Трихоцефалезбен ит, түлкi, қасқыр, сазқұндыз (нутрия) ауырады. Оны Thichocephalidae тұқымдасына жататын, аңның тоқ iшегi мен соқыр iшегiнде тiршiлiк ететiн Thichocephalus vulpis жəне T.nutria жұмыр құрттары тудырады.Қоздырғышы. Нематоданың бас жағы өте жiңiшке қылдай болса, ал құйрығы жуандау келедi. Құрттың тұрқы 3,8-7,5 см. Еркегiнiң құйрығының ұш жағы жұмырланған, жiптей ұзын жалғыз спикуласы бар, ол сырты тiкеншелермен қапталған қынаптың iшiнде орналасқан.
Жұмыртқасы бөшке сияқты, қоңыр түстi, тығыншықтары көрiнiп тұрады, оның аумағы 0,087-0,093 х 0,037-0,040 мм.Өсiп-өнуi.Эпизоотологиясы, аурудың өрбуi, сырт белгiлерi, өлекседегi өзгерiстер зерттелмеген.Анықтау. Фюллеборн немесе басқа да овоскопиялық қалқыту əдiстерiн қолданады, өлiктiң тоқ iшегiнен құрттарды iздейдi.Емi жоқ десе де болады.Сақтандыру (қараңыз: ет қоректiлер токсокарозы жəне токсоаска- ридозы).

III.Қорытынды
Трихоцефалез ең кең тараған гельминтоздардың бірі.Жер шарында онымен инвазияланған жануар саны 600млн асады. Қылбас құрт жер шарының барлық түкпірінде кездеседі, көбінесе тропикалық,субтропикалық және ауа райы қоңыржай ылғалды аймақтарда кездеседі. Патогенезінде личинкалардың ішектің қабырғасын жаралауының маңызы зор. Пәрменді инвазияланған, ішекте геморрагия, жаралар мен эрозиялар пайда болады. Сонымен қатар анемия дамиды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Шабдарбаева Г.С. Ветеринариялық протозоология және арахноэнтомология//Оқулық. «Print-S», Алматы, 2011. 275 б.
2. Сабаншиев, М.С. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулар: оқулық / ҚР білім және Ғылым Министрлігі.- Алматы: РПБК, 2011.- 480 б.
3. Шабдарбаева Г.С. Асылханов Д.У. и др.. Гельминттердің жіктелуі. Классификация гельминтозов. Systematization of Helminthosis. Учебное пособие//на каз/рус/англ. языках. Алматы, 2013 АО Казспецпредприятие».
4. Шабдарбаева Г.С. Асылханов Д.У. және т.б авт..бірге «Вет. гельминтология» оқу құралы. Алматы, 2016. «Print» баспасы.