Мақсаты: Балалардың үлкен - кіші, көп - аз туралы ұғымдарын қалыптастыру. Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып күнделікті өмірде қолдана білуге және бір - бірін аттарымен атай білуге үйрету.
Міндеті:
Білімділік: Біреу және көпке түсінік беру, ажырата білу.
Балалар бізге бүгін Таным елінен бір-бірімен айнымайтын түрлері бірдей ағайынды қуыршақтар қонаққа келіпті. Олардың ұқсастығы сондай, ажырату қиын. Бірақ жас ерекшеліктері әр түрлі.
Қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен бойлары бірдей ма?
Ең үлкен қуыршақты кім көрсетеді, аты кім? (Айнур)
Жарайсыңдар балалар!
Қуыршақтарымыз бізге бос келмепті, жолда келе жатып алма теріпті. Міне, қараңдаршы қандай әдемі алмалар.
- Алмалардың түстері бірдей ма? (жоқ)
- Түстері қандай? (Сары, қызыл)
- Қандай алма үлкен? (Қызыл)
- Ал қандай алма кіші? (Сары)
- Алмалардың қайсысы көп, қайсысы аз? ( сары көп, қызыл аз)
Дұрыс айтасыңдар сары алмалар көп екен, ал қызыл алмалар үлкен болғанымен аз екен.
Ал енді балалар қуыршақтарға көмек көрсетейік әрқайсысына өз алмаларын тауып берейік.
Балалар, қараңдаршы қуыршақтардың алмасы дұрыс табылды ма?
– Өте жақсы.
Балалар құыршақтар бізге қонаққа келген кезде оларда өздерімен бірге сумке болды, қазір олар сумкелерді дұрыс ұстап тұрған жоқ. Қане балалар қуыршақтарға көмектесейікші.
Сергіту сәтті:
Капитан краб
Дидактикалық ойын:
«Қуыршақтың бантигін тап!»
Шарты: Қуыршақтың түсіне, пішініне қарап бантигін тауып қой.