Гликопротеидтер алмасуының бұзылуы. Гликопротеидтерге муцин мен мукоидтар кіреді, оларды шырышты және шырышқа ұқсас заттар деп атайды. Көптеген патологиялық жағдайларда тін-дер мен жасушаларда шырыш істеп шығару процесі бұзылады. Ас-қазан қабынғанда, оның шырышты қабатындағы бездерінің тітір-кенуі нәтижесінде секреция процесі күшейіп асқазанныңішкі қаба-тын шырышты зат жауып жатады (гиперсекреция). Егер шырышты заттар тиісті мөлшерден кем пайда болса, олар ылғалдап тұрған шырышты қабықтар құрғап қалады (гипосекреция).