Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы Қабылдаған: Базарбаев Қанат Орындаған



бет2/5
Дата06.12.2022
өлшемі47,22 Kb.
#55296
1   2   3   4   5
Байланысты:
мемлекет тарих

Негізгі бөлім
Ұлы Жібек жолының дамуы мен тарихы
Б.з.дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңірініңдегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғары Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген аргипейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастаған еді. Осынау жолмен жібек, ұлпандар мен терілер, иран кілемдері, асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын.Қымбат бағалы жібек түрлерін таратуға сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары да қатысқан, осылардың дәнекерлік демеуі арқасында сол кез үшін таңсық болған бұл тауар орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жетті.
Б.з.дейінгі ІІ ғасырдың орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды.ХІ-ХІІ ғасырларда Қытайдан шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа қарай өтетін жол бәрінен де жанданып кетеді. Жолжың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол VII ғасырда ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болған еді, үшіншіден, аса бай түрік қағандары мен олардың айналасындағы аса көп тұтынатындар қатарынан саналатын.
VII-XIV ғасырларда елшілік сауда керуендерінің дені Жібек жолымени жүретін. Сан ғасырлар бойы тынымсыз өзгеріп отырған, оның бір учаскілері айрықша маңыз алып, көрекйіп жатса, екінші бір учаскілері жабылып, ондағы қалалар мен сауда бекеттері қаңырап бос қалған. Мәселен, VI-VIII ғғ. Негізгі күре жол Сирия-Иран-Орта Азия-Оңтүстік Қазақстан-Талас алқабы Шу алқабы-Ыссық көл шұңқыры-Шығыс Түркістан болған. Осынау жолдың бір тармағы, дәлірке айтсақ, тағы бір тармағы Византиядан шығып, Дербент арқылы Каспий өңірі даласына-Маңғыстау-Арал өңірінен өтіп, Оңтүстік Қазақстанға жеткен. Бұл жол сасанилар Иранына қарсы, Батыс Түрік қағанаты мен Византия арасында сауда-елшілік одағы жасалған кезде, Иранды айналып өтетін болған. ІХ-ХІІ ғғ. Жолдың бұл желісі, Орта Азия мен Таяу Шығыс арқылы Кіш Азия мен Сирияға, Мысыр мен Византияға баратын холға қарағанда, едәуір аз пайдаланылған, ал ХІІІ-ХІV ғғ. қайтадан жанданады. Құрлықтағы саяси хал-ақуал елшілер мен саудагерлердің және басқа да саяхат-серуенде жүрген адамдардың қай жолды таңдап алатынын анықтап отырған.
VI ғасыр екінші жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан, Кореядан Қара теңізег дейін созылып жатқан орасан зор көшпелі империя Түрік қағанатының құрамына енеді. VI ғасырдың соңғы кезеңінде Ұлы Жібек жолының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды қамтитын учаскесі өзгеше жанданып, осы аймақтың қалалық мәдениетін өркендетуге көп көмегін тигіеді. Жетісуда ол бірқатар қалалық ортаоықтардың тууына әсер етсе, Қазақстаннның оңтүстігінде қалалардың тез көркеюіне себепші болады. Орта Азия арқылы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға келген сауда жолы ХІV ғасырға дейін, қашан ішкі қырқыстар мен соғыстар қала мәдениетін аздырып-тоздырғанға дейін, Қытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұлдызы сөнгенге дейін жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет