбей дамып ересек құртқа айналады.
Тапсырмалар.
Систематикасыментанысып, альбомға жазып алу.
СИСТИМАТИКАСЫ
Буылтық құрттар типі - Annelide
Белдеулілер тип тармағы - Clitellata
Аз кылтанда құрттар класы - Oliqochaeta
Күрделі аз кылтанды құрттар отряды – Neoliqochaeta
Өкілі: жауын құрты – Lumbricus terrestris
2.Тірі жауын құртын кағаз бетіне салып, арка-каралау жағын, құрсак-ақшылдау жағын тауып, денесінің алдыңғы жағы жұмырлау және жіңішкелеу екендігін, артқы ұшының жалпақтау екенін ажырату керек. Жауын кқұртының сегменттеріне, 32 және 37 сегменттер аралығындағы терінің кеңейген жері-белдеушесіне назар аударыңыздар. Лупаның көмегімен 2 ші сегментінде орналаскан ауыз тесігін және соңғы сегментіндегі аналь тесігін табыңыздар.
3.Алдын ала эфирмен немесе 10 процентті спиртпен жансыздырылған жауын құртының денесіңдегі шырышты кетіріп және құрсак жағын астына каратып, бас және арткы ұштарын табакшаның түбіне инелермен түйреу керек. Бас нерв түйінін бүлдірмеу үшін Зші сегменттің тусындағы ортаңғы ұзынша сызыктың бір жағынан түйрейді. Сосын, ортаңғы ұзынша сызықты бойлай скальпелмен немесе алмаспен тіледі. Әрбір 1-2 см-ден соң, дененің тілінген шеттерін иіп және оны қиғаштап инелермен шаншу керек. Жауын құртының дене қуысына ашылған Ішегіне, Ішек капталынан көрінетін перделерге Гдиссепи- менттерге назар аударыңыздар. Арка кан тамырын, өңештің айналсындағы сақиналы тамырларды (жүрекшені) караңыздар.
Перделерді диссепименттерді бойлай ішектің екі жағынак орналасқан көптеген акшылдау түтікшелер - метанефридияларды зәр шығару мүшелеріне көрсету керек.
Жауын құрттың гермафродитті жыныс жүйесімен танысыңыздар. Мұнда жыныс аппаратының біраз бөлігі үлкейтіп көрсететін құралсызақ көрінеді. Аталык жыныс жүйесі: тұқым қапшықтары үлкен ақ- шылдау дене тәрізді 110,II,12 сегменттеріндеі болады, тұқым бездері мен тұқым шашатын жолдары 114,15 сегменттернен көрінеді. Ал, аналык жыныс жүйесінен: жұмыртқа бездері сегментінде.Тұқым қабылдағыштары 13,10 сегменттерінде көрінеді. Жауын құрттың ішкіҚұрылысының суретін салып, мүшелерін белгілеңіздер.
4.Лупалармен жауын құрттың ішкі құрылысының ылғалды препаратын рельефті таблицамен салыстыра отырып, кандай жүйелерінің мүшелері көрініп тұрғандығын аныктау керек.
Жауын кұртының терісінен уакытша препарат дайындап микростың кіші ұлғайтқышымен карап, кылтаңдарын тауып, сегментіндегі қылтандар санын аныктау керек.
6.Микроскоптың кіші ұлғайтқышымен жауын құрттың тұрақты көлденең кимасы бар препараттарын карап, тері—бұлшык ет капшығының құрылысына, төселген эпителйй клеткаларының бар болуына байланысты дененің екінші кайтара пайда болған қуысының бірінші қуыстан айырмашылығына назар аударыңыздар. .
7.Кайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.
Тапсырмалар
Жауын құртының сыртқы құрылысымен танысып суретінбелгілеңіз: перистомиум , пигидиум, қылтандары, белдеуше, сақиналарының саны. Жауын құртының сегменттеріне, 32 және 37 сегменттер аралығындағы терінің кеңейген жері-белдеушесіне,2 ші сегментінде орналаскан ауыз тесігін және соңғы сегментіндегі аналь тесігін назар аударыңыздар.
Жауын құртының ұзыннан жарып көрсетілген кесіндісінде ішкі жүйелерін белгілеу, кестені толтырыңыз:
3 Тапсырма. Жауын құртының қан айналу жүйесін белгілеңіз, кестені толтырыңыз:
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіз: пигидиум, диссепемент, зоб, тифлозоль, регенерация, целом, эпителий, безді белдеуше
Қайталауға арналған сұрақтар.
1.Жауын құрттың сыртқы кұралысында қандай ерекшеліктер бар?
2.Жауын құртының тері-бұлшық ет қапшығы кандай құрылысты болып келеді?
3.Ас қорыту жүйесінің құрылыс ерекшеліктері неде және олардың бөлімдерімен атқаратын қызметтері кандай?
4.Тыныс алуы мен қан айналу жүйелері калай жүзеге асады?
5.Нерв жүйесінің күрделенуін калай түсіндіруге болады?
6.Буылтық құрттардың метанефридия -зәр шығару жүйесінің жалпақжәне жұмыр құрттардың протонефридия зәр шығару жүйесінің айырмашылығы какдай?
7.Жауын құртының көбеюі қалай өтеді?
Электрондық материалдар
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ электрондық кітапханасы
http://kazatu.kz/ru/obrazovanie/elektronnie-izdaniya/
2. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап | Дәуітбаева...
b-ok.org›book/3285528/fe4d22. | download |
3. Электронная библиотека КазНУ | Дәуітбаева, Күләш...
elib.kaznu.kz›book/4372
4 "Зоология" пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
bagdar.info›zoologiya-peni-bojinsha-ou-…
5. Омыртқасыздар зоологиясы
er.semgu.kz›Омыртқасыздарзоологиясы
6. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 2-кітап...
twirpx.com›file/2216579/
№7- Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер классы. Өрмекшітәрізділер классы. Насекомдар классы.
Сабақтың мақсаты: Шаянтәрізділердің сыртқы және ішкі құрылысы мен даму кезеңімен танысып (өзен шаяны, циклоп, дафния) және сыртқы құрылысын белгілеу. Препатарпен жұмыс. Кресті өрмекшінің сыртқы және ішкі құрылысы және дамуы кезенімен танысып белгілеу.
Жалпы түсінік
Өзен шаянының бденесі баскөкірек және құрсақ бөлімі деп екіге бөлінеді. Басы-бас қалағы мен одан кейін орналасқан бес элементтің қосындысынан тұрады және де соған сәйкес бес жұп антеналары мен
антеннулалары (35-сурет), тағы да үш жұп жақтары:жоғары бір жұп жақтары мен екі жұп төмеңгі жұп жақтары жатады.Көкірегі сегіз сементтен тұрады, ал оның үш алдыңғы сегменті басқа қарай өскен. Осы сегменттердің соңғылары жакаяқтарға айналған.Шаяндар 6ұл жактармен ұстаған жемін демеп, жактарымен ұнтақтайды. Басқа қалған соңғы бес сементтері қозғалту және тыны алу қызметтерін аткарады. Құрсағы бірімен—бірі козғалмалы болып жалғасқан алты сег- менттен құратған. Мұнда бес жұп құрсак аяқтары болады. Аталыктарының бірінші және екінші жұп құрсак аяқтары шағылы аппаратка айналған, аналыктарында бірінші жұп құрсак аяғы болмайды. Құрсағы құйрык өсіндісімен бітеді, ал оның екі шетінде екі жұптан құйрык жүзу қанаттары немесе жүзу пластинкалары орналаскан. Денесі хитинді хутикуламен капталынған, ал оның астыңда гиподермальды эптелий кабаты жатады. Еттері жеке шоғырлардан тұрады. Олар бір ұштарнмен дененің бір сегменттерінің қабырғаларына немесе аяктарына бекінеді де, екінші ұштарымен екінші бір сегменттерінің кабырғаларына немесе аяқтарына бекінеді.
Ас қорыту жүйесі. Корегі ауыздан жұткыншакка одан кысқа өңеші арқылы шайнау қызметін аткаратын карынға (36-сурет) түседі.
Ортаңғы ішегі өте қыскқа болады және мұнда қарынмен шекаралас жерінде бауыр өзегі ашылады. Астың корытылуы осы ортаңғы ішекте жүреді. Артқы ішек тік түтік тәріздес болып, денесінің құрсақ жағынан аналь тесігіне ашылады.
Тыныс алу мүшелері көкіректің үстіңгі хитиндерінің астыңғы жағында орналасқан тері жамылғысының шашақталған өсінділерінен құралған желбезектерден тұрады.
Қан айналу жүйесі ашық.Жүрегі денесінің арқа жағында орналасқан және ол жүрек маңы капшығымен қапталған.Жүректен күрделі жүйе-артерия кантамырлары шығады. Қан артерия қантамырларынан лакунға немесе шұңкырға мүшелер арасындағы аралыққа құйылады және де ол жерден аға отырып желбезекке келеді. Қанда жиналған көміркышқыл газ желбезек арқылы сыртқа шығарылады да, ал судағы еріген оттегі желбезектер арқылы қанға өтеді. Оттегіне қаннққан қан желбезек-жүрек каналдарымен жүрек маңы қапшық қуысына келеді де, ол жерден жүрекке өтеді. Жүректің арка жағында және бүйір жақ қабырғасы мен құрсак жақ кабырғасынд орналасқан, үш жұп остия тесігі қанды жүрек жанындағы синустан жүрек қуысына жіберіп отырады.
Нерв жүйесі жұткыншак үсті және жұткыншақ асты нерв түйінділерінен, жұткыншақ маңы нерв сақинасынан және құрсақ нерв тізбегінен құралған. Ал құрсак нерв тізбегі әрбір сегментінде орналасқан және жұп ганглияларды қосатын жақындасқан екі ұзыннерв біліктерінен тұрады.
Көру мүшелері-сабақша тәрізді күрделі көздерден тұрады. Тепе-теңдік мүшесі-статоцйсталар бірінші жұп мүртшаның бірінші бунағында орналасқан.
Зөр шығару мүшелері-екіжұп бездері-түрі өзгерген метакефридия болып табылады. Бір жұп бездері екінші жұп төмеңгі жақтын түбінен сыртқа ашылып, максиллдері бездер деп аталады. Ал екікшісі - антенна түбінен сыртқа ашылып, антенді бездер деп аталады. Ересек шаяндар тек антенді бездер арқылы зәр шығарады.
Жыныс жүйесі және көбеюі. Өзен шаяны - дара жыныстар. Жыныстықдиморфизм жақсы байқалады. Ұрғашысының құрсағы еркектердікіне карағанда жалпақтау болып келеді.
Аталығында ақшылдау келген тақ бөлімі болады, оған алдыңғы жағынан ілгері қарай жатқан жұп бөлімді аталык жыныс бездері жалғасады. Бұдан тұқым жолдары басталып, көкірек аяқтарынан соңғы жұбының түбінен барып сыртқа ашылады.
Аналығында алдыңғы жағында қос қалағы бар, тақ аналык безі орналасқан. Қапшық тәрізді аналык безден жұмыртқа жолы кетеді. Аналык бездің ішінде дамып жетілген аналык клеткалар боладыҰрык- танған аналык өзен шаяны жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын өзінің құрсағында күзден немесе жылдың жазына дейін алып жүреді және жұмыртқадан шыққан жас шаяндар біраз уакытқа дейін құрсағында жабысып жүреді.
Тапсырмалар.
Систематикасы мен танысып, альбомға жазып алу.
СИСТЕМАТИКАСЫ
Буынаяқтылар типі - Агthropoda
Желбезектыныстылар тип тармағы - Вгаnсһіаta
Шаянтәрізділер класы - Curusracea
Он аяқтылар отряды - Decapoda
Өкілі: өзен шаяны –Роtmobгоiusastacus
Сурет 1. Өзен шаяның дене құлысымен танысып, суреті салып-белгілеңіз.
Сурет 2. Өзен шаяныңы аяқтарының құрылысмен танысып, суреті салып-белгілеңіз
Буынақтылар типі. Өрмекші тәрізділер класы.
Сабақтың мақсаты: Шаршылы өрмекші мен жайылам кенесін мысалға алып, өрмекші тәрізділердІң систематикалык жағдайы мен құрылыстарындағы және көбею ерекшеліктерімен танысу.
Қажетті құрал-жабдықтар: Шаршылы өрмекшілер мен кенелердің ылғалды препараттары, коллекциялары, кол лупалары, шаян тәрізділер мен өрмекші тәрізділердің диафильмдері, микро және ттрлі түсті таблицалар.
Жалпы түсінік.
Шаршылы өрмекшінің денесі баскөкірек пен құрсаққа айқын бөлінген. Баскөкірегінің бас бөлімінде төрт жұп жай кездері болады. Олар әр жаққа бағыттала орналаскандыктан, өрмекші айналасындағы заттарды түгел көре алады. Баскөкірегінде 6 жұп аяқтары болады. Солардың ішіндегі алдыңғы жұбы-хелицералар деп аталып, екі буыннан тұрады. Ол ауыздың алдыңғы жағында орналасқан. Осы хелицераларының түп жағында улы бездері болады, корегін ұстағанда жәнежауынан корғанғанда хелицераларын сұғып алғанда улы безден бөлінген уы жәндіктерді өлтіредІ. Хелицераларының түбінде ауыз мүшелеріне айналған екінші жұбы-педипальпаларымен аққкармалауыштарыі бар. Педипальпалар бірнеше буыңдардан тұрады. Өрмекші жемін жеген кезде оны осы педипальналарымеи сипап сезіп, аударыстырады.Баскөкірегіндегі қалған төрт жұбы-жүру аяқтары деп аталып, әрбір жүру аяғы жеті бунақтардан құралған.
Құрсағында аяқтары болмайды. Оның артқы ұшынан үш жұп өрмек сүйелдерін көруге болады, оған өрмек бездері ашылады. Сыртқы жамылғысы хитині бар кутикуладан және оның астында төселе орналасқан кабат эпителиальді клеткалардан-гиподермадан тұрады. Сыртқы жамылғысының астында әр түрлі бағыттағы ет шоғыр- ларынан тұратын бұлшық ет орналасқан.
Ас қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектерге белінген(37-сурет).
Алдыңғы ішегіндежұткыншак, өңеш және карын орналасқан.Жұтқыншақ жұп сілекей бездері ашылады.Ортаңғы ішек өте жақсы дамыған және де ол қарын мен ащы ішектен тұрады. Карыннан тұйык өсінділер кетеді. Ащы ішек бөлімінен жұп бауыр жолдары ашылады. Ал ортаңғы ішектің арткы ішекке өтер жолында зәр шығару мүшесі болып табылатын мальпиги түтікшелері ашылған. Бұдан басқа да артқы ішекте кеңейген-ректальды капшык түзіледі, бұдан соң қысқа тік қшек кетеді.
Тыныс алуы екі жолмен: өкпе қапшықтары және кеңірдектерімен жүзеге асады. Өкпе қапшықтары сыртынан саңылау тесіктерге-тыныс тесігіне немесе таңба тәрізді тесіктерге ашылады. Кеңірдектері өте жіңішке түтікшелердің ішекте түтік кабырғаларын ұстап тұратын жіңішке жіп тәріздес спираль болады. Сондыктан да ауа түгік ішінде еркін айналады.
Қан айналу жүйесі ашық. Түтік тәріздес жүрегі құрсағынаң арқа жағында орналасқан. Қан жүректен шығып қан тамырлары лакун немесе шұңкыр (мүшелер арасындағы аралақ) және синустар системалары дене қуысына құйылады.
Сурет 3. Кресті-өрмекшінің дене құрылысмен танысп, суреті салып-белгілеңіз.
Нерв жүйесі жұтқыншақ үсті түйіннен және құрсақ нерв тізбекшелерінен тұрады.
Сезім мүшелері. Өрмекшінің 8 жай кездері болғанымен заттарды айын ажырата алмайды: өрмекші ортаңғы екі көзімен төңірегіндегі бір метр қашыктықтағы көріністі ғана бағдарлайды.
Өрмекші тұткы аяктары және аяктарының ұшымен иісті сезе алады, сондықтан бұлар иіс сезу мүшесі болып табылады. Жұтқыншақ өрмекшінің дәм сезу мүшесі.
Зәр шығару жүйесі. Өрмекшілер аяғындағы сатанбез және малпигии түтікшелері арқьқы зәр шығарады. Сатанбез-көкіректегі, ал мальпигий түтікшелері дененің құрсақ бөлігіндегі ыдырнаған өнімдерді бөліп шығарады.
Жыныс жүйесі және көбеюі. Шаршылы өрмекші-дара жынысты, оның аталығы аналығынан кішкене болады. Жұмыртқа бездері кен тұқым бездері құрсақтарында орналасады. Жыныс бездері жұп болып, ал олардың жолдары өзара косыла келе, барлық өрмекші тәрізділердің құрсағының бірінші сегментінде орналасқан жыныс тесігінен сыртқа ашылады. Аналык өрмекші күзге қарай қалқалы жерлерде өрмөктен сары пілде токып, оған мыңға жуық ұрыктанған жұмыртқаларды құндақтайды да, жұмыртқалар қыс бойы жылы пілдеде жатып, көктемде жас өрмекшілерге айналады.
Жайылым кенесінің денесі бунақтарға бөлінбеген, ұзындығы 4мм-ге дейін келген, сопақша пішінді және де арқасынак құрсағына қарай нығыздалып келген болады. Ауыз ұштары Іхелицералары мен педипальпаларыІ тесіп-сорғыш ауыз аппаратына айналған. Еремек түрлерінде 4 жұп жүретін аяқтары бар, ал ол аяктардың ұштарында тырнақтары болады. Кеөдері болмайды. Денесі созылғыш кутккуламен қапталынған. Ал оның астында гиподерма қабаты мен етті талшықтар шоғыры орналаскан.
Ас қорыту жүйесі. Қорегі ауыздан жұтқыншаққа ттседі. Жұтқыншаққа сілекей бездерінің жолдары ашылған. Ас жұткыкшақтан ортаңғы ішекке ашылатын жіңішке өңешке І38-суретІ өтеді. Ортаңғы ішегінде кенелердің көптеген тұйык өсінділері болады. Қорытылмаған өнімдер артқы ішегі арқылы аналь тесігінен сыртқа шығарылады.
Тыныс алу мүшелері -кеңірдектер ІтрахеяларІ.
Кенелердің қан айналу системасы нашар дамыған. Жүрегі арқа жағындағы тері жамылғысының астында орналасқан. Жүректен алға карай аорта ІқолқаІ кетеді. Қан айналу жүйесі ашық болады.
Нерв жүйесі өңешті айнала тұтас ганглиялы ІтүйіндіІ сақина түзеді. Мұнда нерв сақинасының үстіңгі бөлімі бас миға, ал астыңғы бөлімі құрсақ нерв тізбегіне сәйкес келеді.
Зәр шығару мүшелері артқы ішекке ашылатынжұп ұзын мальпигий түтікшелерінен тұрады.
Көбею мүшелері және дамуы. Аналықтарында бір жұмыртқа безі болады.
3 Тапсырма
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: карапакс, рострум, фасеттік көз, абдомен, торакс, цефалон, плеоподтар, уроподтар, мандибула, тельсон;
5 Тапсырма Ағымды сұрақтарға қысқаша жауап беріңіздер:
1.Өрмекшілерді кенелерден сыртқы түріне қарап қалай ажыратуға болады?
2.Өрмекшілер мен кенелердің жыныс диморфизмі қалай байқалады?
3.Өрмекші тәрізділердің тыныс алуы мен қан айналуы қалай жүзеге асады?
4.Өрмекші тәрізділер қалай көбейеді?
Электрондық материалдар
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ электрондық кітапханасы
http://kazatu.kz/ru/obrazovanie/elektronnie-izdaniya/
2. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап | Дәуітбаева...
b-ok.org›book/3285528/fe4d22. | download |
3. Электронная библиотека КазНУ | Дәуітбаева, Күләш...
elib.kaznu.kz›book/4372
4 "Зоология" пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
bagdar.info›zoologiya-peni-bojinsha-ou-…
5. Омыртқасыздар зоологиясы
er.semgu.kz›Омыртқасыздарзоологиясы
6. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 2-кітап...
twirpx.com›file/2216579/
№8- Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Буынаяқтылар типі. Насекомдар классы.
Сабақтың мақсаты: Жәндіктер классы. Бал арасының сыртқы және ішкі құрылысы және дамуы кезенімен танысып белгілеу. Қосқанатты қансорғыштардың ерекшеліктері құрылысы және зияндылығы
1 Тапсырма
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: карапакс, рострум, фасеттік көз, абдомен, торакс, цефалон, плеоподтар, уроподтар, мандибула, тельсон;
2 тапсырма Бал арасының сыртқы және ішкі құрылысмен танысып суретін альброға салып, белгілеу
Сурет 1 Бал арасының дене құрылысы.
Сурет 2.Бал арасының аяқтарының құрлысымен танысп, белгілеңіз.
5 Тапсырма Ағымды сұрақтарға қысқаша жауап беріңіздер:
1.Өрмекшілерді кенелерден сыртқы түріне қарап қалай ажыратуға болады?
2.Өрмекшілер мен кенелердің жыныс диморфизмі қалай байқалады? 3.Өрмекші тәрізділердің тыныс алуы мен қан айналуы қалай жүзеге асады?
4.Өрмекші тәрізділер қалай көбейеді?
Электрондық материалдар
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ электрондық кітапханасы
http://kazatu.kz/ru/obrazovanie/elektronnie-izdaniya/
2. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап | Дәуітбаева...
b-ok.org›book/3285528/fe4d22. | download |
3. Электронная библиотека КазНУ | Дәуітбаева, Күләш...
elib.kaznu.kz›book/4372
4 "Зоология" пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
bagdar.info›zoologiya-peni-bojinsha-ou-…
5. Омыртқасыздар зоологиясы
er.semgu.kz›Омыртқасыздарзоологиясы
6. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 2-кітап...
twirpx.com›file/2216579/
№9- Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Былқылдақ денелілер типі. Қосжақтаулылар классы. Бауыраяқтылар классы.
Сабақтың мақсаты: Айқұлақтың сыртқы және ішкі құрылысы мен даму кезеңімен танысып белгілеу. Ланцетниктің сыртқы және ішкі құрылысы және дамуы кезенімен танысып жұмыс дәптерінде белгілеу. Өзен алабұғасының ішкі және сыртқы құрылысымен препарат арқылы танысып, жұмыс дәптеріне белгілеу.
Қажетті құрал-жабдыктар:Үлкен тоспа ұлудың бақалшағының коллекциялары, ішкі кұрылысының ылғалды препараттары,микро- және түрлі түсті таблицалар.
Жалпы түсінік.
Үлкен тоспа ұлуы су тоғандардың түбінде тіршілік етеді. Денесінің алдыңғы бөлігінде екі кармалауышы 33-сурет.А1 және бір жұп көзі болады. Тұлғасын бакалшақ каптайды, бақалшактың кең аузынан бүкіл бауырын алып жататын аяғы байқалады. Бақалшақ төрт-бес бұратылып, ұшы үшкірленіп бітеді. Тоспа ұлудың бақалшағы мүйіз тектес заттан түзіледі. Тіршілігінде бақалшақтардың кызметі зор: тірек қызметін атқарады, жауларнның шабуылынан корғайды, ортаның әр түрлі
әрекетінен сақтайды.
Үлкен тоспа ұлудың денесі бас, тұлға және аяқтан құралады да, бірінен-бірі айкын бөлінбейді, үлкен балшық етті аяғы бауыр жағында орналаскан. Сондықтан оларды бауыраяқтылар деп атайды. Ұлудың баспен жалғасқан тұлғасының алдыңғы жағында ерекше қатпар- -шапанша (мантия) тұлғаны қаптап жатады. Денесі мен шапанша аралығындағы бос орын шаланша қуысы деп аталадаы.
Ас қорыту жүйесі 33-сурет,Б1. Ас қорыту мүшелері ауыздан басталады. Ауыз тесігі жұтқыншаққа жалғасады. Мұнда тіл, жақ болады және тамақты үгітіп ұстау үшін сирек араннң тісі тәрізді жауып жатқан үкі (терка) немесе радуласы болады. Өсімдіктермен қоректеңетін үлкен тоспа ұлуы анда-санда тілін сыртқа шығарып өсімдіктердің жұмсақ бетін тістерімен қырып жалағандай жинап жейді. Жұтқыншактың өңешке айналар жерінде арнаулы бір жұп қант безі де болады. Ауыз қуысына жұп сілекей безі де ашылады. Жұтқыншақ жұқақабырғалы өңешке жалғасады, ал кейбіреулерінде жемсауға айналады. Одан кейін ортаңғы ішекке кішірек қарын жалғасады. Қарындықызметі әртүрлі бауыр қоршап тұрады. Бауырдан шыққан секреттерде ас қорыту ферменттері бар, олар қорытылған тамақты сініруге жәрдемдеседі және оларда органикалық заттар жиналады.
Ортаңғы ішек артқы аналь тесігіне айналады. Ол бірнеше иірімделіп мантияның жоғарғы жиегіне келіп ашылады.
Тыныс алу жүйесі. Үлкен тоспа ұлуыөкпемен тыныс алады,сондықтан әлсін-әлі су бетіне шығып, тыныс тесігі арқылы өкпесінеауа толтырып алады. Өкпенің кабырғасындағы қантамырларда оттегік сіңіріп, көміркышқыл газды бөлу арқылы газ алмастырады.
Қан айналу жүйесі. Жүрегі екі бөліктен тұрады:қарынша және құлақшадан. Карыншаданілгері және кейін карай қолқалар шығыды, олардан артерялар мен капиллярға тармақталады.Кан капиллярдан дене қуысында жаткан мүшелерге кұйылады. Мүшелердің арасындағы қуыстарды шая отырып, мүшелерді оттегімен, коректік заттарымен қамтамасыз етіп, жолшыбай көмір кышкылын және диссимиляция калдық заттарын ала кетеді. Бұл қуыстардан кан тамырларға кайта жиналып, бірақ енді веналық система арқылы көмір қышқыл газына қанныккан кан өкпеге жеткізіледі. Оттегінің көпшілігі канда еріген күйінде болады.
Нерв жүйесі 33-сурет, В1. Нерв жүйесі жаксы дамыған нерв ганглияларынан тұрады. Олар мыналар: бір жұп бастың-ол бастың үстінде орналаскан. Оның қызметі көзі және баска сезім мүшелерін, ас корыту жүйесінің алдыңғы бөлімін, сол маңайдағы байланысы бар мүшелерді нервпен қамтамасыз етеді, бір жұп аяктың-ол аякты және бұлшық еттерін, басқа мүшелерді камтамасыз етеді, бір жұпвисцеральдық ганглиилері ішек нерв түйіндері дененің ішіндегі бірнешеішкі мүше жүйелерін нервпен камтамасыз етеді. Ол ішек үстіне орналасқан нерв түйіндері болғандықтан ішкі мүшелерді кеңірек қамтиды, бір жұп плевральдық- ол мантиянынервпен камтамасыздандырады. Содан кейін әр жұп нерв түйіндері өзара кыска комиссуралар арқылы косылды, одан бір жұп аяктың, бір жұп бастың және бір жұп құрсақтың т.б. түйіндерімен де байланысады.
Сезім мүшелері. Терідегі бытыраңқы орналасқан сезімталклеткалар мен кармалауыштар үлкен тоспа ұлудың сипап сезу кызметін атқарады. Сондай-ак тоспа ұлуда тепе-теңдік мүшесі де болады. Ол-ішінде әктенген ұсак денешігі бар көпіршік және сезімтал түкті клеткалар. Ұлудың денесі калпынан езгерген кезде көпіршіктегі әкті денешік орнынан жылжып, тітіркенуді денеге жеткізу.
Зәр шығару жүйесі. Негізгі зәр шығару мүшесі бүйрек. Бүйректер метанефридиялар сиякты, олардың бір ұшы үлпершекке, екінші жағы мантия қуысына жалғасады. Бүйректің қуысы, қан тамырларымен тығыз байланысты. Бүйрек эпителилері денеден шығарылып тастауға тиісті заттарды осы тамырлардан бөліп алып, бүйректе жинала береді де дүркін-дүркін сыртка шығарылып отырады. Бүйректің сыртқа шығатын тесігі аналь тесігінің касынан ашылады. Ұлудың денесінде бүйректен басқа диссимиляция калдықтарын сіңіріп отыратын ерекше бездер де бар.
Көбеюі. Үлкен тоспа ұлу гермафродит, жыныс мүшелерінің негізгі бөлімі-аналық клеткасы мен сперматозоид бөледі де, айкаспалы ұрыктанады. Ұлу су өсімдіктерінің сабағына жұмырткалап, жұ- мырткадан жетілген жас тоспа ұлушалар өрбиді, яғни тура дамиды.
Тапсырмалар:
I .Систематикасымен танысып, жазып алу.
СИСТЕМАТИКАСЫ
Былқылдақденелілер немесе моллюскалар типі - Mollusce
Бауыраяктылар класы -Gastropoda
Өкпелілер отряды - Pulmonata
Өкілі: үлкен тоспа ұлуы –Limnaea stacnalis
1 Тапсырма, Тоспа ұлуының ішкі жыне сыртқы құрылысын белгілеңіз:
2 Тапсырма. Айқұлақтын ішкі жүйісін белгілеңіздер:
3 Тапсырма Кестені толтырыңыз:
Салыстыру белгілері
|
Айқұлақ
|
Жүзім ұлуы
|
Денесінің симметриясы
|
|
|
Денесі келесі бөлімдерден тұрады...
|
|
|
Тыныс алу мүшелері. Құрылысы, орналасуы
|
|
|
Жүйке жүйесінің типтері. Негізгі жүйке ганглилері және олардың орналасуы
|
|
|
Ас қорыту жүйесінің бөлімдері
|
|
|
Жүректің құрылысы және олардың орналасуы
|
|
|
Зәр шығару жүйесі. Құрылысы, орналасуы
|
|
|
Жыныс жүйесі. Құрылысы, орналасуы
|
|
|
4 Тапсырма.Кайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.
1.Үлкен тоспа ұлуы не себептен бауыраяқтылар деп аталады?
2.Үлкен тоспа ұлуы кайда тіршілік етеді және сыртқы кұрылысы кандай?
3.Тоспа ұлуының ас қорыту, тыныс алу, кан айналу, нерв жүйрлерінің қандай ерекшеліктері бар?
Электрондық материалдар
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ электрондық кітапханасы
http://kazatu.kz/ru/obrazovanie/elektronnie-izdaniya/
2. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап | Дәуітбаева...
b-ok.org›book/3285528/fe4d22. | download |
3. Электронная библиотека КазНУ | Дәуітбаева, Күләш...
elib.kaznu.kz›book/4372
4 "Зоология" пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
bagdar.info›zoologiya-peni-bojinsha-ou-…
5. Омыртқасыздар зоологиясы
er.semgu.kz›Омыртқасыздарзоологиясы
6. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 2-кітап...
twirpx.com›file/2216579/
№10 - Зертханалық сабақ
Хордалылар типі. Бассүйексіздер типтармағы. Басхордалылар классы. Личинкахордалыра типтармағы. Асцидиялар классы.
Ланцетниктің, асцидияның сыртқы және ішкі құрылысы және дамуы кезенімен танысып жұмыс дәптерінде белгілеу. Өзен алабұғасының ішкі және сыртқы құрылысымен препарат арқылы танысып, жұмыс дәптеріне белгілеу.
Тапсырмалар:
1 Тапсырма. Ланцетниктің, асцидияның систематикасымен танысып, альбомға жазып келу.
2 Тапсырма. Асцидияның сыртқы құрылысымен танысып, суреті салып, белгілеңіз.
5 Тапсырма. Қайталауға арналған сұрақтар қысқаша жауап жазыңыз
1 Ланцетниктін денеқұрлысының ерекшеліктерін атап өтіңіз?
2 Асцидияның дене құрлысындағы ерекшеліктерін атаңыз?
3 Хордалы жануарлардың бәріне ортақ белгілерді атаңыз?
Электрондық материалдар
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ электрондық кітапханасы
http://kazatu.kz/ru/obrazovanie/elektronnie-izdaniya/
2. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап | Дәуітбаева...
b-ok.org›book/3285528/fe4d22. | download |
3. Электронная библиотека КазНУ | Дәуітбаева, Күләш...
elib.kaznu.kz›book/4372
4 "Зоология" пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
bagdar.info›zoologiya-peni-bojinsha-ou-…
5. Омыртқасыздар зоологиясы
er.semgu.kz›Омыртқасыздарзоологиясы
6. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 2-кітап...
twirpx.com›file/2216579/
Қолданылған әдебиеттер: Дәуітбаева К.А. Омыртқасыздар зоологиясы. –Алматы Қазақ
университеті, 1997. 2 -бөлім.
Түсіпова К.С.Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы,1999ж.
К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов, Омыртқалылар зоологиясы.Алматы., 2011ж
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007
№11 - Зертханалық сабақ
Хордалылар типі. Класс үстібалықтар. Сүйекті және шеміршекті балықтар класстары.
Жұмыстын мақсаты: Өзен алабұғасының, акуланың ішкі және сыртқы құрылысымен макропрепарат арқылы танысып, жұмыс дәптеріне суретін салып, белгілеу.
Жалпы түсінік.
Өзен алабұғасының денесі сүйір пішінді болып бас, тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлінеді. Басы сүйрленген сына тәрізді пішінді болып тұлғасынан желбезек қақпақтары арқылы бөлінген. Желбезектер осы қақпақтарының астында орналасқан. Қасаң қабығы жойылған көздері кішкентай болады. Ал олардың алдыңғы жағында, басының үстіңгі бөлігінде жұп танау тесіктері болады. Алабұғаның тұлғасын қабықтар қаптап тұрады. Әрбір қабыршағы сүйекті пластинкадан түзілген. Пластинканың бір шеті терісіне бекініп, екінші шеті сыртқа шығып жатады.
Сол сыртқа шығып бос жатқан бөлімінің сыртында ұсақ тіс сияқты болдырлары болады. Мұндай қабыршақтарды ктеноидты қабыршақ деп атайды. Денесінде болатын көптеген бір жасушалы тері бездері үздіксіз шырыш бөліп тұрады. Осы шырыштың әсерінен балықтың денесі су ішінде кедергісіз тез қозғалады. Денесінің екі жақ бүйір бетінде басынан құйрығына дейін созылып жатқан бүйір сызығы болады. Бүйір сызығы пунктир сызығы тәрізді болып қабыршақтардың тұсынан өткен жерінде қатарласып орналасқан тесіктері болады. Осы тесіктері арқылы бүйір сызығы сыртқы ортамен байланыста болады. Сырттан қабылданған әсерлер осы сызық бойымен бұлшық еттерде жатқан жүйке ұштары арқылы миға жеткізіледі. Сонымен бүйір сызығы сезім мүшесі болып табылады және де есту мүшелерінің қызметін де атқарады. Яғни, оны сейсменсорлы мүше деп атайды. Тұлға бөліміне жұп қанаттар- көкірек және құрсақ қанаттары байланысқан. Дара қанаттары арасындағы екі қанаттан құйрық және аналь тесігінің тұсындағы аналь қанаттарынан тұрады. Алабұғалардың құйрық қанаттары кең ашалы және тең қалақты болып келеді. Мұндай құрылысты құйрықты гомоцеркальды құйрық қанаты деп атайды.
Ет жүйесі. Көкірегі мен құйрық бөлімінің ет жүйесін, ен минога мен акулалардікі сияқты миосепталармен бөлініп бунақталған миомерлерден құралады. Жеке миомерлер воронка тәрізді бір – біріне еніп тұрады. Қанаттарының еттері жекеленіп, жіктелген.
Ас қорыту жүйесі. Алабұғаның ауыз қуысы қозғалмалы жақтармен бөлінген. Олардың жақтарында және таңдайында ұсақ тістері болада.Тістерімен қорегін ұстайды, бірақ оны ұсақтай алмайды,яғни олар қорегін жыртқыш балықтар сияқты бүтіндей жұтады. Тілі болмайды. Жұтқыншақ қарынға барып жалғасатын қысқа өңешпен байланысқан. Қарыннан ішек басталады.
Ішегі бөлімдерге (он екі елі ішекке, ащы және тік ішектерге) бөлінген. Ішектің басталған жерінде тұйық , пилорикалық деп аталатын өсінділер болады. Бұл өсінділер ішектің ас қорыту бетін арттырады. Тік ішек аналь тесігіне ашылады. Ас қорыту бездері өт орналасқан бауыры мен ұйқы немесе қарын асты бездері болады. Өт – өт жолы арқылы арқылы алдыңғы бөліміне ашылады. Ішектің астында құрсақ қуысының жоғарғы жағында жүзу торсылдағы орналасқан. Бұл гидростатикалық аппарат болып есептеледі. Тыныс алу жүйесі, ол үшін сүйекті балықтардың тыныс алу мүшелерімен танысамыз.
Сүйекті балықтарда, басқа эктобронхиттар сиякты судағы еріген оттегімен тыныс алады. схемада көрсетілгендей сүйекті балықтардың тыныс алу мүшесінің қызметін төрт жұп желбезек аппараттары атқарады. Әрбір аппарат- желбезек доғасынан және желбезек жапырақшаларынан тұрады.
Доғалар жұтқыншақтың оң және сол жақ бүйірлерінде орналасқан. Желбезек аралық перделері болмайды. Желбезек саңылаулары бір жұп. Оның беті сүйекті қақпақпен жабылған. Сүйекті қақпақтың бас шетінде жіңішке ғана желбезек жарғақшасыдеп аталатын тері өсіндісі болады. Желбезек доғасының ішкі бетіне таман әр түрлі ұзындықта және әр түрлі жиілікте орналасқан желбезек таяқшалары бар. Бұл таяқшалардың тыныс алуға онша қатысы жоқ. Бірақ бұлардың балықтардың түрін анықтауда систематикалық маңызы бар.
Сүйекті балықтардың тыныс алу механизмі желбезек қақпағы мен желбезек жарғақшасының ашылып және жабылуының нәтижесінде жүзеге асады. Мысалы, желбезек қақпағы сыртқа қарай көтерілгенде, желбезек жарғақшасы желбезек саңылауын жабады. Бұл кезде ауыз арқылы су ауыз қуысына кіреді. Желбезек қақпағы ішке қарай ойысқанда ауыз тесігі жабылады да, желбезек саңылаулары ашылып, одан су тысқа шығарылады. Жолында тұрған желбезек жапырақшалары ұдайы жуылып тұруының нәтижесінде, олардың нәзік қабырғалары арқылы газ алмасады. Осылайша цикл қайталанып, тыныс алу процесі үздіксіз жүреді.
Қан айналу жүйесі.Алабұғаның екі камералы құлақша немесе жүрекше және қарынша жүрегі дене қуысының алдыңғы бөлімінде орналасқан желбезектердің астында жатады. Қарыншадан ірі құрсақ клоакасы төрт жұп қан әкелуші желбезек артерияларын береді. Желбезек жапырақшаларында әрбір қан әкелуші желбезек артерияларын береді. Желбезек жапырақшаларында әрбір қан әкелуші желбезек артериялары капиллярларға тармақталады. Ал капиллярлардың қабырғасы арқылы судың желбезектерді шайып тұруынан ғаз алмасу процесі жүреді. Оттегіне қаныққан артерия қаны капиллярлар арқылы қан әкететін желбезек артерияларына жиналып, олар арқа жағынан арқа қолқасының жұп түбіне келіп құяды. Сосын бастың соңғы бөлімінде олар өзара қосылып, тақ арқа қолқасын түзеді. Арқа қолқасы омыртқа жотасының астынан өтеді және одан барлық мүшелерге, ұлпаларға көптеген қантамырлар жетеді. Мұнда олар жиі орналасып капиллярлар торын құрып, олардың қабырғалары арқылы газ алмасу, қоректік заттар мен жасушаның тіршілік әрекеті үшін азықтар жүреді. Көмірқышқыл газына қаныққан қан алабұғаның бас бөлімінен жұп алдыңғы кардиналь кенасына құйылады. Бұл жұп кардиналь веналары өзара қосылып кювьеров өзегін және одан әрі күретамыр қуысын веноздық синусты түзеді. Ішектен күретамыр веноздық қаны бауырдың қақпа жүйесі арқылы өтіп, сосын барып күретамыр қуысына келеді. Күретамыр қуысынан қан құлақшаға. Сосын барып қарыншаға құйылады. Сонымен, балықта бір қан айналу шеңбері болады, ал жүрек арқылы тек қана күретамыр қаны өтеді. Қан жасауын мүшесі көкбауыр болып табылады.
Жүйке жүйесі. Алабұғаның бас миы бес бөлімнен: алдыңғы ми, аралық ми, ортаңғы ми, мишық және сопақша ми 1 Алдыңғы мидың көлемі кішкентай, керісінше ортаңғы ми мен мишықтың әлдеқайда жетілгендігін көруге болады. Алдыңғы ми екі сыңардан тұрады. Оның үстіңгі қабығында эпитиальді милы заты жоқ. Алдыңғы мидың негізгі бөлігі, оның тұлғасы орналасқан жолақты денеден тұрады. Аралық ми алдыңғы ми сыңарларының астына орналасқан. Аралық миды артқы жағынан ақырын ашса, кішкене өсінді түріндегі эпифизді көруге болады. Ортаңғы мидың көру бөлімі жақсы дамыған. Мишықтың көлемі үлкен сопақша мидың үстін жауып жатады. Сопақша ми бірте-бірте жұлынға ауысады. Сопақша мидың үстіңде ромба пішінді шұқырды көруге болады. Үлкен жарты шарлардың алдыңғы жағында иіс сезу бөліктері орналасқан, олардан иіс сезу жүйкелері тарайды. Бұл жүйкелер мұрын капсулаларында тарамдалады. Бас миының төменгі жағынан қарау үшін сопақша миды кесіп, миды алға қарай жылжыту керек. Ми көз жүйкелерімен байланысып жатады. Көз жүйкелері бас сүйегінің негізіне жалғасып жатады. Егер миды аударып қараса кішкене дөңгелек тәрізді өсінді гипофизді көруге болады. Олар аралық мидың астыңғы жағына орналасқан.
Зәр шығару жүйесі. Омыртқа жотасының астында орналасқан таспа тәрізді екі тұлға бүйректерінен тұрады. Әрбір бүйректің ішкі жиегін қуалай орналасқан жіңішке түтікщелер – несеп жолдары болады. Несеп жолдары бір – бірімен қосылып, бір каналға айналады. Бұл канал зәр шығару тесігіне ашылатын қуыққа өтеді.
Көбеюі. Сүйекті балықтардың басым көпшілік түрлері дара жыныстылар. Аталықтарында тұқым, ал аналығында жұмыртқа бездері бар. Олардың әрқайсысы жұп мүшелер. Жыныс бездерінің ішінде қуысы боқуысы болады да, олар ерекше каналдар арқылы зәр тесігінен басқа тесік арқылы зәр – жыныс каналына келіп ашылады. Шеміршекті балықтардай, ұрғашыларында жұмыртқа жолының қызметін атқаратын – мюллерон каналдары болмайды. Еркектерінде жыныс бездерінің бүйрекпен байланысы жоқ, ал вольфов каналдары зәр шығару каналының қызметін атқарады.
Уылдырықты ұсақ, оның сыртында жұқа мөлдір қабығы болады. Ұрықтану аналық организмнен тыс, су ішінде болады.
Тапсырмалар:
1 Тапсырма. Ланцетниктің, өзен алабұғасының систематикасымен танысып, альбомға жазып келу.
Систематикасы
Хордалылар типі-Chordata
Омыртқалылар немесе Бас сү йектілер тип тармағы-Vertebrata
Сүйекті балықтар класы-Osteichtycs
Алабұға тәрізділер отряды-Perciformes
Өкілі: Өзен алабұғасы-Perca fluviatilis
2 Тапсырма.Өзен алабұғасының немесе жергілікті жердің сүйекті балықтардың сыртқы құрылысымен танысып, дара және жұп қанаттарын анықтап, бүйір сызығын табыңыздар. Бас бөліміндегі танау тесіктерін тауып, желбезек қақпақтарын қараңыздар.
3 Тапсырма Тыныс алу жүйесін белгілеңіз:
1 - ала бұға (ктеноидная); 2 - плотванікі (плактоидная).
4 Таппсырма. Балық қаңқасының жалпы түрін қарастырыңыз. Балықтың қаңқасында қандай бөлімдерді бөлуге болады? Белгілеңіз
5 Тапсырма. Қайталауға арналған сұрақтар қысқаша жауап жазыңыз
1Торсылдақ деген не, ол қандай қызмет атқарады?
2.Сүйекті балықтардың тыныс алу қалай орындалады?
3.Сүйекті балықтардың орталық жүйке жүйесінің және қан айналу жүйесінің құрылыс ерекшеліктері қандай?
Электрондық материалдар
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ электрондық кітапханасы
http://kazatu.kz/ru/obrazovanie/elektronnie-izdaniya/
2. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап | Дәуітбаева...
b-ok.org›book/3285528/fe4d22. | download |
3. Электронная библиотека КазНУ | Дәуітбаева, Күләш...
elib.kaznu.kz›book/4372
4 "Зоология" пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
bagdar.info›zoologiya-peni-bojinsha-ou-…
5. Омыртқасыздар зоологиясы
er.semgu.kz›Омыртқасыздарзоологиясы
6. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 2-кітап...
twirpx.com›file/2216579/
Қолданылған әдебиеттер:
Дәуітбаева К.А. Омыртқасыздар зоологиясы. –Алматы Қазақ
университеті, 1997. 2 -бөлім.
Түсіпова К.С.Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы,1999ж.
К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов, Омыртқалылар зоологиясы.Алматы., 2011ж
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007
№12- Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Хордалылар типі. Амфибиялардың жіктелуі.
Құйрықсыз қосмекенділер отряды. Көл бақаның ішкі және сыртқы құрылысымен танысу. Бақаның даму кезеңімен танысу. Көл бақаның қаңқасындағы ерекшеліктері.
Жалпы түсінік.
Бақаның денесі бас, тұлға, алдыңғы және артқы жұп аяқтарға бөлінеді. Басы жалпақ болып, тұлғаға бірден жалғасады. Басының екі қырында қабақтармен жабдықталған екі үлкен тостақ көз. Үстіңгі қабағы аздап, ал астыңғы қабағы жақсы қозғалмалы болады. Тұмсығының ұшында жұп танау тесіктері орналасқан. Аузы үлкен. Көздің артқы жағында ауыз бұрышының үстіңде орналасқан терінің дөңгелек бөлімі–дабыл жарғағын көруге болады. Аталықтарының ауыз бұрышында тері қатпарлары (резонатор) болады. Олар аталықтары бақылдағанда ауаға толып, шар тәрізді бастың екі жағынан қампиып шығып тұрады. Резонатор дыбыстың күшеюіне жәрдемдеседі.
Бақаның ауыз қуысы кең. Кішкентай тістері конус пішінді болып, тек жоғарғы жақтың ішкі жағындағы үстінде және таңдайдың алдыңғы бөлімінде орналасқан. Төменгі жақтарында тістері болмайды. Етті тілі астыңғы жақтың алдыңғы шетінде алдыңғы ұшымен бекіген де, ал оның бос ұшы жұтқыншаққа қарай иіліп жатады. Таңдайында күрек тістерінің алдыңғы жағында ішкі танау тесіктері немесе хоаңдар орналасқан. Олар сыртқы мұрын тесіктерімен байланысып тұрады.
Бақалардың ауыз қуысындағы қоректік заттарының жұтқыншаққа, өңешке қарай жылжуына көз алмасы да көмектеседі. Өйткені еттері талшықтарының жиырылуы нәтижесінде көз алмасы төмен түсіп, қоректік заттарды ауыз –жұтқыншақтың ішіне қарай итереді. Ауыз қуысының бұрышынан ортаңғы құлақ қуысынан ашылатын евстахиев түтіктерінің саңылауы көрінеді.
Бақаның тұлғасы қысқа және жалпақ болып келген. Оған аяқтары жалғасқан. Алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан қысқа болып, алақандары төрт саусақтарымен аяқталады. Аталығының бірінші алақан саусағының түбінде (ішкі жағынан ) қара түсті дақтар –жыныс қалдары болады. Ал артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзындау және күштірек болып, табандары бес саусақпен аяқталады. Саусақтардың арасы жүзу жарғағымен жалғасқан.
Бақаның денесі терімен жабылған. Құрсағына қарағанда арқа жағындағы терісінің түсі көбірек қара болып келеді. Терісі жалаңаш болып, көптеген шырыш бөліп шығарады. Олардың терісі еттерімен тек кейбір жерлерінде ғана байланысады, сондықтан да терісін пинцетпен оңай көтеруге болады.
Ас қорыту жүйесі.Бақалардың ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Ондағы ұсақ біркелкі ұштары ептеп артқа қарай иілген конус тәрізді тістері қорегін ұстап тұруға көмектеседі. Ауыз қуысының артқы бөлімі ауыз –жұтқыншаққа өтеді. Ол жерден қорегі қысқа өңеші арқылы қарынға (2-сурет) түседі. Ішектері он екі елі, аш, тоқ және тік ішек бөлімдеріне бөлінеді. Ол клоакаға ашылады. Клоакаға ас қорыту, зәр шығару және жыныс жүйелері жолдарының барлығы да ашылады. Он екі елі ішектің иініне ұйқы безі жабысып жатады. Бауыры үлкен, оның өті болады. Өт түтігі он екі елі ішекке ашылады.
Ішкі құрылысы
Тыныс алу жүйесі. Ересек қосмекенділер алғашқы құрлық жануарлары ретінде, газ күйіндегі оттегімен өкпесі арқылы тыныс алады. Қосмекенділердің өкпесі жұқа қабырғалы қапшық пішіндес, ішкі қуысында ауа ұяшықтары аз, өкпесі нашар жетілген. Сондықтан олардың тыныс алуында терінің маңызы зор.
Өкпе арқылы тыныс алуына байланысты қосмекенділерде ішкі мұрын тесігі –хоан пайда болған. Ауыз –жұтқыншақ қуысының түбінде көмекей (көмей) бар. Бақаларда тыныс алу механизмі ауыз –жұтқыншақ қуысының ауаны соруы арқылы жүзеге асырылады. Оның түбі (тамағы) төмен түскенде, ауа сыртқы және ішкі мұрын тесіктері арқылы ауыз –жұтқыншақ қуысына кіреді. Ауыз –жұтқыншақ қуысының түбі (тамағы) жоғары көтерілгенде ішкі мұрын тесігінің клапаны жабылады да, ауа өкпеге қарай өтеді. Тамағы екінші рет төмен түскенде, өкпедегі ауа ауыз –жұтқыншақ қуысына сорылады. Тамағы екінші рет жоғары көтерілгенде, ауыз –жұтқыншақ қуысындағы тесіктері арқылы сыртқа шығарылады. Тыныс алу механизмі осылайша қайталана береді.
Қан айналу жүйесі.Қосмекенділердің жүрегінің балықтардан айырмашылығы үш камералы болуы. Ол бір қарыншадан және екі жүрекшеден тұрады. Жүрек маңы қабы болады. Қарыншаның оң жағында артерия конусы орналасқан, одан үш жұп қан тамырлары шығады:
1 жұп –өкпе артериясы.Ол артерия конусының үстіңгі бөлімінен шығып, өкпе артериясына өтеді. Одан ары қарай дененің арқа жағындағы теріге тарамдалатын үлкен тері артериясына барады.
2 жұп –қолқа жүйесінің доғасы.Ол артерия конусының құрсақ жағынан шығып, иық белдеуіне, қолға артерия қанын апаратын бұғана асты артерияларына өтеді. Оң және сол жақ жүйелік доғалар иіле өзара қосылып, омыртқаның астыңғы бетін қуалай отырып орналасқан арқа қолқасын түзеді. Одан бүйректерге, жыныс мүшелеріне және артқы аяқтарға баратын қан тамырының тармақшалары шығады.
3 жұп –ұйқы артериясы.Ол да артерия конусының құрсақ жағынан шығады да таза артериялық қанды бас бөліміне апарады.
Вена қаны дененің алдыңғы бөлімінен оң және сол алдыңғы қуыс веналарына жиналады және ол қанды вена қолтығына (синусына) апарып құяды. Ол үшін қан бастан сыртқы және ішкі кремдік веналар арқылы, теріде артериялық қан –тері венасы арқылы алдыңғы аяқтан бұғана венасы арқылы ағады. Тері және бұғана веналары қосылып бұғана асты венасын құрайды. Бұғана асты веналары кремдық веналармен қосылып, оң және сол алдыңғы қуыс веналарын түзеді.
Дененің артқы бөлімінен қан жалпы жамбас асты венасы арқылы бүйрекке келеді және ол жерде капилярлар торына тарамдалып, бүйректің қақпа жүйесін түзеді. Сонымен қатар, бауырдың қақпа жүйесі деген болады. Ол құрсақ венасы мен бауырдың қақпа венасынан түзілген. Құрсақ венасы оң және сол артқы аяқ веналардың қосылуынан пайда болған. Оған өз жолында қуықтан және құрсақ еттер қабырғаларынан қан жиналады. Бауырдың қақпа венасы барлық ас қорыту бөлімдерінің веналық қан тамырлары есебінде түзіледі.
Бүйректен шыққан бірнеше алып кеткіш бүйрек веналары қосылып, тақ артқы қуыс венасын құрайды. Оған сонымен бірге жыныс бездерінен келетін қанда құйылады. Соңында, артқы қуыс венасы бауыр арқылы өтіп вена қолтығына (синусына) құяды.
Қосмекенділердің жартылай құрлықта тіршілік етіуне байланысты балықтардан айырмашылығы үлкен және кіші қан айналым шеңбері болады. Бақа жүрегінің оң жақ жүрекшесінде тек қана вена қаны, сол жақ жүрекшесінде –артерия қаны, ал қарыншасында аралас қан болады. Қан жасап шығарушы мүше көкбауыры болады.
Зәр шығару көбею жүйелері. Тұлға бүйректері 4,5-суреттері мезонефрос жинақталған пішінді болады. Олар арқа жақтағы дене қуысының артқы жартысындағы омыртқа жотасының екі бүйірінде орналасқан. Бүйректерден зәр шығрау түтікшелері (вольфов каналдары) шығып, олар клоакаға ашылады. Зәр қуыққа жинақталып, клоака арқылы сыртқа шығарылады.
Аталық жыныс жүйесі (4-сурет), бүйрекке жанасып орналасқан ақшыл түсті домалақтау келген жұп аталық жыныс безінен тұрады. Бұл бездердің әрқайсысында, аталық безден бөлінген жыныс өнімдерін шығаратын көптеген ұсақ түтіктер болады. Олар бүйректің алдыңғы бөлімінің ішін аралап өтіп, вольфов каналына жалғасқан. Сондықтан жыныс өнімдері түтікшелер арқылы вольфов каналына құйылып, сосын осы каналдың клоака жанындағы кеңейген жері –тұқым қапшығы ішіне жиналып, кейін ол бұдан клоака арқылы сыртқа шығарылады. Аталық жыныс бездерінің үстін ала орналасқан сары түсті майлы дене бар. Ол аталық жыныс бездері мен оларда түзілетін аталық жыныс жасушасын қоректік затпен қамтамасыз ететін мүше. Сондықтан майлы дененің мөлшері өніп –өсуі кезінде азайып, басқа уақытта оның мөлшері үлкен болады.
Аналық жыныс жүйесі жұп аналық жыныс безінен тұрады. Бұлардың да үстін майлы дене жауып жатады, аналық жыныс безіндегі жетілген жұмыртқа алдымен дене қуысына, сосын ол мюллеров каналының воронка тәрізді кеңейген жеріне түсіп, содан жұмыртқа жолы арқылы жылжып, клоакаға өтіп сыртқа шығарылады.
Ұрықтың дамуы Ұрықтанған соң бақаларда 8-10 күннен кейін, жұмыртқаның қабығын жарып итшабақ деп аталатын дернәсілі сыртқа шығады. Алғаш итшабақтардың қозғалу мөлшері –аяқтары болмайды. Қозғалу мүшесінің қызметін жарғақпен көмкерілген құйрығы атқарады. Ең алғаш алдыңғы аяқтары негізделеді, бірақ олар сыртқа байқалмайды, сондықтан сыртқа бірінші рет артқы аяқтары шығады. Бақаларда құйрық қысқара бастайды да, кейін мүлдем түсіп қалады.
Қосмекенділердің барлығының да дернәсіл кезінде балықтардағыдай бүйір сызығы да болады, бақаларда ересек түріне айналғанда бүйір сызығы жойылып кетеді. Алғаш тыныс алу мүшесінің қызметін тармақталған 2-3 жұп сыртқы желбезектері атқарады, кейін сыртқы желбезектері жойылып, желбезек жапырақшалары бар –желбезек саңылаулары пайда болады. Итшабақ кезінде жүрегі екі камералы, жүрекше оң және сол жақ бөлімдеріне бөлінбейді. Балықтардың қан айналымы сияқты бір ғана қан айналу шеңбері болады. Соңғы даму кезінде ас қорыту түтігінің алдыңғы бөлімінде бір жұп өсінде пайда болып, өкпе қалыптасады. Оларды қанмен артерия доғасы қамтамасыз етеді. Өкпенің дамуымен байланысты, ішкі желбезектері жойылып, оған сәйкес қан айналу жүйесі өзгереді.
Сонымен қатар дернәсіл кезінде болатын пронефрикалық зәр шығару мүшесі жойылып ересек кезінде ол мезонефрикалық бүйрекпен алмасады. Итшабақ кезінде шөп тектес заттармен қоректенсе, енді олар жануар тектес азықтармен қоректенеді, нәтижесінде итшабақ кішкене бақаға айналады.
4-Тапсырма Бақаның сыртқы құрылысын белгілеңіз:
5 -Тапсырма: Қайталауға арналған сұрақтар қысқаша жауап беріңіздер:
1.Қосмекенділердін тері туындыларының айырмашылығы қандай?
2.Бақаның сүйек қаңқа ерекшелігін түсіндір?
3.Құйрықсыз қосмекенділердін ұрығының дамуы қалай өтеді?
4.Бақаның тіршілік ету ортасына қарай сыртқы пішіндері қандай болады және денесі қандай бөліктерден тұрады?
5.Бақаның тыныс алу механизмі қалай орындалады?
Электрондық материалдар
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ электрондық кітапханасы
http://kazatu.kz/ru/obrazovanie/elektronnie-izdaniya/
2. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап | Дәуітбаева...
b-ok.org›book/3285528/fe4d22. | download |
3. Электронная библиотека КазНУ | Дәуітбаева, Күләш...
elib.kaznu.kz›book/4372
4 "Зоология" пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
bagdar.info›zoologiya-peni-bojinsha-ou-…
5. Омыртқасыздар зоологиясы
er.semgu.kz›Омыртқасыздарзоологиясы
6. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 2-кітап...
twirpx.com›file/2216579/
Қолданылған әдебиеттер:
К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов, Омыртқалылар зоологиясы.Алматы., 2011ж
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007
№13- Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Хордалылар типі. Рептилиялар классы және жіктелуі.
Қабыршақтылар кластармағы. Кесірткелер отряды. Сұр кесірткенің ішкі және сыртқы құрылысымен танысу. Кесіркенің даму кезеңімен танысу. Кесіркенің қаңқасындағы ерекшеліктері.
Жалпы түсінік.
Кесірткелердің денесі бастан, мойыннан, тұлғадан, құйрықтан және жұп аяқтардан (алдыңғы және артқы) тұрады. Басының алдыңғы жағындағы үстінде ауыз қуысын хоандармен ашылатын танау тесіктері болады. Сонымен бірге басының екі шетінде қозғалмалы қабақтармен көмкерілген көздері орналасқан. Көздерінің артқы бұрышында жыпықтау жарғағы болады және көздерінің артқы жағында дөңгелек дабыл жарғағы бар есту тесігі орналасқан. Агаманың артқы басының үсті ұсақ. Дұрыс емес пішінді қабыршықтармен жабылған.
Тұлғасы ұзын болып келген. Тұлға мен құйрықтың жалғасқан шекарасында клоака тесігі орналасқан. Агаманың арқа жағындағы қабыршақтары ұсақ болады. Ал құрсақ жағындағы қабыршақтары қалқаншалар тәрізді ірілеу болады. Қабыршақтары құйрық жағында екі қабатты сақиналар түзеді. Аяқтары бес саусақты болып, тырнақтарымен аяқталады.
Агаманың шырышты бездерінің болмауына байланысты, терісі құрғақ болады. Тері бездері тобы шығарған желім тәрізді жабысқақ заттар секреттері құрсағының артқы бөліміндегі қабыршықтарын қаптап жатады. Ондай бездер әсіресе аталықтарында жетілген.
Ет жүйесі, Бауырымен жорғалаушыларда төменгі сатыдағы организмдерге тән еттің метамерлі орналасуы сақталмаған. Оларда мойын бөлімінің пайда болуы, бес саусақты аяқтың дамуы, жалпы денесінің үлкен бөліктерге жіктелуі міне осының барлығы ет жүйесінің күрделі дифференциялануына себепші болған. Әсіресе, тыныс алу процесін реттеуге қатысатын қабырға аралық еттерінің пайда болуына ерекше атап өтуге болады.
Ас қорыту жүйесі. Дала агамасының ауыз қуысындағы жақтарында ұсақ тістері болады. Тілінің ұшы жіңішке болып, тіл түбірі жұтқыншыққа қараған. Ал оның артынды өңеш орналасқан Құрсақ қуысының алдыңғы бөлімінде өңеш қарынға жалғасып, одан ары он екі елі, тоқ және тік ішектер кетеді. Тік ішек клоакаға ашылады. Аш ішек пен тоқ ішектің қосылған жерінде кішкене өсінді соқыр ішек бүйені болады. Ұйқы безі қарын мен он екі елі ішектің аралығында орналасқан. Құрсақ қуысының алдыңғы бөліміндегі үш бөлікті бауырында өт болады. Өт жолы да ұйқы безінің ашылатын жеріне келіп ашылады.
Тыныс алу жүйесі. Бауырымен жорғалаушылардың құрлықта тіршілік етуіне байланысты тыныс алу жолдары күрделі болып келеді. Біріншіден ауа танау түсіктерінен өтіп, хоандар арқылы ауыз қуысына келеді. Ол жерден ауа көмекей арқылы ұзын кеңірдекке өтеді. Кеңірдек екі бронхаға тарамдалып, өкпеге жалғасады. Қос мекенділермен салыстырғанда бауырымен жорғалаушылардың өкпесінде капиллярлар торыны еніп тұратын көптеген перделері болады. Ол өкпенің тыныс алу бетін ұлғайтады.
Қан айналу жүйесі. Көпшілік бауырымен жорғалаушылырдың жүрегі қосмекенділер сияқты үш камералы болады, бірақ жүрекшелерінің аралығындағы перделер толық болмайды.
Жүрек қарыншасының әр жерінен үш артерия кетеді. Он қарыншадан өкпе тамыры шығады да біраздан соң оң және сол өкпе артериясына бөлінеді. Қарыншаның сол жақ бөлімінен ішінде артериялық қаны бар ортаның оң жақ шеңбері шығады. Одан ұйқы, бұғана асты артериялары кетеді. Ең сонынаң қарыншаның ортасынан қолқаның сол жақ шеңбері кетеді. Ол жүрекке қарай иіліп қолқаның оң жақ шеңберімен қосылып, арқа қолқасын құрайды.
Қан тамырының осылай жіктелуі нәтижесінде өкпе артерияларына тек қана вена қаны құйылады да оң жақтағы қолқа доғасына, сол сияқты күре тамыр және бұғана асты артерияларына таза қан келеді. Тек қана сол жақ қолқа шеңберіне, арқа қолқасына аралас қан келеді. Бірақ оттегіне бай қан басым болады Арқа қолқасы омыртқаның бойымен кетеді де, одан ішкі мүшелерге, еттерге қан тамыры таралады.Арқа қолқасы жамбас жамбас тұсына келгенде үлкен мықын артерияларына бөлініп, қанды артқы аяқтарға апарады. Құйрық бөліміндегі вена қандары құйрық венасына жиналады, ол клоаканың манына келгенде, екі жамбас венасына тарамдалады. Жамбас веналарын артқы аяқтардың веналары жалғасады. Одан кейін бүйректің қақпа венасын бөліп шығарып, олар құрсақ венасымен қосылады. Құрсақ венасы ішкі мүшелердің көптеген веналарың қосып алып бауырға еніп, бауырдың қақпа венасын құрайды.
Бүйректен шыққан веналардан артқы қуыс вена құралады. Артқы қуыс вена омыртқаның астынғы бетімен басқа қарай көтеріліп, оң жүрекшеге келіп құяды. Артқы қуыс венасына-бауыр венасы да құйылады.
Бас бөліміндегі вена қандары қос яремдық венаға жиналады. Олар қос бұғана асты веналарымен қосылып,алдыңғы бір жұп венаны құрап. Оң жақ жүрекшеге құяды. Сол жақ жүрекшеге өкпе веналарының қаны құйылады.
Зәр шығару және жыныс жүйелері. Бауырымен жорғалаушылардың ересектерінің зәр шығару мүшесі жамбас бүйректерінен екінші бүйректен тұрады. Дене бүйректері бірінші бүйрек ұрықтың даму кезеңінде болатын мүше. Дене бүйректері ұрық жұмыртқадан шыққанша, кейде жұмыртқадан шыққан соң біраз уаққытқа дейін жұмыс істейді. Жамбас бүйрегі жетілген соң, вольфов каналының артқы бөлімінен. Бүйректің зәр шығару түтігімен қосылатын канал шығады. Сөйтіп зәр шығару түтігі пайда болады. Оң және сол зәр шығару түтіктері клоаканың арқа жағынан құйылады. Құрсақ жағынан клоакаға ашылады. Жамбас бүйрек қалыптасқан соң, дене бүйрегі редукцияланады, ұрғашыларында алғашқы бүйрек толығымен редукцияланады да еркегінде оның алдыңғы бөлігі қалып қояды.
38-Сурет. Бауырмен жорғалаушылардың зәр-жыныс жүйесінің үлгісі А-аталық, Б-аналық.1-тұқым безі; 5-қуық; 6-тік ішек; 7-клоака; 9-жұмыртқа безінің воронкасы; 10-жұмыртқа безі; 12-аталықтарындағы Мюллер өзегінің қалдығы; 13-тұқым безінің қосалқысы; 14-тұқым жолы; 15-жамбас бүйрек; 16-екінші несепағар; 17-аналықтарындағы рудиментті дене бүйрек; 18-аналық клетка; 19-жұмыртқа безі; 20-жұмыртқа жолының безді қабырғалары бөлетін белокты қабық; 21- жатыр; 22-қынап.
Жыныс бездері дене қуысының ішінде, омыртқаға жотасының екі жақ бүйіріне орналасқан. Аталықтарында екі тұқым безі, екі тұқым безінің өсінділері және екі тұқым жолы вольфов каналы болады. Шағылыс мүшесі клоаканың артқы жақ қабырғасынан өскен өсінді болып есептелінеді. Аналықтарында жұп жұмыртқа безі және клоакаға жеке тесіктер болып ашылатын жұп жұмыртқа жолдары болады.
Бауырымен жорғалаушылардың ұрықтану іште болады. Жұмыртқалары судан тыс құрлықта құрғақ жерде дамиды. Даму кезінде қосмекенділерде болатын дернәсілдік даму кезеңі болмайды. Жұмыртқадан ересектеріне ұқсас және ересектері тіршілік ететін жағдайда өмір сүруге бейімделген дене мүшелері кішкене бауырымен жорғалаушылар шығады.
Барлық бауырымен жорғалаушылардың жұмыртқаларының сырты мықты талшықты қабықпен қапталған.Ол жұмыртқаны кеуіп кетуден механикалық әсерден бактериялардың ішіне еніп кетуден сақтайды. Жұмыртқаларына болатын талшықты известі және белокты қабықтардан басқа ұрық дамыған кезде ұрықтың өзінен амнион,сероза,және аллантоис (38-сурет)деп аталатын қабықтар пайда болады. Олардың ұрықтың дамуына бейімделуде үлкен маңызы бар.
Алғашқы даму сатысында ұрық жұмыртқаны сары затының ішінен еніп кетеді.Ұрықтың бас бөлімінін алдыңғы жағынан қатпар пайда болады. Ол қатпар дами келе ұрықтың артқы бөлімінде қаптап жатады. Мұны амниот қатпары деп атайды. Сөйтіп пайда болған амнион ұрықтың сыртын қаптап жатқан тұйық қапшыққа ұқсайды. Амниот қуысының ішінде толған сұйық зат болады, ұрық осы сұйықтың ішінде қатады, яғни амнион ұрықты жұмыртқаның қатты қабығына тиюден сақтайды.
Ұрықтың бірнеше қабықтың ішінде жатқанын ескерсек онда қалай тыныс алады және де алмасудың өнімдері сыртқа қалай шығады деген сұрақ туады.Тыныс алуға алғашқы бейімделушілік жұмыртқаның сары затын қоршап жатқан көптеген қан тамырларының торы болып саналады. Мұны сары заттың қан айналым шеңбері деп атайды.Ұрық өсе келе сары заттағы,басқа бөлімдеріндегі қан тамырларының торы жойылады. Аллантоис ұрықтың артқы шегінің құрсақ жақ қабырғасынан шығатын қапшық тәрізді тұйық зат. Аллантоис дами келе сары уыс қапшығы мен сероз қабығының аралығына жабыса өскен үлкен қапшықшаға ұқсайды. Дамуының соңғы кезенде аллантоис ұрықты және сары зат қапшығын бүтіндей қоршап алады.
Аллантоис екі түрде қызмет атқарады: біріншіден-тыныс алу мүшелерінің қызметін атқарса, екіншіден-ұрық қуығы болып саналады. Аллантоис тек қана зәр затын жинайтын мүше емес, зәрдің құрамындағы артық суды сорып алып, қан тамыры арқылы денеге түсіріп, одан басқа зат алмасу кезінде пайда болған заттардың бір бөлігі газ түрінде организммен бөлінуіне себепші болады. Бұл жұмыртқадағы негізгі энергия көзі болып саналатын май тотыққанда су мен көмір қышқыл газы бөлінетін процеске негізделген.
Қорыта келгенде бауырымен жорғалаушылардың жұмыртқаларына құрылысы мен дамуына мынандай бейімдеушілектерді көруге болады:
1) Жұмыртқаның известі және талшықты қабықтары жұмыртқа сұйықтығын ағып кетуден механикалық зақым келтіруден сақтайды;
2) Жұмыртқаны қоректі затқа сару уызға бай болуы оның дернәсіл арқылы дамымай тура дамуын қамтамасыз етеді;
3) Жұмыртқаның гигроскопиялық қасиеті сыртқы ортадан жұмыртқаға судың өтуіне себеп болады;
4) Кейбір түрлерінде суға бай белоктың болуы және сары уызында майдың көп болуы,жұмыртқада су қорының жеткілікты болуы қамтамасыз етеді;
5)амниот қуысында сұйық заттың болуы ұрыққа қалыпты жағдай туғызады және оны механикалық әсерлерден сақтайды;
6)ұрық сыртына түрліше қапталып тұруы (аллантоис) оның тыныс алуына және зат алмасуда пайда болған газдарды сыртқа шығаруға себепкер болады. Бауырмен жорғалаушылардың көбеюіндегі бұл сияқты ерекшеліктер, олардың құрлыққа тіршілік етуіне көшуіне әсер еткен.
Бауырымен жорғалаушылардың көпшілігі жұмыртқаға салып көбейеді. Жұмыртқадан күн қызуы жақсы түсетін, азды көпті дымқыл бар топырақтан жасалған ұяларына салады. Шіріген ағаш түбіріне өсімдік үйінділерінің арасына жұмыртқасын салатын түрлері де кездеседі.
Бауырымен жорғалаушылар кейбіреулері балаларын тірі тауып та көбейеді. Бұл кезде тұрақтанған жұмыртқа өзінің барлық даму сатысын жұмыртқа жолында өткізеді де, анасының денесінен шығысымен жұмыртқасының қабығы жарылып дүниеге кішкене бауырмен жорғалаушылар келеді. Мұндай жағдай-сұр жыландарда , тірі туатын кесірткелерде және ұршық тәрізделерде байқалады.
Тапсырмалар
1 Тапсырма. Сұр кесірткенің систематикасымен танысып альбомға жазып алу
Систематикасы
Хордалылар типі-Chordata
Омыртқалар тип тармағы-Vertobrata
Бауырымен жорғалаушылар класы-Reptilia
Қабыршақтылар клас тармағы-Squamata
Кесірткелер отряды -Iacertilia
Өкілі: Сұр кесіртке -
2- Тапсырма . Сыртқы және ішкі құрылысын белгілеңіз:
3-Тапсырма. Кесірткенің қаңқасын белгілеңіз:
5 -Тапсырма: Қайталауға арналған сұрақтар қысқаша жауап беріңіздер:
1.Бауырыменжорғалаушылардын тері туындыларының айырмашылығы қандай?
2. Сұр кесірткенің сүйек қаңқа ерекшелігін түсіндір?
3. Рептилиялардые ұрығының дамуы қалай өтеді?
4. Рептилиялардын тіршілік ету ортасына қарай сыртқы пішіндері қандай болады және денесі қандай бөліктерден тұрады?
5. Рептилиялардын тыныс алу механизмі ерекшеліктері?
Электрондық материалдар
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ электрондық кітапханасы
http://kazatu.kz/ru/obrazovanie/elektronnie-izdaniya/
2. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап | Дәуітбаева...
b-ok.org›book/3285528/fe4d22. | download |
3. Электронная библиотека КазНУ | Дәуітбаева, Күләш...
elib.kaznu.kz›book/4372
4 "Зоология" пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
bagdar.info›zoologiya-peni-bojinsha-ou-…
5. Омыртқасыздар зоологиясы
er.semgu.kz›Омыртқасыздарзоологиясы
6. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 2-кітап...
twirpx.com›file/2216579/
Қолданылған әдебиеттер:
К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов, Омыртқалылар зоологиясы.Алматы., 2011ж
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007
№14-Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Хордалылар типі. Құстар класы.
Көгершіннің ішкі және сыртқы құрылысымен танысып, белгілеу. Құстардың қанқасының ерекшеліктері. Құстардын қан айналу және нерв жүйелеріндегі ерекшеліктер
Систематикасы
Хордалылар типі – Chordata
Омыртқалылар тип тармағы – Vertebrata
Құстар класы – Aves
Қырлы төсті құстар отряд үсті тармағы – Carinatae
Көгершіндер отряды – Columbiformes
Өкілі: Көк көгершін (кептер) - Columba livia
Сабақтың мақсаты: Көгершінді мысалға ала отырып, құстардың систематикалық жағдайымен танысып, сыртқы және ішкі мүшелер жүйелерінің ерекшеліктерін талдау.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Көгершіннің және жергілікті жердің құстарының тұлыптары, көгершіннің ішкі құрылысының ылғалды препаратты, қауырсын үлгілері, түрлі түсті таблицалар және ішкі құрылысын талдайтын микро-таблицалар.
Жалпы түсінік
Құстардың терісі жұқа, оның сыртқы эпидермис қабаты нашар жетілген. Тері қабатында ешқандай бездері және сүйекті туындылары болмайды, тек қана құйрық түбінің үстіңгі жағында құйымшақ безі болады. Оның шығарған секрет заттары қауырсындарды майлап, оған су жұқпайтын етеді. Құйымшақ безі су құстарында жақсы дамыған, құрлықта тіршілік ететін құстарда болмайды.
Сүйекті туындыларының болмауына байланысты эпидермистің түрін өзгерткен түрлі мүйізделген туындылары тері бетінде көп кездеседі. Мысалы, жоғары және төменгі жақтарының үсті азды-көпті болсын мүйізденген қапшықпен қапталып, тұмсықты құрайды. Тырнақтары мен сирақтарының сыртын мүйізді қабыршықтыар қаптаған. Құстардың көпшілік түрелерінің денесі бір тегіс қауырсынмен қапталып тұрмайды. Қауырсын бар жерін птерилия, ал денесінің қауырысыны жоқ жерін, немесе сирек кездесетін жерін аптерия деп атайды.
Құс қауырсындары құрылысына және атқаратын қызметіне қарай түрліше болады. Денесінің сыртын қалыпты қауырсын жауып тұрады. Ол негізі қаламнан және екі жағында симметриялы орналасқан азды-көпті пластинка опахаладан тұрады. Қауырсынның теріге еніп тұратын бөлімін қалам қауырсын дейді. Қауырсын сабағының жоғарғы пәр бекіген бөлімі сабағы деп аталады. Пәр ұзын бірінші дәрежедегі мұртшалардан және оған орнаған кішкене екінші дәрежедегі кіші мұртшалардың ұсақ, көптеген ілмешектері болады. Осы ілмешектер өзара байланысып, бір серіппелі тақташа желпуіш құрайды.
Қалыпты-контурлы қауырсын бүкіл денесін сыртқы механикалық әрекеттерден және дене жылуының азаюынан сақтайды. Құстың қанаттары мен құйрығы осы қауырсындардан қалыптасады. Бұл қауырсындарды орналасу жерлеріне қарай бірнеше топтарға бөледі. Мысалы, көгершін қанатында қанат үстін жабушы қауырсындар, кіші және үлкен қақпа қауырсындары болады. Құйрық қанатындағы үстін жауып жататын қауырсындарын-құйрық үсті қауырсындар, ал астындағы ұзын қанаттарын бағыттаушы қауырсындар деп аталады.
Қалыпты қауырсындардың астыңғы жағында ұсақ мамық қауырсындар орналасқан. Бұл қауырсындардың сабағы жіңішке, екінші дәрежедегі ұсақ мұртшалары жоқ, сондықтан олардан серіппелі тұтасқан пластинкалар қалыптаспайды. Кейбір мамық қауырсындардың сабағы өте жіңішке болады, сондықтан мұртшалары сабақтың жоғарғы жағында бір шоқ болып орналасады. Мұндай мамық қауырсындарды- нағыз мамық қауырсын деп атайды. Мамық және нағыз мамақ қауырсындар су құстарында, әсіресе салқын жақта тіршілік ететін құстарда көбірек болады. Олардың негізгі қызметі- организимдегі жылуды жоғалтпайды. Мамық қауырсындардың арасында, мұртшалары жоқ жіпше тәрізді қауырсындар да кездеседі.
Қауырсындары үздіксіз түлеп отырады. Көпшілік құстар жылына 1-3ке дейін түлейді.
Ет жүйесі. Құстардың бұлшық еттері, олардың тіршілік әрекетіне байланысты бірнеше ерекшелігімен сипатталады. Біріншіден, балықтарға, қосмекенділерге және бауырымен жорғалаушыларға қарағанда құстардың бұлшық еттері біршама жіктеліп, барып күрделенген. Ол ұшу кезіндегі күрделі қозғалысқа, жүруге, өрмелеуге және тамағын табуға мүмкіндік береді. Екіншіден, аяқтарын қозғауға икемделген көлемді бұлшық еттер дене қаңқасына орналасып, екінші сіңір ұштарымен аяқтарға бекінген. Үшіншіден, негізгі қимылын қанаттары атқаратын болғандықтан, қанаттарын қозғалатын ірі бұлшық еттер денесінің арқа жағына орналаспай, қанаттарды қозғайтындай болып көкірек бөліміне, төс сүйегінің екі жағына орналасқан. Әсіресе аяқтарының бұлшық еттері назар аударарлық. Төс сүйегінің қырына бекінген ірі төс еті құстың жалпы салмағының 20 пайызына жетеді де, қанаттарын төмен түсіруге қатысады.Оның астында жатқан бұғана асты еттері көлемі кіші болса да, қанатты жоғары көтеруге мүмкіндік береді. Артқы аяқтарын қозғайтын 35-ке жуық күрделі бұлшық еттері болады. Бұлардың ішінде көбірек көзге түсетіні оралымды бұлшық ет. Бұл ет жамбастан басталып, ортан жілік бойымен созылып келіп, тізенің үстінен сіңір сияқты, қатты тарамыс түрінде оралып өтіп, одан саусақтарын иіп тұратын сіңір созылады, саусақтары бүгіліп бұтақты бүреді. Құс неғұрлым төменірек басылып, орнықтырақ отырған сайын, оралымды ет күштірек созыла түседі. Сондықтан да, бұтақта қонақтап, ұйықтап отырған құстар құлап кетпейді.
Ас қорыту жүйесі. Ауыз қуысындағы жақтарында тістері болмайды. Тілінің ұшы жіңішке, мүйізделген өткір болады. Тіл түбінің артқы жағы мен көмекей саңылауынан өңеш басталады. Өңеш көгершіндерде кеңейіп жемсауға айналады. Көгершіндер балапандарын шығарған кезде, жемсауының ішкі қабатынан «сүт» деп аталатын майлы бөртбе тәрізді зат шығарады, онымен олар балапандарын қоректіндіреді.
Өңеш қабырғасы жұқа, безді қарынға барып жалғасады. Безді қарынның ішінде қоректік заттарды қорытатын ас қорыту шырын болады. Бұл ас қорыту шырынын қарын бездері жасап шығарады. Безді қарыннан қоректік заттар үгіледі. Ірі қоректік заттарды үгуге, бірінщіден- етті қарынның қабыршағы себепші болса, екіншіден- құстың жұтқан ұсақ тастарының да әсері тиеді. Қарыннан кейін он екі елі және аш ішектер кетеді. Ішектері тоқ, тік ішектерге жіктелмеген, ішектерінде соқыр өсінділері болады. Ас қорыту бездері- ұйқы безі, бауыр жақсы жетілген. Көгершіндердің бауырында өті болмайды.
Тыныс алу жүйесі. Құстарда ауа тесікетері арқылы ауыз қуысына өтеді. Одан әрі көмекей саңылауы мен жоғарғы көмекей арқылы кеңірдекке барады. Көмекей қуысына оның сыртқы жағынан келетін сыртқы дыбыс жарғақтары болады, осы жерде кеңірдектің төменгі тарамданған жерінен ішкі дыбыс жарғақтары де келіп түйіседі. Дыбыс жарғақтары бекіген арнаулы еттердің
жиырылуынан, яғни тітіркенуінен олардың формалары және қалыпасуы да өзгереді де, дыбысы түрліше құбылып шығады.
Дене қуысына кіре берісте кеңірдек екі бронхыға тармақталып, оң және сол өкпеге енеді. Өкпеден бронхылардың тарамдарынан тұйық бітетін түтіктер тарайды, оны бронхиолалар деп атайды. Бронхиолдардың айналасына қан капиллярлары шоғырланады.
Өкпенің ішіне енген бронхолар тарамдарының кейбір салалары өкпені тесіп өтіп ауа қапшықтарын құрайды. Мұндай ауа қапшықтарының көлемі, өкпенің көлемінен бірнеше есе үлкен болады. Ауа қапшықтары түрлі ішкі мүшелерінің аралығына орналасады. Олардың түтіктері бұлшық еттердің араларынан өтіп, тері астын қуалап орналасады және сүйектердің қуыстарына да енеді. Құстардың денесінде болатын ауа қапшықтары мойын бөлімінде екеу, бұғана аралығында біреу, кеудеде 2-3жұп және құрсағында үлкен бір жұп болады.
Ауа қапшықтарының ең басты маңызының бірі құстар ұшқанда, олардың тыныс алу механизмін реттейді.
Жерде отырғанда құстарда кеуде қуыстарының үлкейіп және кішіреюі арқылы тыныс алады. Құстар ұшқанда кеуде еттері керіліп тұрады, сондықтан көкірек бөлімінің көлемі үлкейіп немесе кішіреймейді. Міне, осы кезде құстар ауа қапшықтарындағы ауалармен және солардың әрекетімен тыныс алады. Құстардың қанаттарын көтергенде, ауа қапшықтарының көлемі үлкейіп, ішіне ауа толады, ал қанаттарын төмен түсіргенде ауа қапшықтарының көлемі кішірейіп, ауа өкпе арқылы сыртқа шығарады. Ауа қапшықтарының ішінде ешбір газ алмасу болмайды. Анығырақ айтқанда, құстар денесіне ауа ендіргенде де және шығарғанда да қанда ұдайы тотығу процесі болып отырады. Бұл құбылыс қос тыныс деп аталады. Мұндай жағдай құстардың ұшу кезінде, денесінің тез қимыл жасалуына байланысты, газ алмасу процесін тездетеді. Ұшқанда құстардың тыныс алуы олардың қанатының қимылының шапшандығына байланысты. Неғұрлым құс қанатын тез сермеп, тез ұшатын болса, соғұрлым тыныс алуы күшейеді. Сондықтан да құс жоғарылай ұшқанда тұншықпайды.
Қан айналу жүйесі. Құстар жүрегінің бауырымен жорғалаушылардан айырмашылығы жүректерінің төрт камералы болуында. Оның жоғарғы екеуін жүрекше, ал төменгі екі бөлімін қарыншасы дейді. Өкпеде тотыққан қан өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге, одан сол қарыншаға құйылады. Сол қарыншадан жалғыз оң жақ қолқаға шығып, өз тарапынан екі атсыз артерияға тарамдалады, ал қолқаның негізгі бөлімі оң жақтағы бронхыны айналып, дененің арқа бөліміне қарай созылып барып, одан ішкі мүшелердегі артерияларға тарамдалады да омыртқа жотасының астыңғы жағын қулай отырып, арқа қолқасына айналады. Сегізкөз тұсына барғанда арқа қолқасынан сан және шап қос артериялары тарамдалып шығады да, қолқаның өзі кішкене құйрық артериясына айналады және ол құйрықтың ұшына барып бітеді. Диаметрі қолқадан кеңірдек болып келетін, өте үлкен атсыз артериялар, бас бөліміне қан апарушы ұйқы артериясына (күре тамыр) алдыңғы аяқтарына (қанатына) баратын бұғана асты артериясына және өте үлкен кеуде еттеріне баратын көкірек артериясына тарайды. Жүректің оң жақ қарыншасынан бір ғана сабақпен басталатын қолқа келешекте екі өке артериясына тарамдалады.
Құйрық венасы екі бүйрек қақпа веналарына жіктеледі. Бірақ бүйрек қақпа жүйесінің капиллярына қанның барлығы тұтас енбейді. Қанның біразы бұйрек денесіндегі арнаулы түтіктермен өте шығады. Бүйректен шыққан қан тамырлары сан веналарымен қосылып мықынның қос веналарын құрайды. Бұл екі қан тамыры қосылып, дененің артқы бөлімінің негізгі вена қандары құйрық шарбы венасына келіп құйылады, ал дененің құрсақ бөлімінің ішкі жақ қабырғасынан қан ішек үсті венасына келіп құйылады. Бұл екі веналар бауырдың қақпа венасына қосылады. Бауырдан шыққан қан бауыр веналарымен ағып артқы қуыс венаға құйылып отырады. Сонымен денесінің артқы бөлімінен жиналып келген вена қаны артқы қуыс вена арқылы жүректің оң жүрекшесіне келіп құйылады.
Шықшыт веналары бұғана асты венлармен қосылып алдыңғы қуыс венаға айналады. Бас жақтан жиналған қан осы веналар арқылы оң жақ жүрекшеге келіп құйылады.
Зәр шығару және жыныс жүйелері. Құстардың ұрықтарында мезонефрос- дене бүйрегі болса, ересектерінде метанефрос- мықын бүйрек деп аталатын бүйрегі болады. Әр бүйректен клоаканың орта бөліміне барып ашылатын несеп түтігі шығады. Денесімен салыстырғанда, құстардың бұйрегінің көлемі үлкен болады. Құстар бүйрегінің үлкен болуы, олардың денесінде зат алмасу процесінің белсенді жүруіне байланысты. Құстарда қуық болмайды.
Аталық жыныс безі- сопақша пішінді, жұп қара түсті тұқым безінен тұрады. Тұқым безінің ішкі жақ сыртында кішкене төмпешік тәрізді тұқым безінің өсінділері болады. Осы тұқым безінің өсінділерінен тұқым жолы шығады. Бұл тұқым жолдары клоакаға құяр алдында аздап кеңейіп, тұқым қалтасы деп аталатын жетілген жыныс жасушалар үшін қуысты құрайды.
Аналықтарында сол жақ бүйрегінің маңында жұмыртқа безі болады. Жұмыртқа жолының бір ұшы клоакаға келіп ашылады, екінші ұшы воронка арқылы дене қуысына келіп ашылады. Жетілген жұмыртқа дене қуысына келіп ашылады. Жетілген жұмыртқа дене қуысынан жұмыртқа жолының воронкасына түседі де, оның бойымен қозғалады. Оң жақ жұмыртқа безі мен жұмыртқа жолы болмайды.
Тапсырмалар.
1- Тапсырма. Көк көгершіннің систематикалық жағдайымен танысып, альбомдарыңызға жазып алыңыздар.
2 -Тапсырма. Көгершіннің ішкі құрылысының суретін альбомға салып белгілеңіз:
1
|
|
2
|
|
3
|
|
4
|
|
5
|
|
6
|
|
7
|
|
8
|
|
9
|
|
10
|
|
11
|
|
12
|
|
13
|
|
14
|
|
15
|
|
16
|
|
17
|
|
3- Тапсырма. Құстардың қан айналу жүйесіне түсініктеме беріңіз:
4- тапсырма Құстардың тыныс алу ерекшелігің жазыңыз
суреттеріне талдау жасау
5-Тапсырма Қайталауға арналған сұрақтарға қысқаша жауап беріңіздер:
1.Құстардың бас миының қандай бөлімдері жақсы және қай бөлімдері нашар дамыған?
2.Ұшатын құстар мен ұшпайтын құстар қаңқаларында қандай өзгешеліктер бар?
3.Омыртқа жотасы қандай бөлімдерден тұрады?
4.Қанаттары және иық белдеуі қандай сүйектерден тұрады, «айыр» сүйек деп қандай сүйекті атайды?
Электрондық материалдар
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ электрондық кітапханасы
http://kazatu.kz/ru/obrazovanie/elektronnie-izdaniya/
2. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап | Дәуітбаева...
b-ok.org›book/3285528/fe4d22. | download |
3. Электронная библиотека КазНУ | Дәуітбаева, Күләш...
elib.kaznu.kz›book/4372
4 "Зоология" пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
bagdar.info›zoologiya-peni-bojinsha-ou-…
5. Омыртқасыздар зоологиясы
er.semgu.kz›Омыртқасыздарзоологиясы
6. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 2-кітап...
twirpx.com›file/2216579/
Қолданылған әдебиеттер:
К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов, Омыртқалылар зоологиясы.Алматы., 2011ж
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007
https://www.youtube.com/watch?v=6-eCtKe5cGY птицы общая характеристика
https://www.youtube.com/watch?v=N39pWAmHCGE систематика и экология птиц
https://www.youtube.com/watch?v=IblRW2KdCGg строение тела птиц
https://www.youtube.com/watch?v=EFv1w0PZ7z8 скелет и мышечная система птиц
№15-Зертханалық жұмыс
Тақырыбы:Хордалылар типі. Сүтқоректілер класы.
Қоянның сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Сүтқоректілердің биологиялық ерекшеліктерімен танысу.
Сабақтың мақсаты: Ақ егеуқұйрықтың систематикалық жағдайымен танысып, әртүрлі сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылыстарымен танысу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Ақ егеуқұйрықтың және жергілікті жердің сүтқоректілердің тұлыптары, ақ егеуқұйрықтың ішкі құрылысының ылғалды препараттары, микроскоптар, түрлі түсті таблицалар.
Жалпы түсінік.
Дене пішіні. Тіршілік ететін ортасының түрліше болуына байланысты сүтқоректілердің дене пішіні түрліше болады. Оның ішінде кеңінен таралғаны жер бетінде мекендейтін төрт аяқты жануарлар. Олардың аяғы ұзын болады да, ол бауырымен жорғалаушылардағыдай кеудесінің екі бүйіріне орналаспай, астына орналасқан. Сондықтан тізе буындары денесінің алдына қарай, ал шынтақ буындары денесінің арт жағына қарай бағытталған. Мойын бөлімі жақсы жетілген, ал құйрық бөлімі керісінше дененің қосалқы бөліміндей нашар дамыған. Жер астында тіршілік ететін түрлерінің денесі ұршық сияқты, мойыны қысқа, сыртынан айқын байқалмайды. Құйрығы редукцияланған. Аяқтары өте қысқа болады. Суда тіршілік ететіндерінің дене пішіні балық тәрізді болады да аяқтары ескекке айналған. Кит тәрізділерде тек қана алдыңғы аяқтары сақталған.
Тері жамылғысы. Сүтқоректілердің түрлі ортада тіршілік етуіне байланысты тері жамылғысының құрылысы басқа омыртқалылармен салыстырғанда анағұрлым күрделі болады.
Омыртқалылардың тері жамылғысы сыртқы – эпидермистен 157-суреті, оның астыңғы қабаты- кутистен немесе нағыз теріден тұрады. Эпидермис өз тарапынан екі қабаттан тұрады. Бірінші – төменгі қабатын – мальпигиев немесе өсу қабаты деп атайды. Ол қабаттың жасушалары цилиндр немесе төрт бұрышты тәрізді болады. Бұл қабаттың үсті жалпақтау келген жасушалардан тұрады. Сонымен қатар бұл қабаттың үстіңгі жасушалары біртіндеп қайызғақ түрінде, немесе қабат түрінде (тюленьдерде) түлеп түсіп отырады.
Сүтқоректілердің – түгі, тырнақтары, тұяқтары, мүйіздері (бұғыдан басқаларында), қабыршақтары және түрлі тері бездері осы эпидермис қабатынан пайда болады.
Сүтқоректілердің терінің кутис қабаты өте жақсы жетілген. Кутис талшықты дәнекер ұлпаларынан қалыптасады. Кутистің астыңғы қабатының ішкі беті жұмсақ талшықты ұлпалардан тұрады. Кейбір қысқы ұйқыға жататын жануарларда (саршұнақ, суыр, борсық, т.б.) май қабаты жақсы жетілген. Май олар үшін қысқы ұйқы кезіндегі қоректік материал болып саналады.
Сүтқоректілердің түгінің сыртқы бөлімін сабақ, ал теріге еніп тұрған бөлімін түбі деп екіге бөледі. Түк сабағын тікелей жарып микроскоп арқылы қарағанда мына қабаттардан өзек, сірі және сыртқы қабық қабаттарынан тұратынын байқауға болады. Өзегі арасында ауа болатын торлы ұлпалардан құралады. Сондықтан түк жылуды нашар өткізеді де, жануардың денесіндегі жылудың сақталуына себепші болады. Оның сыртқы сір қабаты өте тығыз болғандықтан түу мықты болады. Ең үстіңгі жұқа қабығы түкті сыртқы механикалық және химиялық әрекеттерден қорғайды. Түк түйініне қан тамырлары келеді. Ол түк түйініндегі жасушалардың жетілуін қамтамасыз етеді. Түктің тері бетіне шығып тұрған сабағы өсу қабілетін жойып, мүйізденіп кетеді. Терідегі май бездерінен шығатын майы түкті майлап, оның мықтылық қасиетінің сақталуына және су өтпеуіне себепші болады.
Ет жүйесі – өте жақсы жетілген және көптеген бұлшық етер жіктеліп, өз алдына орналасқан. Құрсақ қуысын бірде кеңейтіп, бірде тарылтып, сүтқоректілердің тыныс алу процесін жеңілдетуге көмектеседі. Тері астыңғы ет қабаты жақсы жетілген. Ол терінің кез келген жерін қозғалысқа келтіре алады. Приматтарда мұндай ет бет бөлімінде болады, оны мимикалық еттер деп атайды.
Ас қорыту жүйесі. Сүтқоректілерде ас қорыту жүйесі ерінінен басталады, етті ерін тек қана кит тәрізділерде және клоакалы жануарларда ғана болмайды. Етті ерін сүтқоректілерге қоректілерін ұстауға керек. Жақтың ішкі жағын ауыз қуысы дейміз. Қоректік заттар бұл жерде тістердің және сілекей бездерінің әсерінен механикалық және химиялық өзгерістерге түседі.
Сүтқоректілердің тістері – күрек тістер, шошақ тістер, жалған азулар және езу тістер деп бөлінеді. Түрлі жануарлардың тістерінің сандары, формалары мен атқаратын қызметі түрліше болады, мысалы, жыртқыштардың шошақ тістері өте жақсы жетілген және олардың ұшы өткір болады. Сол сияқты жоғарғы жағының соңғы жалған азуы және төменгі жағының бірінші нағыз азулар деп аталады.
Төменгі жақ сүйегінң арасына етті тіл орналасады. Оның жәрдемімен қоректік заттар қабылданып ауыз қуысында ұсатылған кезде оларды араластырады.
Ауыз қуысының арт жағында жұтқыншақ орналасқан. Жұтқыншақтың үстіңгі жағына жалғасып жататын ішкі танау тесіктері және евстахиев түтігі болады. Жұтқыншақтың төменгі бөліміне өңеш жалғасады. Өңештің еті тегіс ұлпалардан құралады. Кейбір күйіс қайтаратын жануарларда жұтқыншақтан келетін көлденең салалы еттер болады. Осы еттердің көмегімен өңеш еріксіз жиырылып күйіс қайырғанда қарындағы қоректік затты кекіріп аузына келтіруге көмектеседі.
Қарын басқа ас қорыту мүшелерінен айқын бөлінген және көптеген сөл шығаратын бездері болады. Қарынның көлемі және оның ішкі құрылысы қоректік заттарының түріне байланысты әрбір түрде түрліше болады. Күйіс қайтаратын сүтқоректілердің қарны өте күрделі құрылған. Мысалы, сиырдың қарны төрт бөлімнен тұрады: 1)үлкен қарын, оның ішкі бетінде қатты бүр болады; 2)жұмыршақ қарын,оның ішкі беті торлы ұяшықтарға бөлінген; 3)жалбыршақ қарын, оның ішкі беті көлденең орналасқан қатпарлардан тұрады; 4)ұлтабар немесе безді қарын. Үлкен қарынға түскен қоректік зат сілекейдің және бактериялардың әрекетінен ашиды. Қорек заты үлкен қарыннан оның перистальтикалық қозғалысының әсерінен жұмыршақ қарынға, одан күйіс қайырғанда – ауызға келіп түседі. Ауызда тамақтық зат ұсақталып, сілекеймен әбден араласады. Пайда болған жартылай сұйық зат жалбыршақты өңешпен жалғастыратын жіңішке саңылау арқылы жалбыршақ қарынға, одан ұлтабарға барады.
Нағыз ішек – аш ішек, тоқ ішек және тік ішек деп үшке бөлінеді. Өсімдік тектес қатты азықтармен қоректенетін түрлердің (кемірушілердің) аш ішегі мен тоқ ішегінің шекарасында ұзын және тұйық бітетін бүйені болады, ал кейбір сүтқоректілерде (маймылдарда, шала маймылдарда, қояндарда) кішкене құрт тәрізді тұйық өсіндімен бітеді. Жануар тектес азықпен қоректенетін сүтқоректілердің кейбір түрлеріне (көп күрек тісті қалталыларда) бүйен болмайды. Бүйен ашытқыш чанның қызметін атқарады. Егер тамақтық заттың құрамында клетчатка көп болса, ашу процесі де соғұрлым күшті болады. Өсімдік тектес азықпен қоректенетін жануарларда ішектері ұзын, ал кез келген тамақпен немесе жануар тектес затпен қоректенетіндерінде қысқа болады.
Бауыр көк еттің (диафрагманың) астыңғы жағына орналасқан. Өт пен ұйқы безінің жолдары он екі елі ішекке ашылады.
Тыныс алу мүшелері. Жұтқыншақ астына көмекей орналасады. Көмекей бірнеше шеміршектен тұрады. Көмекейдің төменгі жағында сақина сияқты оймақ тәрізді шеміршек болады. Ал, алдыңғы және бүйір жағынан тек қана сүтқоректілерге тән қалқан тәрізді шеміршек қоршап тұрады. Оймақ тәрізді шеміршектің үстіңгі көмекейдің арқа жағында бір жұп ожау тәрізді шеміршек болады. Қалқан шеміршегінің алдыңғы шетіне жұқа жапырақ тәрізді үстіңгі көмекей жалғасады. Оймақ тәрізді және қалқан шеміршегінің алдыңғы шетіне жұқа жапырақ тәрізді үстіңгі көмекей жалғасады. Ойық тәрізді және қалқан шеміршегінің арасында кішкене қалта тәрізді қуыс – көмекей қарыншасы болады. Дыбыс байланысы бір жұп қатпар түрінде қалқан шеміршегі мен ожау тәрізді шеміршектің арасында жатады. Кеңірдіктер мен бронхылар өте жақсы жетілген. Ең ұсақ тарамдарын бронхиолдар деп атайды. Бронхиолдар кішкене альвеолдар деп аталатын көпіршіктермен аяқталады. Альвеолдар ұяшық сияқты болады да керегелері өте жұқа екенін байқау қиын емес. Бұл ұяшықтарға қан тамырларының ұші келеді. Сүтқоректілердің тыныс алуына және шығаруына қабырға аралық еттер мен көк еттің – диафрагманың үлкен әсері бар, яғни олардың жиырылып жазылуының нәтижесінде көкірек қуысы кеңейіп, ауа қабылдап немесе тарылып, өкпеден газдың шығуына себепші болады.
Қан айналу жүйесі. Сүтқоректілердің сол жақ қарыншадан шығатын бір ғана сол жақ қолқа доғасы болады. Қолқадан кететін қысқа атсыз артерия, оң бұғана асты артериясына ашылады, оң және сол ұйқы артерияларына тарамданады. Сол жақ бұғана асты артериясы қолқа доғасынан кетеді. Кейде сол жақ ұйқы артериясы атсыз артерияан шықпай қолқа доғасынан шығады. Арқа қолқасы омыртқа жотасының астыңғы жағында жатады да одан еттерге және ішкі мүшелерге көптеген қан тамырлары кетеді.
Вена жүйесіндегі ерекшеліктер: 1-бүйректердің қақпа қан айналысы болмайды; 2-сол жақтағы алдыңғы қуыс вена аз ғана түрлерінде жүрекке өзінше барып құяды. Көпшілік жағдайда ол оң жақ алдыңғы қуыс венамен қосылып, дененің алдыңғы жағындағы қанды жинап, оң жүрекшеге келіп құйылады; 3-кардиналдық веналардың дара веналары болады; 4-көптеген түрлерінде оң жақ дара вена өз бетінше алдыңғы қуыс венаға құйылады, ал сол жақ дара вена қуыс венамен байланысын үзеді де көлденең вена арқылы оң жақ дара венаға барып құйылады.
Зәр шығару және жыныс жүйелері. Зәр шығару мүшелері – жұп мықын бүйректері бел маңайындағы омыртқа жотасының екі қапталында орналасқан. Бүйректің ішкі жақтарынан несеп (зәр) ағарлар шығып, қуыққа ашылады. Қуықтан несеп арнаулы несеп каналы арқылы сыртқа шығады. Аталықтарында несеп каналы жыныс мүшесінің ішімен өтеді де, аналықтарында-клитордың басында ашылады. Әрбір бүйректің алдыңғы шетінде ақшылдау дене-ішкі секреция мүшесі болып табылатын бүйрек үсті дене орналасқан.
Жыныс мүшелері – аталықтарында тұқым бездері жұмыртқа тәрізді пішінді болып, құйрық түбіндегі ерекше қапшық-ен қалтасының ішіне орналасқан. Тұқым бездерінің жоғарғы жағында олардың өсінділері болады да, олардан тұқым жолдары шығады. Қос тұқым жолы шап каналы арқылы құрсақ қуысына бағытталады. Дене қуысында қосымша жыныс бездері-тұқым көпіршіктері мен қуықтың жанында пристательдік бездері болады, бұл қосымша жыныс бездерінің жолдары да тұқым жолдарына қосылып, одан жыныс мүшесінің ішімен өтетін зәр шығару каналына ашылады.
Аналық жыныс мүшелері бүйрек маңайында орналасқан жұп жұмыртқа бездерімен берілген. Бір жұп жұмыртқа жолдары құрсақ қуысы жағынан қарағанда түтікше тәрізді болып, оның алдыңғы ұштары кең воронкаға айналады. Жұмыртқа жолдары қалың қабырғалы түтікше-жатын мүйіздеріне енеді. Оң және сол жақ жатын мүйіздері өзара қосылып, жатын денесін құрайды. Жатын сыртқы жыныс тесігіне ашылатын ұзарған қынапқа жалғасады. Сыртқы жыныс тесігіне қынаптан басқа несеп жолы да ашылады.
Тапсырмалар.
1- Тапсырма. Ақ қоянныңтың систематикалық жағдайымен танысып, альбомға жазып алу.
Систематикасы
Хордалылар типі-Chordata
Омыртқалылар тип тармағы –Vertebrata
Сүтқоректілер класы –Mammalia
Кемірушілер отряды – Rodentia
Өкілі: Ақ қоян –
2 -Тапсырма Қоянның қаңқасын қандай бөлімдерден тұратының белгілеңіз:
3 тапсырма: Қоянның ішкі құрылысмен танысып альбомға суретін салып, белгілеңіз
4-Тапсырма
Өз өңіріңізде қандай жануарлар мекендейді?
Cіздің мекеніңізде қандай жануарлар Қызыл кітапқа еңгізілген?
5 тапсырма. Қайталауға арналған сұрақтар қысқаша жауап беріңіздер:
1.Сүтқоректілердің сыртқы түрінде қандай ерекшеліктері бар?
2.Сүтқоректілердің тіршілігінде түкті жамылғының қандай маңызы бар?
3.Ас қорыту жүйесі қандай мүшелерден тұрады? Олардың әрқайсысының атқаратын қызметі қандай?
6.Қан айналу жүйесінің қандай ерекшеліктер бар?
Электрондық материалдар
1. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ электрондық кітапханасы
http://kazatu.kz/ru/obrazovanie/elektronnie-izdaniya/
2. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап | Дәуітбаева...
b-ok.org›book/3285528/fe4d22. | download |
3. Электронная библиотека КазНУ | Дәуітбаева, Күләш...
elib.kaznu.kz›book/4372
4 "Зоология" пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
bagdar.info›zoologiya-peni-bojinsha-ou-…
5. Омыртқасыздар зоологиясы
er.semgu.kz›Омыртқасыздарзоологиясы
6. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 2-кітап...
twirpx.com›file/2216579/
7. https://www.youtube.com/watch?v=g9X9G2cBQe0 класс млекопитающие
8. https://www.youtube.com/watch?v=e1q5gguso4A строение тела млекопитающих животных
9. https://www.youtube.com/watch?v=144CbAj5WiI систематика млекопитающих животных
Қолданылған әдебиеттер:
1 К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов, Омыртқалылар зоологиясы.Алматы., 2011ж
2 КонстантиновВ.М. идр. Зоологияпозвоночных. -5еизд.-М.: «Академия» , 2007.
3 Жұмалиев, М.Қ. Жануарларәлемініңбиоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007
Достарыңызбен бөлісу: |