Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы
Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.
Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Жараланудағы бірінші көмек Жаралануда бірінші көмек көрсетудің негізгі мақсаты қан ағуды уақытша тоқтату ( байлау, таңу, жгут салу) және инфекцияның түсуінің алдын алу (таңбаны қояр алдында жараның шеттерін йод ерітіндісімен тазалау) болып есептеледі. Жараға таңғышты қояр алдында дененің осы жеріндегі киімдерді немесе аяқ киімдерді шешу қажет. Киімдерді қосымша жара түсіріп алмай, абайлап шешу керек. Оларды тігісінен кескен мақұл. Таңғышты қоярда жеке таңғыш пакетін пайдаланған дұрыс. Қан ағуды уақытша тоқтату және тасымалдау иммобилизациясын жасап науқасты емдеу мекемесіне алыа бару керек.
Дәрігерге дейінгі көмекті мейірбике немесе фельдшер көрсетеді. Егер бірінші көмек оқиға болған жерде дұрыс көрсетілген болса, онда еш нәрсені қайтадан істеудің қажеті жоқ, науқасты арнаулы емдеу мекемесіне апару қажет.Жәрдем көрсетілмеген немесе дұрыс істелмеген жағдайда, жара бар жерді кең ашып, жараның шетіндегі жүнді қыру және шеттеріне йод жағу, сырттан түскен денелерді алып тастау, жгутты қайталап салу және асептикалық таңғыш қойылуы қажет. Кейін науқасқа сіреспеге қарсы сары су жіберу, оны арнаулы емдеу мекемесіне жөнелту керек.
Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:
Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;
2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;
3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);
4. Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, тұрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын зақымдар);