Санақжүйесі механикада материалдық денелер мен нүктелердің қозғалысын (немесе тепе-теңдігін) салыстырып зерттеуге арналған бір не бірнеше денелерге орналасқан координаттар жүйесі мен сағаттар жиынтығы; әртүрлі уақытта қозғалыстағы денелердің (немесе механикалық жүйенің) салыстырмалы орнын анықтайтын нақты немесе шартты алынған қатты дене.[1]
Қозғалыстың барлығы салыстырмалы, сондықтан кез келген дененің қозғалысын басқа денелерге қатысты салыстырмалы түрде қарастырады. Мыс., айдың қозғалысы Жермен, Күнмен немесе басқа жұлдыздармен салыстырылады. Таңдап алынған Санақ жүйесімен салыстырғандағы дененің қозғалысы осы жүйедегі дене орнын анықтайтын координаттардың уақыт бойынша өзгерісін білдіретін теңдеулермен өрнектеледі. Кинемат. зерттеулерде барлық Санақ жүйесінің атқаратын рөлі бірдей, ал динамика мәселелерінде (бірқалыпты, түзу сызықты қозғалатын немесе тыныштық күйдегі денелерде орналасқан, яғни инерция заңы орындалатын Санақ жүйесі) инерц. Санақ жүйесі басты рөл атқарады. Оларға қатысты қолданылатын қозғалыстың дифф. теңдеулерінің түрі қарапайым болып келеді.[2]
Жерге бекітілген санақ жүйесі - бас нүктесі жердің кез келген нүктесіне бекітілген декарттық координатапар жүйесі. Техникалық есептерді шешуге пайдаланады.
Жылдамдық, механикада – нүкте қозғалысының негізгі кинематикалық сипаттамаларының бірі: = =dr/dt (мұндағы r – нүктенің радиус векторы, t – уақыт) теңдігімен анықталатын векторлық шама; физикалық шама өзгерісінін осы өзгеріс өткен уақыт аралығына қатынасымен анықталатын, осы айнымалы шаманың уақыт бойынша өзгеруінің лездігі.
Бірқалыпты қозғалған нүктенің жылдамдығы (), сан жағынан, нүктенің жүрген жолының (s) сол жолды жүруге кеткен уақыт аралығына (t) қатысына тең: = s/t, жалпы жағдайда: =ds/dt. Ж. векторы нүкте траекториясына жанама бойымен бағытталады. Егер нүкте қозғалысы x, y, z декарттық координаттарға байланысты тәуелділікті өрнектейтін теңдеулермен берілсе, онда: , мұндағы x= dx/dt, y= dy/dt, z= dz/dt, ал Ж. векторының координат осьтерімен жасайтын бұрыштарының косинустары сәйкес түрде мынаған тең: x/, y/, z/. Жылдамдықтың өлшемділігі: м/с . Жылдамдықты, әдетте, м/с-пен (бірліктердің халықаралық жүйесінде), кейде км/сағ-пен өлшейді.[2]
Аталым
|
Жылдамдық
|
Таңба
|
= s/t {\displaystyle {\vec {v}}={\frac {\mathrm {d} {\vec {r}}}{\mathrm {d} t}}}
|
Өлшем бірлігі
|
м/с
|
Достарыңызбен бөлісу: |