Жас кезеңі
|
Дағдарыс
|
Сипаттама
|
Қиял мен елес
|
Нәресте кезеңі (2ай-1жас)
|
Жаңа туу кризисі
|
Ана мен бала ажырауы, шарттсыз рефлекстердің іске аспауы, тамақтану,қорғаныс рефлекстері, бала алғаш дүниеге келгендегі жылауы.Жаңа ортаға бейімделуі яғни жарық, темперетура,дем алу.Денесі қысылғанда немнсе ауырғанда жылауы.
|
Жаңа туған нәрестеде қиял мен елестету болмайды.
|
Балбөбек кезеңі (1-3жас)
|
1 жас кризисі
|
Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінің шығуына байланысты,бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктері. Сәби тілегін орындамай қойғанда ашу ызаға ерік беруі,жата қалып үздіксіз жылауы, еденді текпілеуі. Бала бойындағы мен мендік көрінісі, кежірлік белгісі.
|
Қиялдың алғашқы көрінуі 1 жастан асқан кезде байқалады.2 жасар бала ертегі не әңгіме тыңдап отырып жылап жібереді.Бұл факті жас баланың басында ес елесінің және қиял елесінің туа бастағанын көрсетеді.Бала қиялының мазмұны бастапқы кезде жұтаң әрі ырықсыз түрде болады.Дамудың бұл кезеңіндегі өзгешелік-балалардың ойын әрекетінде шығармашылық қиялдың элементтері туа бастайды.Мұндай қиял олардың сюжеттік ойындарынан айқын аңғарылады.
|
Сәбилік және мектепке дейінгі кезең(3-7жас)
|
3 жас кризисі
|
Жағымсыз қылықтары: тіл алмауы, қарсыласуы, өз ойындағысын жасағысы келуі.
Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі-қырсығу.Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу қажет.Бала бір нәрсенің орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Үшінші сәт-баланың қыңырлық кезеңі.Тәрбиеде қырсықтық 3 жастағы бала бойындағы негізгі белгі.
Төртінші ерекшелік-өзіндік ерік немесе өімшілдік мінез. Енді бала бәрін өзі істегісі келеді. 3 жастағы баланың дағдарыстық кезеңі мінезіндегі дөрекілік арқылы көзге түседі.
|
Қиялдың алғашқы көріністері 3 жасар бөбектерде байқалады.Мұны бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан,ертегідегі оқиғаны шын көріп бар ынтасымен берілуін көреміз.Бір қарағанға жас бала қиялға өте бай сияқты,бірақ ондағы образдар шындықтан алыс жатады.Себебі бала санасында кез келген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да,бұдан керемет қиял көріністері құралады.
|
Мектеп жасы(7-13жас)
|
7 жас кризисі
|
Баланың ақыл ойының өсуіне орай тәрбиесіде қиынай түседі.Өтпелі кезеңді басынан өткізеді.Бала бойы тез өсіп,едәуір өзгерістер болады. Жүріс тұрысы өзгереді.Мінезінде ойланбай істейтін жасанды қылықтар пайда болады: ұшқалақ,қалжыңбас.Өз көңіл күйін біліп, өзінің күй жағдайын бағдарлай алады, әсерлену сезімін ұға алады. Сәтсіздікке ұшыраса реніш білдіріп,ұнамсыз қылықтар көрсе сырт айналады.
|
Баланың негізгі әрекеті ойын-бала қиялын дамытуда ерекше орын алады.Ойын үстінде оның шығармашылық талабына кең жол ашылады.Бала ылғи да бір нәрсені жасау,құрастыруға әрекет жасайды.Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді.Қиял мен есте болатын барлық образдар қаншама таңғажайып болып көрінгенімен, баланың өмірден көрген білгеніне негізделеді.
|
Жасөспірімдік кезең (13-18жас)
|
17 жас кризис
|
Дағдарыс мәні эго-ұқсастық пен ұқсастықтың алмасуының арасында таңдау жасауда анықталады.Қауырт соматикалық даму мен жыныстық жетілу болады.Жасөспірім денесінде түбегейлі өзгеріс болады. Мен бейнесінің жаңа үлгісі қалыптасады. Өмірлік таңдауын жасау қажеттілігі туындайды. Бойы мен салмағы өсіп,гормондар бөліне бастайды.Өз бет әлпетіне деген қызығушылық;тәуелсіздікпен еркіндікке ұмтылу; топтасу; жалғызсырау;кесіп айтту; қаталдық секілді физиологиялық психологиялық өзгерісттер.
|
Мектеп-бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады.Мұндағы оқытылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес.Мысалы:мұғалім табиғатты немесе қандайда болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде арнаулы тәсілдер арқылы оқушылардың қиялын оятады.Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді уөз алдына елестеткендей,қолымен ұстағандай,құлағымен естігендей күйге түседі.Көркем әдебиет шығармаларын талдағанда,тарих сабағындағы әңгімелерде,оқушылардың түрлі ойындарында қиял процесі әр қырынан көрініп отырады.
|
Жастық шақ (18-25 жас)
|
20 жас кризис
|
Әлеуметтік психологиялық дағдарыс кезеңі.Дағдарыстың мәні интимділік пен оқшауланудың арасында таңдау жасауда анықталады.Эго-ұқсастықтың қалыптасуы Меннің даралығын,бірегейлігін қайталанбастығын сезінуге ұласады.Нәтижесінде адамды оның өзін қоғамның қабылдау-қабылдамауына байланысты үрей сезімі билей бастайды. Дағдарыстың келесі сипаты жыныстық әуестіктер қуатының артуынан,жанына жақын адамды іздеу, тұрақты қарым-қатынас орнату,отбасын құру қажеттілгі тууына байланысты.
|
Қиял еңбек процесінде іс-әрекет үстінде дамып отырады.Мұндағы шарттар:саналы мақсат,болашақты болжай білу,оны өңдеп елестете білу. Қиял мен елестету болашақ туралы балалық армандарын ниеттерін практикалық іс-әркетте жүзеге асыруға ұмтылдырады.Қиял танымдық тапсырмаларды шешуде ойлаумен бірігеді.
|
Ересектік кемелдену (26-64жас)
|
40жас кризис
|
Әлеуметтік-психологиялық дағдарыс тоқырау мен өнімділіктің арасында таңдау жасауға байланысты.Тұлға бұл кезеңде әлемде,еңбек ұжымында,отбасында орын алған барлық жағдайға жауапкершілік сезінеді. Дағдарыс мәні сол жауапкершілікті қабылдауда немесе одан бас тартуда.Қамқорлық шеңберінің кеңеюі болашақ дамудың кепілі.Жауапкершілікті ала алмаған тұлға өз күш қуатын жеке басының мұқтаждығына бағыттап, дағдарыс орын алып өмірінің мәнін жоғалтады, шарасыздық сезімі туындайды.
|
Ересек адамдар қиялы олардың өмір сүрген ортасы мен тіршілік тәжірибелік нәтижелеріне орай дамып отырады.Әр алуан ғылыми жетістектер,техника мен өнердегі орасан зор табыстар,өндіріс пен ауыл шаруашылығындағы жаңалықтар мұның бәрі-ырықты қиялдың жетістіктері.
|