Жүрек (cor) — қуысты конустәрізді бұлшықетті мүше, салмағы 250-350 г, көкірекаралығында төстің артқы жағында ассиметриялы орналасқан. Жүрек ұшы (apex cordis) төмен, алға және сол жаққа қараған V қабырғааралыққа жетеді, жүректің негізі (basis cordis) жоғары, артқа және оң жаққа қарай орналасқан, сондықтан оның 2/ 3 бөлігі сол жақ кеуде қуысында орналасады. Жүректің алдыңғы және төс-қабырғалық беті (fades sternocostalis) дөңестеу келген, төстің денесі мен қабырғалар шеміршектерінің артында орналасқан, жүректің төменгі немесе көкеттік беті (facies diaphragmatica) көкетке жанасып жатады. Жүректің бүйір беттері өкпеге бағытталған.
Әдебиеттер
Қалыпты физиология Редаксиясын басқарған РМҒА академигіК.В. Судаков,қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы профессор Ф.А.Миндубаева,«ГЭОТАР-Медиа», 2019
2. Сәтбаева Х.Қ., Утепбергенов А.А., Нильдилбаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). - Алматы. Издательство «Дәуір», 2005. - 663 бет.