Тақырыбы: "М. Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары" Орындаған: Шынасылова М. С тексерген : Бижанова М. А алматы 202О



бет2/2
Дата20.09.2022
өлшемі122,32 Kb.
#39664
1   2
Байланысты:
Та ырыбы М. Хайдеггер онтологиясыны негізгі ымдары Орында

«Онтология» термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: онтос – болмыс, логос – ілім. Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин ХҮІІ ғасырдан бастап қолданылады, бірақ оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келеді, соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты.Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік «болудың» сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен «барды», «болуды» түсіндіруден бастайды. Дүниеге келгеннен кейін адамды мынадай сұрақтар мазалайды: Қоршаған орта нені білдіреді? Оның шығу тегі қалай? Әлем мен адам болмысының шеткі түпнегізі не? Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына арқау болған негіздермен байланысты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады. Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік «болудың» сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен «барды», «болуды» түсіндіруден бастайды және бұл ойлаудың негізгі азығы болып табылады.Болмыс материя философияның түбегейлі категориялары болып табылады, өзінің негізінде жалпы реалдылықты, табиғат пен адамның, материалдық әлем мен адамзат рухының біртұтас негізін бейнелейді.
3. Хайдеггердің ойынша, философияның ең басты мәселесі болмысты түсіну. Егер грек антикасы заманында философтар болмысқа жақындау болса, кейінгі замандарда одан ауытқып, мүлде басқа жаққа, жасанды философиялық жүйелер жасау жағына кетіп қалған. Ал философтың бір-ақ қана міндеті бар, ол болмысқа құлақ түру. Болмыс деген сөз болу етістігінен шыққан. Грек философиясына зер сала үңілген Хайдеггер «Дүние неге жоқ емес, бар?» деген сауалдан бастайды. Сөйтіп ол шынайы дүниенің қасиеті жоқ болу емес, бар болу деген түйінге келеді. Алайда бар болудың да түрлі түрлері бар ғой, мақұлық түрі, адамдық түрі, данышпандық үлгілері. Осыған қарап неміс философы бар болу аз дейді, әрбір бар нәрсенің өзінің болмысы болуға тиіс, ол адамның бар тірлігіне мән беретін нәрсе, сөйтіп ол тірлікті бар болу және мәнісі, болмысы бар бар болуға бөледі. Орысша айтқанда, бытие и сущее. Бұлар бір біріне қосылмайды дейді Хайдеггер. Тек хайуанның болмысы ғана жәй барболушылықпен шектеледі, ал адам мән іздеуші, болмысқа көтерілуші тұлға. Өйткені оның өмірі өлімге аяқ басқан өмір, немесе оның өмірі өлімге дайындық. Ал бұл адамды қамсыздықты қойып, қамдануға жетелейді. Орысша бұл термин забота деп айдарылады. Сөйтіп Хайдеггер философияны аспаннан жерге түсіріп, ол тек адамның өмір сүруіне, сол сүрген өмірін өзінің жеке санасымен сезінуіне байланысты дейді. Демек, Гегельдің пайымындағыдай ешқандай Абсолютті Рух жоқ, тек қана болмыстың мәнін түрлі түсінуші жеке адамның жеке санасы бар. Міне, осы жеке адамды Хайдеггер мындағы болмыс дейді. Осылай айтқанда ол бір жағынан болмысты жекелесе, екінші жағынан, жеке адамды жалпы болмысқа, космологияға сіңіріп жібергендей. Бұл тұрғыдан да ол біздің дала ойшылдарымызға жақын. Мысалы, Қорқыт туралы аңызды алсақ, ол Хайдеггердің ойларына тура иллюстрация сияқты. Аңыз бойынша, Қорқыт біраз жыл қамсыз жүреді, тек 40-қа толғасын ғана оған Әзірейлі келіп, оның жақында өлетінін айтады. Содан Қорқыт қамдана бастайды. Дүниенің төрт бұрышына қашады. Бірақ қайда барса да оны Қорқыттың көрі күтіп тұрады. Бұл Хайдеггердің адамның өмірі өлімге дайындық деген қағидасына келеді. Осындай қамсыздануы арқасында Қорқыт, адамның тек рухы ғана мәңгі екенін түсініп, қобызды ойлап табады. Ал қобыз деген өнер ғой, поэзия ғой. Бұл тұрғыда да екі ойшыл бірінің сөзін бірі сөйлегендей. Өйткені Хайдеггер кей тұрғыда поэзияны философиядан биік санаған. Себебі, ақынға болмысқа құлақ түру үшін, философиялық система жасаудың қажеті жоқ, не сезсе, соны жаза салады. Сосын философтар тіл жәй ғана инструмент, мен оны пайдаланам деп ойлайды, ал ақын өз-өзін тіл құралы ретінде сезінуге тиіс Хайдеггердің ойынша. Неміс ойшылының тіл туралы ілімі мүлде бөлек. Хайдеггер тілді лингвистикалық немесе тарихи құрылым деп ұғынбайды; оның ойынша тіл онтологиялық статусқа ие, демек, ол өзі жатқан бір болмыс, өйткені тіл болмыспен тығыз байланыста, сөз о бастан болмысқа тән нәрсе. Болмыс тек тілдің ғана тұзағына түседі, болмаса оны ұстау, немесе елестету мүлде мүмкін емес, ол тек тіл арқылы ғана көрініс береді. Міне, сондықтан ғана Хайдеггер тілді болмыстың үйі дейді. Тіл болмыс өзін қауіпсіздікте сезінетін кеңістік, тіл ең жақын арадағы нәрсе. Ол өз-өзін басқаратын нәрсе. Тіл субъект - объектке бөлінген адам орнатқан заңдылық емес. Тіл өзіндік әлемі бар дербес күш, адам тілде сөйлемейді, тілдің өзі сөйлейді.
"Болмыс (немісше Sein, ағылшынша Being)- болушының (Beings) болуы." Болмыс сөзі "бар болу", "өмір сүру", "ғұмыр кешу", "шын болу" секілді мағыналарды беретін ең жалпылық философиялық категория есептеледі.
«Болмыс және уақыт» кітабының бірінші бетінде Мартин Хайдеггер өзінің жазушылық жоспарын ұсынады: "нақты әрі нәзік түрде болмыс мәселесін айқындау – міне осы бұл кітаптың жазылу мақсаты." Хайдеггердің ойынша, дәстүрлі онтология бұл мәселеде шындықты шатастырған, тіпті олар бұл шатасуға назар аудармауға тырысып, болмыс мәселесін жалпылық көріп, "айтпаса да болады" дегендей шетке сыру мәмілесін ұстанған.
Хайдеггер болмысты (Being) тануды нақты болушыны (нәрсе, Beings) танудан айқын ажыратады. Болмыс мәлім болушы секілді нәрсе емес. "Болмыс болушыны болушы етіп белгілейді, әрі осы себепті болушы танылады, түсініледі." Болмысты тану арқылы Хайдеггер нақты заттың болу өлшемі мен алғышартын нақты белгілеуге тырысады.
Егер болмыс түсінілсе, онда болмыстың мәні, немесе болмыс сезінісі (Sinn des Seins) де айқындалады. "Сезініс" сөзін Хайдеггер "зат сол арқылы түсініледі" деп анықтайды. Хайдеггердің ойынша, болмысты сезіну кез келген болушыны, затты сезінуден бұрын болады, мейлі бұл зат, не болушы қалай болса да, қандай үлгіде бар болса да, болмыс алғашқы ұғым дерлік, нақты тұжырымдауға келмейтін, ғылымнан бұрынғы шындық. Сондықтан Хайдеггер фундаменталды онтологияны "түсінуді түсіндіру" ретінде бағалап, ол логика, теория, нақты онтологияның қолданылым толғаныс секілді басқа таным үлгілерінен де алғашқы деп есептеді.
Болмыс арқылы ғана болмысқа тұтасуға болатындықтан, болмысты сұрастыру мәлім бір болмыстың болмысын негіз ету арқылы сұрастырудан дерек береді. Хайдеггердің ойынша, болмысты шынайы тану ерекше болушыны алғышарт етеді. Демек, бұл болмысты танудың әдіснамасы герменевтикалық қайталаным шеңберінен ажырай алмайтынымызды көрсетеді. Яғни, болмысты тану қайталану барысында алға жылжитын әрекет болып, ол методологиялық мағынада феноменологиялық түсіндіруді қайта түсіндіруі тиіс. Хайдеггер бойынша, болмысты танитын болмыс тек адам - Осыболмыс болып, адам болмысы өзі болмыс ретінде болмысты тануға қабілетті, онтологиялық қабатта өмір сүре алатын болмыс болғандықтан, болмысты тану адам болмысын - Осыболмысты тануға бағытталу арқылы орындалуға тиіс.

Қортынды
Болмыс ұмытылған соң, енді оны әңгіме ету үшін оған ой бастайтын жолды тазалау қажет, сонымен қатар, ол жайлы сөйлейтін тілдің де жолын ашқан жөн. Сол себепті, Хайдеггердің тілі аса күрделі. Жеңіл емес, қозғауға, орнын ауыстыруға қиын, ауыр, ұзын сөйлем құрылымдарының ұзақтығы сондай, аяқтап келе жатқана, басы қалай басталғанын ұмытып та қаласың. Хайдеггердің өзі, түсінуге өте ауыр ыңғайсыз тілі жайлы пайымдаудың мүлде өзгеше ұстындары өзінің төл лексикалық құрамын, ана тілін қалыптастырады, деген пікір айтты. Хайдеггердің қолайсыз сөз құрылымдарының қалыптасуына оның осы бағыттағы, ой толғап, пайымдаулар жасаған алғашқы, тұңғыш философ екендігі тікелей әсер етті. Хайдеггердің еңбектерін түсінікті тілге көшіру келер ұрпақтың бір міндеті болуы мүмкін. Бірақ, мәселе мынада, аударма барысында Хайдеггердің ой-таным тереңдігі жоғалып кетпей ме екен күдік бар.


Демек, Хайдеггер Болмысты Уақыт аясында қарастырады. (тіпті, оның басты шығармасы “Болмыс пен Уақыт” деп аталады). Хайдеггер Болмыстың да, Уақыттың да затия немесе затияның (“сущий”) бір түрі еместігін біледі. “Егер Болмыс бар болса, біз оны затия (“сущее’) деп тануға мәжбүрміз әрі оны өзі тәріздес басқа затиялар қатарынан тауып ала аламыз”.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Алтаев Ж., Касабек А. Мұхамбетәлі Қ. Философия тарихы. Алматы, 2000.
2. Әбішев Қ., Әбжанов Т. Философия тарихындағы таным теориясы және метод
проблемасы. Алматы, 1990.
Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. Т. Х. Ғабитов, А. Т.
Құлсариева. Алматы : Раритет 2004.
3. Нысанбаев Ә,. Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері. Алматы, 1994.
4. Философиялық сөздік. Алматы, 1996.
5. Философия: Электрондық оқулық. Құр. Т. Х. Ғабитов . Алматы: Юрлит, 2004.
6.Хайдеггер М. Бытие и Время. Москва, 1997. Стр.8.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет