Жаттығу «Қара жорға». 5. Түскі ас мәзірі.
1.Ет,құс еті,балық.
2.Көкөністер,жемістер.
3.Картоп.
4.Сүт.
Пайдасы:Түскі аста орташа тамақтану керек.Көкөністер мен жемістер салаты, еттен не балықтан 1-ші және 2-ші ыстық тағамдар,шырындар ішкен жөн. Сүт тағамдарында, етте, балықта кездесетін дәрумендер адам ағзасына өте қажет. Сондықтан да үнемі құрамында ағзаларға қажет дәрумендері бар тамақтарды жеп жүргеніңіз абзал.
6.Сөзжұмбақ шешу. «Денсаулық,бақыт,байлық».
Ата-аналарға жағдаяттар.
1-жағдаят.Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады»деді.Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол «Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз»деді.
-Сіздер не деп айтқан болар едіңіздер?
2-жағдаят. Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты.Анасы баласының бұл ісіне кейіп, «Денсаулығыңды бұзасың ғой.Отырып,дұрыс тамақ ішсең қайтер еді?» деп кейіді.Самат анасына «Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?» деп жүре тың дады.
.-Қалай ойлайсыз,Саматтың айтқаны дұрыс па? Сіз балаңызды қалай тамақтандырасыз?
3-жағдаят. Асылан енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды.Бірақ ол неден бастарын білмей,дал болды.Ойлана келіп,өзінің күн кестесін құрудан бастады. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.
-Асыланның ойы дұрыс па? Сіз Асыланның анасы болсаңыз күн кестесін қалай құруға көмектесер едіңіз?
-Сөзжұмбақтар шешуін тыңдау.Денсаулығы мықты адам бақытқа ,байлыққа да кенеледі деп қорытындылау.
7.Үйге келу.Компьютердің пайдасы,зияны туралы айту.
Зияны:ұзақ уақыт отыру мойын,бастың,қолдың,иық бұлшық еттеріне күш түсіп,осыдан омыртқаға артық жүктеме сколиоз пайда болады.Көздің көрүін нашарлатады.Көзден 60-80см қашықтықта болу керек.
Пайдасы:1.Байланысқа кіру.
2.Кеңінен жайылу.
3.Қатысу.
4.Байланыс жеңілдігі.
5.Тасымалдау ісінің жеңілдігі.