Қазақтың кәсіби театр өнерінің қайнар көзі халық шығармашылығына (әнші, ақындар айтысы мен шешендік өнерге), ежелден келе жатқан әдет-ғұрып пен тұрмыс-салтқа (беташар,бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауық (алтыбақан, қызойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) пен Алдар Көсе, т.б. секілді күлдіргі қулар өнеріне саяды. Қазақ халқының қоғамдық ортасында туған, қиыннан қисын табар тапқыр, ой-қиялы жүйрік, ділмар адамның жиынтық бейнесі болып, аты аңызға айналған Алдар Көсе, Жиренше шешен, Қожанасыр мен Тазша бала есіміне байланысты күлдіргі әңгімелер ел арасында ертеден белгілі. Ал Айдарбек, Битан-Шитан, Зәрубай, Күндебай, Қантай-Тонтай, Мауқай, Текебай, Торсықбай, т.б. белгілі халық қуларының өнері туралы кезінде Ш.Хұсайынов пен Қ.Қуанышбаев (“Шаншарлар”), Ж.Шанин (“Айдарбек”, “Торсықбай”), т.б. драматургтар пьесалар жазды.
27 НАУРЫЗ – БҮКІЛӘЛЕМДІК ТЕАТР КҮНІ
Бүкіләлемдік театр күні 1961 жылы Халықаралық театр институтының ІХ конгресінде белгіленді.
«Театр» – көне грек сөзі. Ана тілімізге аударсақ, «көретін орын» деген қарапайым мағына береді.
Сахналық қойылым жайлы ең көне дерек біздің дәуірімізге дейінгі 2500 жылы қағазға түсіпті. Оқиға орны – Ежелгі Мысыр. Қойылымда Осирис құдайдың тарихы баяндалған.Десек те, театр жеке дара өнер, өнер ордасы болып Ежелгі Грекияда қалыптасты. Сахналық өнердің комедия және трагедия жанрлары да сол дәуірден бастау алады. Эллада елінің әртістері қолданған маскалар театр символына айналды.
Әлемдегі танымал театрлар
Ковент Гарден - Ұлыбританияның ұлы сахнасы
Достарыңызбен бөлісу: |