Тақырыбы: “Ұлттың мәдени қодын сақтаудағы қазақ тілі мен қазақ мәдениетінің рөлі”


Қазақстандық мәдениеттің мәні мен мазмұны



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата10.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#136323
1   2   3   4
Байланысты:
Ұлттық мәдени кодтты сақтау

Қазақстандық мәдениеттің мәні мен мазмұны
Қазақ мәдениетінің тарихы, оның рухани болмысы, бүгінгі мәдени ахуалдағы 
қарама-қайшылықтар және оның болашағы қай кезде болмасын қоғам назарынан тыс 
қалмады. Ұлттық мәдениетімізді танып, білуге, оны бағалауға қазақтың біртуар 
тұлғалары - Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, Ж. 
Аймауытов, М. Жұмабаев қалдырған ой-пікірлер тұжырымдамалық негіз болса, М. 
Әуезов, Е. Бекмаханов, М. Ғабдуллин, С. Қасқабасов, Ә. Марғұлан, Б. 
Қазыханова, Б. Байжігітов, Н. Сәрсенбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде 
одан әрі дамытылды. Сан ғасырлар бойы ұлттық болмысымызға ықпал еткен 
отаршылдық пен тоталитарлық саясат мәдени мешеулікке алып келді. Өткен 
ғасырларда өмір сүрген даналарымыз өз еңбектерінде халықты рухани-
адамгершілікке бағдарлаған. Әл-Фараби замандастарына қайырымды, ізгілікті 
қаланың қажеттілігін айтса, Жүсіп Баласағұн қоғамда әрбір адамның әділетті 
болуын көксеген, Абай қазақ баласына Адам бол! деп нақты кеңесін берді, ал 
дана Шәкәрім әлеуметтік болмыстың, адам өмірінің түп қазығы ар- ұятта, 
ұжданда деп білген. Осылардың барлығы түптеп келгенде еркіндікті сүйетін, 
еркін ойлайтын тұлғаны қалыптастырады. Қазақ халқының мәдениетін осы 
сипаттары ерекшелеп, еліміздің әлемдік кеңістіктегі орнын анықтап отыр.


Тәуелсіздік алғаннан бері уақыт аралығында қазақ халқының қоғамдық санасындағы түбегейлі 
өзгерістер тағдыр тәлкегімен ұмытыла бастаған ұлттық салт-дәстүрлерімізді және төл 
мәдениетімізді жаңғыртты.
Еліміздің алдында мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылуы тиіс жаңа міндеттер тұр: ұлттық 
мәдениет негізін құрайтын құндылықтарды қайтару; ұлттық тіл мен дәстүрді қайта жаңғырту; тарихи 
шындықты қалпына келтіру; тарихи сананы қалыптастыру арқылы мәңгүрттік жағдайдан арылу; қазақ 
халқының асыл мұрасын барша халық, әсіресе еліміздің ертеңі - жас ұрпақ меңгеру және т.б. Осы 
міндеттерді шешу арқылы бәсекелестікке төтеп бере алатын, ұлттық намысы мен жігері бар, ұлттық 
құндылықтарға бай қазақ мәдениетін барша жұртшылыққа таныта аламыз. Қазақ халқының дәстүрлі 
мәдениеті кеңес дәуірі тұсында тоталитарлық режимнің қысымымен мазмұны пролетарлық, түрі ұлттық 
социалистік мәдениет деген ұранмен мәдени геноцидті бастан кешірді. Оның салдары ұлттық сананың 
маргиналдануына әкелді. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 90-жылдардың 
алғашқы жартысында халқымыздың ұлттық дәстүрлерін қайта жаңғырту барысында бұқаралық сипатта 
көптеген іс-шаралар атқарылды. Ал соңғы жылдарда нарықтық экономиканың өмірге терең енуі мен 
батыстық өркениеттің жемісі - бұқаралық мәдениеттің жаппай ықпалы мен тегеуріні дәстүрлі 
мәдениеттің дамуына барынша кері әсерін тигізуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет