Орындаған: Келжанова П Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті Тексерген: Кошекова А.А
Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар (б.з.б. VII-6.3.IV ғ.ғ.)
— Қазіргі Қазақстан жерінде біздің заманымызға дейінгі VII ғасырлардан заманымыздағы IV ғасырлар арасында сақ, ғұн, үйсін тайпалары өмір сүрген.
— Тілі — түркі тілі, жазуы — түркі жазуы болғандығы жөніндегі бұлтартпас деректер бар. («Сақа», «сақы», «сақпан», «қарсақ», «сақсыну», т.б. сөздердегі «сақ» түбірінің сақталуы). (ғұн, үйсін тайпаларының өмір тіршілігі жайында қытайлықтар Сыма-Цянның «Жылнама», Бань-Гудың «Ханнама» кітаптарында жазылған). Сақтардың б.з.дейінгі дәуірлерде-ақ 26 әріптен тұратын өз жазуы болған. Оның дәлелі ретінде Алматы маңындағы Есіктен табылған Алтын адамның жанындағы күміс тостағандағы жазуларды айтуға болады. Жазу бар жерде мәдениет, әдебиет дамитыны анық.
Геродоттың «Тарих» кітабында жазылып қалған скиф-сақ дәуіріндегі аңыздардың бірі – Тарғытай. Тарғытай біздің заманымыздан 1500 жыл бұрын өмір сүрген, скиф-сақтың көсемі.(Тарғытай бабаның әкесі – Көк тәңірі, шешесі –су перісі, оның үш ұлы: Арпоқсай, Ылпоқсай, Қолоқсай (қол–әскер, оқ–ел, сай–патша деген ұғымды білдіреді). Осы үш ұлдан скифтер тарайды. Шаңырақты кіші ұл иелену дәстүрінің түпкі көрінісі. Осы аңыздың қазақта жұмбақ түрінде айтылуы (түрен, балта, мойынтұрық, шөмішті тұспалдау). Тарғытай сақтардың кейінгі ұрпақтарының есінде Ер Тарғын атымен есте сақталған. Скифтер тайқазан жасап, оған жылқы етін асып, аталарына ас берген. Бие сауып, қымыз ашыту дәстүрі де бүгінгі қазақтарда бар дәстүр.
Алып-Ер Тұңға (Тоңа) – ежелгі дәуірде өмір сүрген түрік көсемі. Фирдоусидің «Шаһнамасындағы» Афрасияб, «Авестада» Франграсиан болып суреттеледі.. Ол қайтыс болғанда, артында қалған елі жоқтау шығарған. Бұл жоқтау — ежелгі түркі әдебиеті мен фольклорының алғашқы нұсқаларының бірі. Ол М. Қашқари «Сөздігінде» (XI ғ.) берілген.
Батырға арнаған елінің жоқтауы бар. Алып ЕрТұңғаның түріктерді жау табанына салдырмаған аяулы ұлы болғандығын көрсетеді.
Тұмар патшайым(б.д.д VІ ғасырдағы аталарымыздың мекені ұлы сақ даласын Тұмар атты әйел патшасы билепті. (ұлы сақ даласының билеушісі) Тұмар «Қобыланды батыр» жырындағы Қарлыға сияқты, көрікті де ақылды болған. Сол кезде парсының патшасы Кирдің көзі сақ даласына ауыз түседі. Жаулап алмақ болған Кир патшаның жансыз басына жиіркене қарап тұрып: «Аңсағаны» қан еді, іш енді соның, — деп қан толтырған сабаға тығып, өзенге лақтыруы.
Ел тағдыры үшін жанын қиған Ширақ батыр (б.з.бұрын VІ ғасыр) Кирдің орнына келген Дарий патшадан елін аман сақтап қалады.. Өз бақытынан ел бақытын артық санаған Зарина сұлу (сақ патшаймы Зарина сұлу б.з б. дейінгі V ғасыр). Мадия патшасының баласы Мадия патшасының баласы, Ханзаданың ұнатуы. Күйеуі Мөрмөрдің Ханзаданың қолынан қаза табуы. Бұнда да елінің еркіндігін, бақытын бірінші орынға қояды. Тұмар мен Зарина үлгісінің Қарлыға, Гүлбаршын, Гүләйім бейнелерінде сақталуы.
Көшпелі сақтардың ұлы, әйгілі шешен Анақарыс (Анахарсис).
Ғұн билеушісі Мөде (Мөте, Боғда) ерліктері жайлы аңыздар. Ғұндардың Мөде деген батыр ханы болған(б.з.б 209-174-жыл). Жер елдің байлығы. Өз байлығымды берсем де ел байлығын бере алмаймын деп қытайлармен соғысып, тас талқан етеді. Ғұндардың жаңа туған айға, күнге табыныуы қазақтарда да бар.
Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет (V-VIII ғ.ғ.)
Бұмын қағанның (Елхан) түрік тайпаларының басын қосып, Түрк қағанатын құрған. Бұмынның мұрагерлері Мұқан қаған мен Естемі. Елтеріс қағанның түріктерді тауғаштардан азат етуі. Күлтегін мен Білге қаған, Тоныкөктің тұсындағы Түрк қағанаты.
Түркілердің киетегі (төтемі) — «Көк бөрі» аңыздары. Есіктен табылған заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар мен жазба деректер. Алтын адамның жанындағы тостағандағы жазу. «Аға, саңа очуқ! Без чөк! Бүкүн ічре азұқ» — сөздерінің мағынасы мен мәні. Ондағы көркемдік ойлаудың көріністері.
Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең байтақ даласын алғашқы қауымдық құрылыс кезінде – ақ аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысатын түрлі тайпалар мекен етті.
Біздің заманымыздан бұрынғы 1мың жылдықтың бас кезінде қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік, шығыс аймақтарын тарихта сақтар деген атпен белгілі тайпалар мекен етті. Оған дәлел соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің киімі, “Алтын обадан” (Шымкент облысы) шыққан әшекей – сәндік бұйымдар. Таңбалы тас (Қаратау) пен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойылып салынған суреттер.
Сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы тайпалық бірлестіктер – үйсіндер мен қаңлылар. Олар Шу, Талас өзендері мен Қаратау өңірі және Сырдарияның орта саласын мекен етті.
Қазіргі Қазақстан территориясында еуропалықтарға “ғұндар” деген атпен мәлім көшпелі тайпалар бірлестігінің ықпалы да күшті болды.
Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте – бірте тайпалық одақтар бірігіп, феодалдық мемлекеттер пайда болды. Осындай ежелгі феодалдық мемлекеттің бірі – Түрік қағандығы (552 – 745 жылдар).
“Түрік” деген терминнің этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата – тегі шонжар тұқымынан шыққанын білдірсе, кейін бұл сөздің семантикасы ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші тайпаның символына айналған.
Түріктер Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекен етті. Алғашқы көсемдердің бірі Бумын қаған болды. Қағандықтың ордасы Орхон өзенінің (Монғолия) жоғарғы сағасында еді.
Түрік қағанды іштей жауласып екі қағандыққа бөлініп кетеді : бірі – Шығыс түрік қағандығы (Орталық Азия), екіншісі – Батыс түрік қағандығы (Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан).
Батыс түрік қағанатының негізін қалаған Істемі қаған болды.
Батыс түрік қағанатынан кейін Жетісу өңірінде, Түркеш қағанаты (704 – 766 ж), кейін Қарлұқ қағанаты (766 – 940 ж) өмірге келді.
Батыс Қазақстан жерінде түркі халақтарының арғы аталарының бірі – оғыз тайпалары бірлестігі – Оғыз мемлекеті (IX – XI ғ) ғұмыр кешті. Астанасы Сыр бойындағы Янгикент қаласы еді.
Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемлекеті – Қарахан мемлекеті 940 – 1212 жылдар арасында билік жүргізді. Астанасы – Баласағұн қаласы еді.
Батыс түрік қағанаты ыдырай бастаған кезде олардан қалмақтар мен қыпшақтардың арғы аталарының бірі саналатын қыпшақтар бөлініп шықты. Оларды Еуропада – кумандар, ал Россияда – половецтер деп атаған.
Қазақстан территориясын VI – XI ғасырларда мекен еткен ежелгі түрік тайпаларының өзіндік материалдық және рухани мәдениеті болғандығын археологиялық зерттеулер анықтап отыр.
Мәселен, “Ұлы Жібек жолының” бойындағы Суяб, Тараз қалалары, сондай – ақ ірі мәдени орталықтың бірі – Отырар қаласы және Испиджап, Сығанақ, Қойлық, Құмкент, Баба – Ата, Созақ т.б. қалалар. Отырар қаласын ерте дәуірде Тарбан, кейін арабтар Фараб деп атаған.
Қалалардың өсуімен қатар сәулетшілік, қолөнер, архитектура өнері жақсы дамыған. Оған Тараз маңындағы Бабаша – хатун (X ғасыр) және XI – XII ғасырларда салынған Айша – бибі мавзолейлері дәлел.
Қазақстанның қалаларын мекен еткен тайпалардың тілі мен жазуына келсек : сақтардың солтүстік тобы – Түркі тілдес, ал оңтүстік тобы иран тілдес болған. Үйсіндер мен қаңлылар да түркі тілінде сөйлеген.
Батыс түрік қағанатында түрлі диалектідегі көне түрік тілдерімен қатар соғды тілі мен жазуы да болған. Түріктер алфавит үлгісін осы соғдылардан үйренсе керек деген де пікір бар.
Түрік қағанатының көне түрік таңбаларына, яғни ру символдарына сәйкес өз жазуы болды. Бұл жазу геометриялық пішіндегі 38 таңбадан тұрады. Осы көне түрік жазуы тіл тарихында “Руна” жазуы деп аталып кетті. Скандинавия халықтарының тілінде “рунь” деген сөз – “құпия”, “сыры ашылмаған” деген ұғымды білдіреді. Өйткені XVIII ғасырлардың 20 — жылдарында Орхон – Енисей аңғарынан табылған көне түрік жазуын көпке дейін ешкім оқи алмады. Бұл жазудың сырын Дания ғалымы В. Томсен 1893 жылы ашты.
Шығыс Түркістан шаһарларында IX ғасырдан бастан көне ұйғыр жазуы пайда болды.
Көне түріктердің ай календары, жыл қайыру жүйесі болған.
Ежелгі түріктер негізінен қос күшке – Көкке және жерге сыйынған. Сонымен бірге түріктер табынатын үшінші күш – үйдегі отбасы, бала – шағаны қорғаушы әйел тәңірісі — Ұмай.